Қазіргі кезде қаланың айналасында 7 блокбекет орнатылған. Ол жерде әскерилер, полиция мен дәрігерлер кезекшілік атқарып жүр. Құқық қорғаушылар көліктерді тіркейді. Ал дәрігерлер арнайы құралдармен адамдардың дене қызуын тексеріп жатыр.
Карантиндік аймаққа Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Қосшы, Жібек жолы мен Шұбар ауылдары да кіреді. Ал бақылау-өткізу бекеттері осы елді мекендердің сыртында орналасқан. Сондықтан ауыл тұрғындары қалаға қатынай алады.
Тағы оқыңыз: Алматыда тағы үш тұрғын үй карантинге жабылды
Ресейдің Находка қаласында өрт сөндіруші болып қызмет ететін азаматтың қауіпті жаттығуы көпшіліктің таңданысын тудырды.
Бейнежазбада ресейлік төтенше жағдайлар қызметкері күш пен дәлдікті бір нүктеде түйістіре алу қабілетін көрсетеді. Яғни, тепе-теңдікті сақтау арқылы балтаның жүзіне бар салмағын шебер түсіреді.
Сонымен қатар ол арқасына оттегі бар баллонды да қойып алады.
Оқи отырыңыз: "Спутник V" вакцинасының 2 миллион дозасы Венгрияға жеткізіледі
Осылайша, ер адам балтаның жүзінде тұрып, жерден қолмен көтерілу жаттығуын орындайды.
Sputnik Қазақстан тілшілері полигонда болып, цифрландыру елорданы қардан тазарту жұмысын жақсартуға қалай көмектескенін біліп қайтты.
Енді коммуналдық қызметтер қар тазалаудан жалтара алмайды. Бақылау камераларын орнату қар шығару көлемін және әр жүк көлігі жұмысының тиімділігін бақылауға көмектеседі.
Қар полигоны 2020 жылдың 12 қарашасында ашылды. Үш айдың ішінде мұнда 641 мың тонна қар түсірілді. Бұл былтырғы қысқа қарағанда 87 мыңға аз.
Қазір елорданың сол жағалауындағы қарды тазартумен 30-дан астам мердігер айналысып жатыр. Аудан бойынша қар тазалауға 400-ден астам адам жұмылдырылды. 12 сағаттық ауысым кезінде полигонға 1300 КамАЗ қар әкелінеді.
Полигондағы он камера әр көліктің мемлекеттік нөмірін және әкелінген қардың көлемін түсіреді. Жүйе онлайн-режимде жұмыс істейді және ақпаратты бүкіл маусым бойы сақтайды. Мұндай тәсіл коммуналдық қызметтерді тәртіпке келтіріп, адам факторын жояды. Әрбір қызмет көрсетуші қарды тазартып, ақысын уақытында алуға мүдделі.
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракция депутаттары ерлер мен әйелдер үшін зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Александр Милютиннің ойынша, қазіргі зейнетақы жүйесі түбегейлі өзгертуді қажет етеді.
"Қазақстандықтардың көбінде жалақы аз болғандықтан, зейнетақы жинағы жеткілікті емес. Сол себепті біздің партия бұған дейінгі ынтымақты зейнетақы жүйесіне қайта оралуды ұсынады. Біздің басты ұсынысымыз – еңбек жағдайларының қиындығына байланысты азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарастыру. Зейнетке шығу жасын азаматтың жынысына қарамастан 60 жасқа дейін төмендету қажет ", - деді ол премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.
Мәжілісмен елде жұмыссыз жастар мәселесі өткір тұрғанда, зейнетке шығу жасын кезең-кезеңмен көтеру ақылға сыймайтынын айтты.
Сондай-ақ, Милютиннің пікірінше, ең төменгі базалық зейнетақы жыл сайынғы түзетумен орташа жалақыға тең болуы тиіс.
"Қазақстан халық партиясы үкіметтен болашақ зейнеткерлер үшін қаржылық "қауіпсіздік жастығын" қалыптастыруға арналған тетіктер тізімін кеңейтуді талап ететін болады", - деді депутат.
Оның айтуынша, зейнетақыны жыл сайын индексациялау кезінде тек номиналды инфляцияны ғана емес, нақты тұтыну бағасының өсу индексін, сондай-ақ, жалақы өсімі индексін де ескеру қажет.
Милютин карантиндік шектеу шараларынан елде жұмыссыздық деңгейі өсіп жатқанына алаңдады.
Бұдан бөлек, жұмыс істейтіндердің зейнетақы, міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйелерінен шығып қалу қатері күшеюде.
БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарнасы бойынша зейнетақы жинақтары 5 жыл ішінде алғаш рет төмендеген. 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ол 11 триллион 405 миллиард теңге, ал 2020 жылдың 1 маусымына қарай 11 триллион 388 млрд теңгеге дейін, яғни 17 миллиард теңгеге қысқарды.