Арзан антисептикалық құрал рецептімен Sputnik Қырғызстан бөлісті. Видеода тез әрі айтарлықтай шығынсыз үйде санитайзер жасау әдісі көрсетілген.
Бұл үшін бес 100 грамдық спирт, 400 грамдық алоэ-вера құтысы мен шамамен 15 грамм глицерин керек.
Вирусқа қарсы мұндай "жиынтықтан" бір литрге жуық арзан, тиімді антисептикалық құрал шығады.
Толығырақ видеодан көре аласыз.
Тағы оқыңыз: Алматыда ер адам коронавирус үшін өз-өзіне "қол жұмсайтынын" айтты – видео
Ресейдің Находка қаласында өрт сөндіруші болып қызмет ететін азаматтың қауіпті жаттығуы көпшіліктің таңданысын тудырды.
Бейнежазбада ресейлік төтенше жағдайлар қызметкері күш пен дәлдікті бір нүктеде түйістіре алу қабілетін көрсетеді. Яғни, тепе-теңдікті сақтау арқылы балтаның жүзіне бар салмағын шебер түсіреді.
Сонымен қатар ол арқасына оттегі бар баллонды да қойып алады.
Оқи отырыңыз: "Спутник V" вакцинасының 2 миллион дозасы Венгрияға жеткізіледі
Осылайша, ер адам балтаның жүзінде тұрып, жерден қолмен көтерілу жаттығуын орындайды.
Sputnik Қазақстан тілшілері полигонда болып, цифрландыру елорданы қардан тазарту жұмысын жақсартуға қалай көмектескенін біліп қайтты.
Енді коммуналдық қызметтер қар тазалаудан жалтара алмайды. Бақылау камераларын орнату қар шығару көлемін және әр жүк көлігі жұмысының тиімділігін бақылауға көмектеседі.
Қар полигоны 2020 жылдың 12 қарашасында ашылды. Үш айдың ішінде мұнда 641 мың тонна қар түсірілді. Бұл былтырғы қысқа қарағанда 87 мыңға аз.
Қазір елорданың сол жағалауындағы қарды тазартумен 30-дан астам мердігер айналысып жатыр. Аудан бойынша қар тазалауға 400-ден астам адам жұмылдырылды. 12 сағаттық ауысым кезінде полигонға 1300 КамАЗ қар әкелінеді.
Полигондағы он камера әр көліктің мемлекеттік нөмірін және әкелінген қардың көлемін түсіреді. Жүйе онлайн-режимде жұмыс істейді және ақпаратты бүкіл маусым бойы сақтайды. Мұндай тәсіл коммуналдық қызметтерді тәртіпке келтіріп, адам факторын жояды. Әрбір қызмет көрсетуші қарды тазартып, ақысын уақытында алуға мүдделі.
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Өткір респираторлық вирустық инфекция, коронавирус оң тесті, постковидтік жағдай, IgM антиденелері бар болғанда және ауыр сырқат кезінде вакцина салдыртуға болмайды. АҚШ-тың Джордж Мэйсон университеті жүйелі биология мектебінің мамандары осы бес жағдайда вакцина алуға болмайды деп отыр.
"Мәселен, біз антиденеге қан тапсырып, М иммуноглобулиндері табылса, ағза вирусқа иммундық жауап беруді жалғастырып жатыр деген сөз. Демек, ПЦР-тест теріс нәтиже көрсетсе де, ағза вируспен байланыста. Вирус жасырын болуы мүмкін. Бұл жағдай персистенция деп аталады", - деді биологтар.
Ал постковидтік жағдай деген ағзада IgG, без IgM антиденелерінің болуы. Олар болса, вакцинациядан өтудің қажеттілігі жоқ, деп жазады Lenta.ru7
"Иммуносупрессия немесе склероз сырқаты барлар екпе салдырмас бұрын дәрігерге қаралуы тиіс. Бірақ дәрігерлер де мұндай жауапкершілік алғысы келмейді. Сондықтан ауыр сырқатқа шалдыққандарға вакцина салдырмаған жөн", - дейді мамандар.
Еске сала кетсек, 1 ақпанда қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы вакцина егу науқаны басталады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отырғанын айтқан болатын.