"Город 312" тобының солисі Светлана Назаренко Sputnik жобасында атасының соғыс кезінде бастан кешірген оқиғасын бөлісті.
Оның айтуынша, атасының үйіне жазған хатында кеңестік және неміс жауынгерлерінің әскери жинақылығын салыстырған. Мұны оқыған адамдар оны ату жазасына кеспек болыпты. Алайда түнде ол түс көрген. Түсінде әйелі қолынан ұстап, шұңқырдан шығарыпты.
Ал таңертең Светлана Назаренконың атасын командир шақырған. Ол жауынгерді әйелі құтқарғанын айтыпты. Әйелі өз хатында: "Кузьма, сен фашистермен қасық қаның қалғанша дейін күресетініңді жаздың. Мен мұнымен толықтай келісемін. Сен нағыз азамат, патриот секілді әрекет ету керексің. Бірақ сенің үйге аман-есен оралуыңды қалаймын", - деп жазған.
Светлана атасы соғыстан аман оралғанын айтады.
"Біз, балаларымыз бен немерелеріміз соғыс деген не екенін ешқашан көрмесек екен деп тілеймін. Аталарымыздың ерлігін есімізде сақтап, әрқашан құрметтейік", - деді әнші.
"Фронтовая перекличка" — таяу шетелдегі Sputnik баспасөз орталықтарының жобасы. 2020 жылы шара осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бұл жолы коронавирусқа байланысты түрлі редакцияларды біріктіретін видео байланыс болмайды.
Вакцинаның алғашқы партиясы Қазақстан аймақтарына жеткізілді. Ең алдымен медицина қызметкерлеріне, мұғалімдер мен полицейлерге екпе салынып жатыр.
Sputnik Қазақстан тілшілері фармзауытта болып, қауіпті вирусқа қарсы вакцинамен күн сайын жұмыс істейтін адамдардың өмірі қалай өзгергенін көріп қайтты.
Олар Моргенштерн және Элджей сынды рэп-орныдаушыларға пародия түсіріп жүр. Бұл роликтер әлеуметтік желіде танымал бола бастады.
Талантты жігіттер Слава Марлоу шығармашылығына қызығушылық танытуда. Ол 2020 жылдың күзінде басты жұлдыз болған. "Кадиллак" и "Снова я напиваюсь" әндеріне кавер қандай болды?
Хореограф, биші, ГИТИС циркі режиссура кафедрасының студенті Батыржан Тілепбергенов видеодағы образы өзіне таңсық емес екенін айтты. Өйткені есейген кезде құрылыста жұмыс істеген. Сондай-ақ ол қоғамда қалыптасқан пікірді әзілдің көмегімен бұзғанды ұнататынын да жасырмады.
Жобаның креативті продюсері Қайрат Телеуов идеяның туындауы мен жүзеге асырылуы жайлы айтып берді.
Толығырақ видеода.