"Мақтан тұтамын": Даниал Ахметов соғысқа қатысқан әкесі туралы айтып берді 

421
Қазақстанның мемлекеттік қайраткері, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов "Фронтовая перекличка" жобасын қолдап, соғысқа қатысқан әкесі туралы айтып берді

"Менің әкем 1939 жылы қыркүйекте 18 жасында Қызыл Армияның қатарына шақырылды. Ал 1941 жылы қыркүйек айында ауыр жарақат алды. Қайта даярлау курстарынан кейін оған лейтенант шені берілді", - деп еске алады Ахметов.

Кенжетай Ахметов Курск шайқасында және Берлин түбінде тағы екі рет жарақат алған. Алғашқы наградасы - "Ерлігі үшін" медалі. 

"Менің әкем басқарған миномет батареясы фашистердің екі миномет батареясын тоқтатты. Одан кейін шабуылдаушы жаяу әскер ротасының құрамында неміс басқыншыларының ротасын тоқтатуға атсалысты. Осылайша, алғашқы наградасы - "Ерлігі үшін" медалін алды. Оны, көбінесе, жауынгерлерге тапсыратын. Бірақ менің әкем офицер болса да, қатардағы сарбаздармен бірдей тойтарыс пен шабуылға қатысқан. Сол себепті оған да медаль берді деп ойлаймын", - деді Ахметов.

Бұдан бөлек, Кенжетай Ахметов "Берлинді алғаны үшін", "Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін", "Варшаваны азат еткені үшін" медальдары мен Отан соғысы орденімен марапатталған болатын.     

"Мен әкемді мақтан тұтамын. Үйімізде әкеміздің жауынгерлік жолына арналған бұрыш бар. Сол жерге барлық фото мен награданы жинап қойдық", - дейді Ахметов.

Соғысқа Даниал Ахметовтың атасы – Сары Ахметов та аттанған. Ол да әскери наградалар алды. 

"Әкем мен атамның өмірі – табандылық пен қиындықты еңсерудің үлгісі. Соның арқасында жеңімпаз болып шығасың", - деп атап көрсетті әкім.

Ахметов Ұлы Отан соғысына қатысқан әрбір адамның елдің мақтанышы екенін ерекше атап өтті. 

"Жеңіс кеңес халқының ұлы рухын көрсетеді. Бұл – интернационализм рухы, жеңімпаздардың рухы. Бұның барлығы сол кездегі тамаша ұрпаққа тән. Бірнеше күннен кейін біз Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өтеміз. Бұл – кеңес халқының жеңісі, барша адамзаттың жеңісі. Мен біздің соғыс ардагерлеріміздің алдында бас иемін. Денсаулық пен бақыт тілеймін! Жеңіс күні құтты болсын!" – деп атап көрсетті Даниал Ахметов.

"Фронтовая перекличка" - Sputnik баспасөз орталықтарының дәстүрлі жобасы. Ұлы Жеңістің 75-жылдығы қарсаңында Беларусь, Абхазия, Қырғызстан, Армения, Молдова, Грузия, Әзербайжан, Қазақстан мен Оңтүстік Осетияның Sputnik редакциялары соғысқа қатысқан сарбаздар мен офицерлердің ұрпақтары айтқан естеліктерді жариялайды. 

"Фронтовая перекличка" жобасы аясында отбасылық естеліктер ұлы әскери шежіреге қосылып, әлемді фашизмнен азат еткен халықтардың ерлігін ұмытпауға мүмкіндік береді.

 

421
Кілт сөздер:
жеңіс, соғыс, әкесі, Даниал Ахметов
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы үйдің қабырғасында Бауыржан Момышұлының суреті пайда болады
"Әйеліме беріңіздер": жауынгердің 75 жыл бұрын жазған хаты табылды - фото
Бүгін Қасым Қайсеновтің туған күні: қазақтың қас батыры туралы қызықты деректер
"Айыбым – тірі қалғаным" "Түнгі мыстан" атанған Хиуаз Доспанова туралы не білеміз?
17 жасында майданға аттанған Әлия Молдағұлова туралы қызықты деректер

АҚШ Ауғанстандағы әскери базаларын жауып жатыр - видео

33
АҚШ "Талибан" қозғалысымен келісім жасалғаннан бері Ауғанстанда кемінде 10 әскери базасын жапты. Бұл туралы The Washington Post басылымы америкалық және ауғандық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып хабарлады

Газеттің мәліметі бойынша жабылған базалар Ауғанстанның тұрақсыз провинцияларында орналасқан. АҚШ пен "Талибан" 2020 жылдың ақпанында бейбіт келісімге қол қойды. Келісім шарттарының бірі бойынша америкалықтар 14 ай ішінде елден әскерін шығаруы тиіс. Бұған дейін президент Дональд Трамп АҚШ Ауғанстанда америкалық әскерилердің санын қысқартатынын хабарлады. Ресми тұлғалардың мәлімдеуінше, қаңтар айының ортасына дейін олардың саны 5000-нан 2500 адамға дейін қысқаруы мүмкін.

33

ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы - трансляция

16
(Жаңартылды 15:32 02.12.2020)
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қауіпсіздік кеңесінің сессиясы видеоконференция форматында өтіп жатыр

Отырысқа Ресей президенті Владимир Путин төрағалық етуде. 

Саммит барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасып, ұйымның биылғы жұмысындағы басым бағыттардың жүзеге асырылуын қорытындылайды. Алдағы кезеңге арналған жоспарын айқындайды. 

Отырыста Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның жұмысы жөніндегі өзекті мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын жеткізіп, оны әрі қарай дамыту үшін бірқатар ұсыныс айтады деп жоспарланып отыр.

Жиын қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ның тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар құжат қабылданады.

Айта кетейік, 2019 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы Бішкек қаласында өтті.

16
Орталық сайлау комиссиясының ғимараты

ОСК мәжіліс сайлауына "Nur Otan"партиясы кандидаттарының тізімін тіркеді

0
"Nur Otan" партиясының тізімінде 126 адам бар. ОСК кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауына "Nur Otan"партиясы кандидаттарының тізімін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

"Nur Otan" партиясы парламент сайлауына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына 2020 жылдың 26 қарашада ұсынды.

Оқи отырыңыз: "Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады 

"Nur Otan" партиясының тізімінде 126 адам бар. Оның 40-ы әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар, олар тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,7 процентін құрайды. Уәкілетті органдар ұсынған мәліметтер негізінде Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен "ҚР сайлау туралы заңы" талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді", - деп атап өтті ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов отырыс барысында.

Тексеріс нәтижесінде партиялық тізімге енгізілген барлық адам заң талаптарына сай келетіні белгілі болды.  

Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері "2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында "Nur Otan" партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы" қаулы қабылдады.

0
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс
Тақырып бойынша
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев
"Nur Otan" сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындады – Назарбаев
Әлі талай құшақтасатын боламыз – Назарбаев
Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды
Сайлауға бойкот жариялау ұсынылды – ЖСДП мүшелері қандай шешім қабылдады