Ортақ Жеңіс: басқа елдер 9 мамырды қалай атап өтті

116
(Жаңартылды 19:12 11.05.2020)
Посткеңестік кеңістік елдері өз халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлігін ешуақытта ұмытпайды, әрдайым құрмет көрсетеді. Коронавирус індетіне қарамастан, Жеңіс күнін ТМД-ның барлық мемлекеті атап өтті. Толығырақ біздің видеодан тамашалаңыз

Биыл әлемді жайлаған коронавирус Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге қатысты жоспарды өзгертті.

Мәскеу Жеңіс күнін айрықша сән-салтанатпен атап өтуі тиіс еді, алайда індетке байланысты шаралар кейінге шегерілді.

Ресей астанасында парадтың әуе бөлігі мен ресми тұлғалардың қатысуымен еске алу шаралары ғана өтті.

Адамдардың дені үйде отырса да, Балтық пен жақын шет елдердің барлығында мерекелік атмосфера сезілді.

116

Өрт сөндірушінің әрекеті желі қолданушыларының таңданысын тудырды видео

40
(Жаңартылды 11:03 27.01.2021)
Кәдуілгі балтаны пайдаланып түрлі жаттығулар жасаған өрт сөндірушінің әдеттен тыс жаттығуы әлеуметтік желіде кеңінен тарады

Ресейдің Находка қаласында өрт сөндіруші болып қызмет ететін азаматтың қауіпті жаттығуы көпшіліктің таңданысын тудырды.

Бейнежазбада ресейлік төтенше жағдайлар қызметкері күш пен дәлдікті бір нүктеде түйістіре алу қабілетін көрсетеді. Яғни, тепе-теңдікті сақтау арқылы балтаның жүзіне бар салмағын шебер түсіреді.

Сонымен қатар ол арқасына оттегі бар баллонды да қойып алады.

Оқи отырыңыз: "Спутник V" вакцинасының 2 миллион дозасы Венгрияға жеткізіледі

Осылайша, ер адам балтаның жүзінде тұрып, жерден қолмен көтерілу жаттығуын орындайды.

40

Сөзге емес, камераға сенеміз бейне бақылау жасалатын Нұр-Сұлтандағы қар полигоны

36
Цифрландыру Нұр-Сұлтандағы қар полигонына жетті. Өткен жылы қыста елорда көшелерін қар басып қалғаннан кейін, қар полигонына бақылау камералары орнатылды

Sputnik Қазақстан тілшілері полигонда болып, цифрландыру елорданы қардан тазарту жұмысын жақсартуға қалай көмектескенін біліп қайтты.

Енді коммуналдық қызметтер қар тазалаудан жалтара алмайды. Бақылау камераларын орнату қар шығару көлемін және әр жүк көлігі жұмысының тиімділігін бақылауға көмектеседі.

Қар полигоны 2020 жылдың 12 қарашасында ашылды. Үш айдың ішінде мұнда 641 мың тонна қар түсірілді. Бұл былтырғы қысқа қарағанда 87 мыңға аз.

Қазір елорданың сол жағалауындағы қарды тазартумен 30-дан астам мердігер айналысып жатыр. Аудан бойынша қар тазалауға 400-ден астам адам жұмылдырылды. 12 сағаттық ауысым кезінде полигонға 1300 КамАЗ қар әкелінеді.

Полигондағы он камера әр көліктің мемлекеттік нөмірін және әкелінген қардың көлемін түсіреді.  Жүйе онлайн-режимде жұмыс істейді және ақпаратты бүкіл маусым бойы сақтайды. Мұндай тәсіл коммуналдық қызметтерді тәртіпке келтіріп, адам факторын жояды. Әрбір қызмет көрсетуші қарды тазартып, ақысын уақытында алуға мүдделі.

36
Блок бекет

Алматыда карантин күшейтілуі мүмкін

1
Жандарбек Бекшин қаланың "қызыл" аймаққа енуіне байланысты шектеу шаралары енгізілетінін айтты

АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Алматыда карантин шаралары қайтадан күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматы бұған дейін де коронавирустың таралуы бойынша "сары" және "жасыл" аймақтың шекарасында тұрды. Қазір де солай, қазір "сары" мен "қызыл" аймақтың арасында бір қадам жерде тұр. "Қызыл" аймақта тұруымыз ұзаққа созылмайды деп ойлаймын", - деді Бекшин.

Сонымен қатар брифинг барысында Жандарбек Бекшин қаланың "қызыл" аймаққа енуіне байланысты шектеу шаралары енгізілетінін айтты.

"Бұл жұмыс аяқталып қалды. Брифингтен кейін нақтылап, ертең жаңадан қандай шектеу шаралары енгізілетінін хабарлаймыз", - деді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың алаңдатушылық тудырып отырғанын айтты.

"Алматы "қызыл" аймаққа енді. COVID-19 статистикасы сөзсіз алаңдаушылық тудыруда. Ауырғандардың күнделікті саны 130 адамнан төмен түспей тұр", - деді Табынбаев.

Ал Жандарбек Бекшин Алматыда кейінгі төрт күнде инфекция жұқтырғандар саны күрт өскенін мәлімдеді.

1
Кілт сөздер:
карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы