Төтенше жағдайдан кейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда өмір қалай өзгерді видео

892
Ұзақ үзілістен кейін қоғамдық көлік жұмысы қайта жанданды, тұрғындарға саябақтар мен гүлзарларда серуендеуге рұқсат берілді

Екі айға жуық Қазақстан төтенше жағдай режимінде өмір сүрді. Үйден тек дүкенге, дәріханаға және жұмысқа баруға рұқсат етілді. Төтенше жағдай режимі 11 мамырда алынып тасталды.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда қала ішіндегі автобустар іске қосылды, саябақтар мен гүлзарлардан қоршаулар алынып тасталды. Енді тұрғындарға таза ауада еркін серуендеуге болады, алайда үш адамнан артық жиналуға рұқсат жоқ.

Әскерилер мен Қарулы күштердің техникасы блок бекеттен кетіп жатыр. Банктер мен азық-түлік сатпайтын дүкендер біртіндеп ашылуда. Тұрғындар кезекті сыртта күтуі керек, себебі ғимарат ішіне кіруге болатын адамдардың санына шектеу қойылған.

Алайда коронавирустың таралу қаупі сейілмей тұр, сол себепті кейбір шектеулер сақталады. Әлі де бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған, сауда ойын-сауық орталықтары, мейрамхана, дәмхана мен діни мекемелер жабық.

Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін не болып жатқанын Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз.

892
Кілт сөздер:
видео, төтенше жағдай
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (742)

Шығыс Қазақстанды газдандыру: Ресейден газ тартыла ма видеокөпір

29
(Жаңартылды 14:50 19.01.2021)
Видеокөпір Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында өтіп жатыр. Журналистердің сұрақтарына белгілі ресейлік энергетика маманы Борис Марцинкевич пен Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының (KazServise) жобалар жөніндегі басқарушысы Нияз Жұмат жауап береді

Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында "Шығыс Қазақстанды газдандыру: Ресейден газ тартыла ма?" деген тақырыпта видеокөпір басталды.

Қазақстан Барнаул – Рубцовск – Семей – Өскемен бағыты бойынша газ құбырын тарту арқылы шығыс өңірлерді газдандырғысы келеді.

Сонымен қатар, құбырды Павлодар облысына қарай бұру жоспарланып отыр.

Газ құбырының құрылысы 2,1 миллион адам тұратын өңірлердің тұрғындарын газдандыруға мүмкіндік береді. Тұтыну көлемі жылына 2,3 миллиард текше метр деңгейінде бағалануда.   

Қазіргі уақытта "ҚазТрансГаз" бен "Газпром" арасында жұмыс тобы құрылды. Мәселе Ресей тарапымен пысықталып жатыр.

Премьер-министр Асқар Мамин 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін Шығыс Қазақстан облысын газдандыру тұжырымдамасын дайындауды тапсырды.

29

Бір аяғынан айырылған жігіттер паркурден команда құрғысы келеді видео

29
Палестинаның Газа қаласында тұратын Мұхаммед Алива мен Ахмед Әбу Дакин тіпті кесілген аяқ та спорттан бас тартуға себеп бола алмайды деп санайды

2018 жылы атыстардың бірінде аяғынан айырылған Мұхаммед жарақат алғанға дейін футбол ойнап, марафондарда жүгірген.  Енді ол бір аяғымен болса да, халықаралық спорттық шараларда ел намысын қорғау арманын жүзеге асыруға бел буып отыр.  

Бір аяғы кесілген Ахмед те паркурмен (кедергіден өту) айналысады. Өз шеберлігін көрсету үшін жастар протезін шешіп, қоршаулар мен қабырғалардан ептілікпен секіріп жүр.

Спортшылар сонымен қатар баскетбол, футбол ойнайды және өз командасын құруды армандайды.    

29
Жұмыс, қызмет

Президент мемлекеттік қызметшілерді қысқартуға қатысты тапсырма берді

17
Өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде мемлекет басшысына агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.

Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Президенттік жастар кадрлық резерві, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарылған шара жайлы ақпарат берді.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, "Е-қызмет" жүйесінің интеграция аясын кеңейту және i-Qyzmet жүйесін әзірлеу барысына да тоқталды.

Жайылғанованың айтуынша, өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, ал биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді. 

17
Кілт сөздер:
мемлекеттік қызметші, президент
Тақырып бойынша
Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі
2021 жылы мемлекеттік қызметшілер қандай декларация тапсырады
Президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы қашан өтеді
Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады