Нұр-Сұлтандағы субұрқақта Димаштың әндерін қосуға бола ма видео

176
(Жаңартылды 13:44 03.06.2020)
Мамыр айының басынан бері елордада 70-тен астам субұрқақ қосылды, олардың төртеуі – музыкалық. Субұрқақтар кешкі сағат сегізден 23.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері түн ортасына дейін "әндетеді"

Астанадағы музыкалық субұрқақтар жаз мезгілінде тұрғындарды ыстықтан құтқарады. Күндіз суда бүлдіршіндер асыр салып ойнаса, кешке олар ата-аналарымен бірге түрлі-түсті шоуды тамашалайды.

Субұрқақтар күн сайын кешкі сегізден түнгі он бірге дейін "ән салады", мереке мен демалыс күндері он екіге дейін қосулы тұрады. Әкімдік субұрқақ құрылысы жүріп жатқан кезде-ақ оның репертуарын бекітіп қояды. "Дирижер", яғни кезекші оператор су ағынын басқару орталығынан іске қосып отырады.

"Кешкі сағат сегізге дейін музыка қосуды сұрайтындар бар. Егде жастағы кісілер келіп Димаштың әнін қосуды сұрайды. Бізде осы бағдарлама тұрғанын оларға айтып түсіндіре алмайсың", - деді Ботаникалық бақтағы "Тайқазан" субұрқағының операторы Владимир Назаров Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Жақында Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов астаналық меломандар үшін қуанышты жаңалықты хабарлады.

"Биыл тұрғындардың пікірін ескере отырып, әндердің репертуарын өзгерту туралы ой бар. Сіздің пікіріңізше, қандай әндер қойылуы қажет? Карантин аяқталған соң кейбіреулер өзі ұсынған әнді тыңдай алады", - деді ол тұрғындарға.

Аудан әкімдігі Sputnik Қазақстанға Димаштың әндерін субұрқақ репертуарына қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, жұмыстың күрделі екенін, алайда бағдарламаның жазылып жатқанын жеткізді.

Владимир Назаров екі жылдан бері "Тайқазан" субұрқағында оператор болып жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында ол бағдарламадағы барлық әнді жаттап алған.

"Ботаникалық бақтағы "Тайқазан" субұрқағында тоғыз композиция бар, оған шамамен 35-37 минут уақыт кетеді. Одан кейін циклдік режимді орнатамыз, яғни ән қайталанып тұрады. Бізде классика да, Батырхан Шүкеновтің әні, "Здравствуй столица!" әні де бар", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды

"Астана-Сантехсервис-С" ЖШС директорының орынбасары Владислав Нагорнов субұрқақтарда жөндеу жұмыстары қыстан кейін басталатынын атап өтті.

Елордадағы субұрқақтардың қалай "ән салатынын" видеодан көре аласыздар.

176
Кілт сөздер:
видео, Димаш Құдайберген

Жеңіл атлетиканың жарық жұлдыздары: Олимпиада чемпиондарының өнері - архив видео

34
Нәзік жандылар өнер көрсететін жеңіл атлетиканы көркемдігі мен кербездігі үшін спорттың патшайымы деп атайды

Қазақстандық Ольга Рыпакова мен оның әріптестері үш қарғып секіру бойынша олимпиадалық тұғырда бұл спортты қалай түрлендіргенін Халықаралық Олимпиада комитеті назарға ұсынды.

Токиода өтіп жатқан Олимпиадада жеңіл атлеттер өнерін бүрсігүні көрсетеді. Ал үш қарғып секіру бойынша медальдің тағдыры "Олимпиада ханшайымы" атанып кеткен Ольга Рыпакова қатыстан 1 тамыздағы сайыста шешіледі.

Соңғы 25 жылда жеңіл атлетика спортының тарихында есімі алтын әріптермен жазылған спортшылар: 

  • Инесса Кравец (Украина), Атланта 1996; 
  • Тереза ​​Маринова (Болгария), Сидней 2000; 
  • Франсуаза Мбанго Этоне (Камерун), Пекин 2008; 
  • Ольга Рыпакова (Қазақстан), Лондон 2012; 
  • Катерина Ибарген (Колумбия), Рио 2016. 

Оқи отырыңыз: Елена Рыбакина Олимпиада финалына шыға алмады

 

34
Кілт сөздер:
видео, Ольга Рыпакова, Токио Олимпиадасы
Тақырып бойынша
Ольга Рыпакова: жаңа Олимпиада жүлдесін қабылдай алмадым
Токио Олимпиадасы: қазақстандық садақшы 1/8 финалына шықты
Токио Олимпиадасы: 29 шілдеде қазақстандықтар қандай жарыстарға қатысады

Қапшағай маңындағы тактикалық оқу-жаттығулар қалай өтті видео

37
Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша Қапшағай гарнизонының әскери қызметшілері заңсыз қарулы құрамалардың шабуылына қарсы тұруға машықтанды

Бөлімшелер командирлері ұрысты сауатты жоспарлауды, ал жеке құрам – заңсыз қаруланған құрамаларға қарсы күресте үйлесімді іс-қимылды көрсетті.

Әскери қызметшілер жүктелген жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын "үздік" орындады. 

37
тауарлы поезд

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан агроөнім тасымалдайтын "жасыл дәліз" құрады

0
Агроэкспресс пойыздар кешікпей, жылдам жүруі керек. Бұл тез бұзылатын өнімдерді жеткізу үшін аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Қазақстан мен Ресей агроөнімдерді тасымалдауға арналған "жасыл дәліз" құру жайын талқылап жатыр.

"Ресей – Өзбекстан" агрологистикалық дәлізі үшжақты болуы керек. Себебі тауарлардың жүк ағыны Қазақстан аумағы арқылы өтіп жатыр", - деді "Ресей экспорт орталығы" АҚ бас директоры Вероника Никишина.

Ол бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевпен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлады министрлік.

"Пойыздар кешігусіз, жылдам жүруі үшін бақылаушы органдардың жұмысын үйлестіру керек болады. Себебі бұл жылдам бұзылатын тауарларды жеткізу үшін аса маңызды. Осылайша біз үш елдің бизнесіне бәсекелестік артықшылық ұсынып, мемлекеттер арасындағы тауар айналымын айтарлықтай ұлғайта аламыз", – деді Вероника Никишина.

Өз кезегінде қазақстандық вице-министр екі ел де оңтүстіктен тауар жеткізуді толыққанды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

"Бізге осы жұмысты үйлестіріп, біріздендіру керек. Оның ішінде Ресейден Ауғанстанға дейінгі дәліз бойынша тиімді транзиттік тарифтер қалыптастыру мәселесі де бар", - деді Қайрат Төребаев.

Тараптар Орталық Азия – Қазақстан – Ресей тауарлар ағыны мен Еуразиялық тауар өткізуші жүйе қалыптастырудағы екі ел ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Сонымен қатар "Қорғас" және "Орталық Азия" сауда-экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық шекара маңындағы орталықтар базасында өнеркәсіптік кооперация бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды. Оның ішінде Орталық және Оңтүстік Азия мен Қытай сынды үшінші елдің нарығына бірлесіп дайындалған өнімді шығару мәселесі де бар.

Осы аталған мәселелер бойынша жұмысты үйлестіру және тәжірибе алмасу мақсатында тараптар жақын уақытта "Qaztrade" Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ мен "Ресей экспорт орталығы" АҚ арасында әріптестік туралы келісім жасау жөніндегі мәмілеге келді.

Бұл кездесу вице-министр Қайрат Төребаевтың "Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2021" ХІІ Халықаралық экономикалық саммитінің жұмысына қатысуы аясында өті. Саммит шеңберінде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы мен Қазақстан-Ресей бизнес-форумы да өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Лавров Ресей – Еуроодақ саммитін өткізуге не кедергі екенін айтты

0
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Досаев Тоқаевқа экономика өсімін 3,9% деңгейде жақсарту туралы айтты
Қазақстан халықаралық көрмеде алғашқы отандық дронды таныстырды
Мерзімі өтіп кеткен қандай азық-түлік өнімдерін жеуге болады