АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ресей мен Қытайды не үшін жазалағысы келеді?

428
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ресей мен Қытайды БҰҰ-дағы вето құқығын асыра пайдаланғаны үшін жазалау керек деп санайды

Таяуда екі ел Сирияға гуманитарлық көмек жіберу туралы қарарды бұғаттады. Бельгия мен Германия Түркия мен Сирия шекарасында екі бақылау-өткізу пунктін қалдыруды ұсынды, алайда Мәскеу мен Бейжің бұған келіскен жоқ. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

428

Ресей теңізшілері Ұлы Петр шығанағында америкалық кемені кері қайтарды

18
Ресейдің Тынық мұхиты флотының "Адмирал Виноградов" үлкен кемесі АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің "Джон Маккейн" эсминецінің Ұлы Петр шығанағындағы ресейлік аумаққа кіруін тоқтатты

Ресей қорғаныс министрлігі америкалық кеменің теңіз шекарасынан 2 шақырым асып кеткенін хабарлады. АҚШ әскери-теңіз күштерінің "Джон Маккейн" эсминецін шұғыл бақылауға алған "Адмирал Виноградов" экипажы оған Ресей аумағынан тез арада кетпесе, шара қолданатыны туралы ескерту жіберді. Көп ұзамай "Адмирал Виноградов" шекараны кесіп өткен кемені нысанаға алды. Осы жағдайды бағамдаған америкалық кеме экипажы дереу бейтарап аймаққа қарай асықты.

18

Диего Марадонамен қоштасу рәсімі тәртіпсіздікке ұласты видео

48
(Жаңартылды 11:15 27.11.2020)
Аты аңызға айналған футболшының жанкүйерлері өз кумирімен қоштасу үшін президент сарайына баса көктеп кіруге тырысты

Бір күн бұрын Буэнос-Айресте 60 жастағы әлем футболының аңызы Диего Марадонаны жерлеу рәсімі өтті. Шетелдік БАҚ шерудің соңы тәртіпсіздікке ұласып, полициямен қақтығыс болғанын хабарлады.

Полиция мен Диего Марадонаның жанкүйерлері арасындағы қақтығыс Буэнос-Айрестегі президент сарайының алдындағы алаңда өрбіді. Ол жерге футболшымен қоштасқысы келгендер жиналған еді.

Адамдар сарайға күшпен ену үшін қалың нөмір бір-бірін итере бастаған деп хабарлайды Аssociated Press. Тәртіп сақшылары бұл жағдайға араласуға мәжбүр болған.

Президент сарайында қоштасу рәсімі аяқталған соң, полиция жиналғандарды таратуға тырысқан. Алайда мұндай әрекет жанкүйерлердің ашуын туғызып, олар офицерлерге тастар мен басқа да заттарды лақтырды.

Оқи отырыңыз: Марадонамен кездескен қазақстандық бала: құшақтап жібермей тұрды

Айта кетейік, 25 қазанда футболдан әлем чемпионы аргентиналық Диего Марадона 60 жасында дүниеден өтті.
Әйгілі спортшы 30 қазан күні медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілген. Миына ота жасалды. Марадона 12 қарашада ауруханадан шықты.

30 қазанда Марадонаның 60 жасқа толуына орай Аргентина чемпионатының 1-турында оның командасы "Химнасия и Эсгрима" "Патронато" (3:0) матчы өтті. Сол күні әйгілі спортшы көпшілік алдына соңғы рет шықты. Матч басталмас бұрын оған естелік тақта сыйға тартылды. Марадонаның емделіп кетуіне алкогольдік және есірткіге тәуелділігі кедергі болғаны айтылды.

48
Кілт сөздер:
Диего Марадона
Жандарбек Бекшин

Бекшин: Не себепті мұндай жалған ақпарат тарағанын білмеймін

253
Комиссия Бекшин басқаратын ведомствоны тексеріп, ешқандай ұрлық анықталған жоқ деген қорытындыға келді

АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өзі басқаратын ведомство еңбек демалысындағы медицина қызметкерлеріне 4,2 миллион теңге қаражатты негізсіз төледі деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның мәліметінше, ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаланың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қатысты тексеру жұмыстары 30 қыркүйекте аяқталды.

Оқи отырыңыз: Бекшин Алматыда оқушылардың коронавирусты қалай жұқтырып жатқанын айтты 

Бұған дейін БАҚ-та Жандарбек Бекшин қызмет ететін ведомствода 55 миллион теңгеден асатын сомаға заңбұзушылық жасалғаны хабарланды.

Брифинг барысында қаланың бас санитар дәрігері БАҚ-та ақпарат қате берілгенін айтты.

"51 миллион теңгеден астам қаражат – бұл процедуралық сипаттағы іс. Ол бюджетке қайтарылмайды. Яғни, мұның бәрі салық, зейнетақы, әлеуметтік аударымдар және т.б. үстемақылардан ұсталуы тиіс қаражат. Ұсталынып қалған қаражаттың бәрі тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету комитетінің нұсқаулық хаты негізінде жүргізілді. Бұл қаражат ешкімге берілген жоқ, керісінше ұсталынып қалды", - деп түсіндірді Бекшин.

Ал қалған 4 миллион теңге еңбекке жарамсыздық парағын әкелген қызметкерлерге төленген. Ал бұл сома қайтарылады.

"Комиссия департамент бойынша талдау және тексеру жүргізген кезде ешқандай ұрлық анықталған жоқ деген қорытындыға келді. 55 миллион емес, үй карантинінде жатқан адамдарға 4 миллион теңге төленген. Не себепті мұндай жалған ақпарат тарағанын білмеймін", - деді Бекшин.

Айтуынша, тексеріс барысында ведомствоға ескерту жасалды.

253
Кілт сөздер:
жалған ақпарат, Жандарбек Бекшин
Тақырып бойынша
Фейк емес: Бекшиннің қаулысы туралы ақпарат рас болып шықты
Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті – Бекшин
Бекшин Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді
Бекшин Алматыда инфекция жұқтырғандар неге көбейгенін айтты
Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты