1980 жылғы Олимпиадаға дайындық кезінде арнайы қызметтер қандай құпияны жасырды

1632
(Жаңартылды 18:18 20.07.2020)
1980 жылы КСРО-да өткен Олимпиада ойындарына дайындық қалай жүргізілді және КГБ нені жасырды? Осы және өзге де мәліметтерді видеодан көріңіз 

40 жыл бұрын Кеңес Одағында Олимпиада ойындары басталды. Рас, көптеген ел оны елемеді. Халықаралық Олимпиада комитетіне мүше 144 мемлекеттің ішінен Мәскеуге тек 81 елдің өкілдері келді.  

Батыс елдері қолдарын ысқылап, іс-шараның сәтсіз аяқталуын күтті. Бірақ олай болмай шықты. 1980 жылғы Олимпиада сәтті ұйымдастырылғаны соншалық, оны адамдар әлі күнге дейін еске алады.

Бұл жеңістің артында кім тұрды? Спорт, Ішкі істер министрлігі мен КГБ-ны не байланыстырды? Бұған ұрылар мен сыған барондарының қандай қатысы бар?

Sputnik 1980 жылы өткен Олимпиада туралы арнайы жобаны іске қосты 

Ойындардың мерейтойына орай Sputnik "Мәскеу-80: Ретро-tube" мультимедиялық жобасын іске қосып жатыр. Видеоблогтардың алғашқы бөлімінде жазушы және публицист Дмитрий Пучков спорт комментаторы Дмитрий Губерниевпен бірге арнайы қызметтің құпияларын ашады.

1632
Кілт сөздер:
Мәскеу, олимпиада

АҚШ-ты ДДҰ-ға қайта қосты. Байден тағы қандай шешім қабылдады видео

36
Джо Байден АҚШ президенті қызметіне ресми түрде кірісті. Аз ғана уақыт ішінде ол 17 жарлыққа қол қойып үлгерді. Олардың дені бұрынғы президент Дональд Трамп қабылдаған заңдардың күшін жойды. Толығырақ – видеода

Байден бірден білек сыбана жұмысқа кірісіп, Трамптың бірнеше шешімінің күшін жойды.

Атап айтқанда, Американың жаңа лидері АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Климат жөніндегі Париж келісіміне қайта қосты.

Байден экс-президенттің басқа шешімдерінің де күшін жойды.

36
Кілт сөздер:
президент, АҚШ

Иттер коронавирус жұқтырған науқастарды анықтай ала ма видео

44
Италия әуежайында өзекті сынақ жүргізіліп жатыр: иттер коронавирус белгілері бар адамдарды анықтауға үйретілуде

Төртаяқты жануарлар көптеген тестен де жақсы жұмыс істейтін көрінеді: вирустың британдық, бразилиялық немесе оңтүстікафрикалық штаммдарын да анықтай алады.

Иттер иіс арқылы індетке шалдыққандарды қалай анықтайды? Осыған ұқсас сынақтар тағы қай елдерде өтіп жатыр? Ресейде әзірленген иттерді үйрету әдісі неге негізделген?

Осы және өзге де сұрақтардың жауабын видеодан біле аласыз.

44
Кілт сөздер:
видео, коронавирус, ит
Гүл шоғы

Қазақстандық спортшы жол апатынан көз жұмды

1752
Жол апаты 24 қаңтарға қараған түні Бурабай кенті маңында болды, қазақстандық шаңғышы отыз сегіз жаста еді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық шаңғышы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько 38 жасында көз жұмды,  деп хабарлайды Olympic.kz. 

Спортшы 24 қаңтарға қараған түні Бурабай кенті маңында (Ақмола облысы) жол апатынан көз жұмды. 

"Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті барлық спорттық қауымдастық атынан спортшының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Николай Чеботько талантты шаңғышы, олимпиадашы және жарқын жүзді адам ретінде мәңгі жүрегімізде сақталады", -делінген хабарламада.

Николай Чеботько 1982 жылы 29 қазанда Щучьеде туған.

Шаңғы спортынан 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, төрт бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан спортшы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері. 

Тағы оқыңыз: Атырауда танымал спортшыны өлтіріп кетті

Үлкен спорттағы ең ірі жетістігіне Чеботько 2013 жылы қол жеткізді. Ол сол жылы Валь-де-Фьеммеде өткен әлем чемпионатында командалық спринт бойынша үздік үштікке енді.

Сондай-ақ, спортшы Азия ойындарында үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алған. 

Әлем кубогі кезеңдерінде 2001 жылдан бастап сынға түсті. 2012 жылы Квебектегі әлем кубогі кезеңінде Денис Волоткамен бірге тарихи алтын жүлде иеленген. Ол бірнеше рет ел чемпионатында көзге түсіп, өмірінің соңына дейін шаңғы жарыстарында бақ сынады.

1752
Кілт сөздер:
жол апаты, спортшы
Тақырып бойынша
18 жастағы қазақстандық спортшы көз жұмды
Әлемге әйгілі спортшы жол апатынан көз жұмды
Семейде көмір алуға барған атақты спортшы көз жұмды
Жойқын нокаутқа түскен спортшы көз жұмды – видео