"Москва-80: Ретро-tube" жобасы туралы айтылды

69
(Жаңартылды 08:32 21.07.2020)
"Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі бас редакторының орынбасары Андрей Благодыренко Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының "Москва-80: Ретро-tube" арнайы жобасы туралы айтып берді

"Жоба спорт туралы ғана емес, осыдан 40 жыл бұрын болған атмосфера жайлы деп айта аламын. Сондай-ақ, Олимпиада-80-нен кейінгі өзгерісті қамтиды. Олимпиаданы өткізуге посткеңестік елдердің бәрі үлес қосты", — деді ол.

"Москва-80: Ретро-tube" жобасын 13 редакция әзірледі. XXII жазғы Олимпиада ойындарының 40 жылдығына арналған мультимедиялық материалдар түрлі жастағы оқырман мен көрермен үшін қызық болары сөзсіз.

"Олимпиада-80" жобасы үшін 200 материал жиналды. Бұл сан өзгеруі мүмкін.

Жүргізушілер, журналистер мен видеоблогерлер қатарында – Дмитрий Пучков (Goblin), Дмитрий Губерниев, Тина Канделаки және Михаил Ронкайнен бар.

Мәскеу Олимпиадасына қанша қаражат жұмсалды? Гонорарларына жеңімпаздар не алды? КГБ қандай операциялар жүргізді?

Дін жолындағы атлеттер атеистік КСРО-да сыйына алды ма? Осының бәріне "Москва-80: Ретро-tube" жобасы жауап береді.

69

Қазақстанның экожүйесін қалай қалпына келтіруге және қорғауға болады брифинг

31
(Жаңартылды 18:17 22.06.2021)
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында " "Қазақстанның экожүйелерін сақтауға қоғамның қосатын үлесі" тақырыбында онлайн брифинг өтті

Қазақстан экожүйелерді қалпына келтіру және қорғау бойынша дүниежүзілік "жасыл" күн тәртібіне қосылды.

Спикерлер экожүйелерді қорғауға қоғамның белсенді қатысуы қажеттілігі, қандай жобалар жүзеге асырылып жатқандығы және тағы не істеуге болатындығы жайлы, "Stop Musor" республикалық акциясының басталуы және басқа мәселелер туралы айтты. 

Брифингке Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының сарапшысы Айман Омарбекова қатысты. 

31

Лавров Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай өлең оқыды видео

27
(Жаңартылды 15:34 22.06.2021)
Ресей сыртқы істер министрлігінің YouTube арнасында сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай Константин Симоновтың "Жылдың ең ұзақ күні" өлеңін оқыған видеосы жарияланды

"ТМД-ға қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің бастамасы бойынша Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Викторович Лавров Ұлы Отан соғысы басталуының 80 жылдығына орай Константин Михайлович Симоновтың "Жылдың ең ұзақ күні" өлеңін оқыды", - делінген видеоның сипаттамасында.

Айта кетейік, 1941 жылы 22 маусымда неміс әскері Кеңес қарулы күштеріне тұтқиылдан шабуыл жасап, Ұлы Отан соғысы басталды.

27
Үркер сыйлығының сертификаты

Sputnik Қазақстанның екі тілшісі "Үркер" ұлттық сыйлығының шорт-парағына енді

0
Байқау 11 номинация бойынша өткізілуде, журналистерден барлығы 340 жұмыс келіп түскен

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. "URKER-2021" Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды. Оған сәйкес, Sputnik Қазақстанның тілшісі Ксения Воронина "Жылдың үздік репортажы", фототілші Владислав Воднев "Жылдың үздік фотосуреті" номинациясы бойынша тізімге енді.

Байқау 11 номинация бойынша өткізілуде, ал "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал" номинациясы биылғы байқаудың жаңа номинациясы. Журналистерден барлығы 340 жұмыс келсе, солардың ішінде ең көп өтінім "Жылдың үздік сұхбаты", "Жылдың үздік танымдық материалы" және "Жылдың үздік аналитикалық материалы" номинациялары бойынша келіп түсті. Құрамына беделді журналистер, еліміздің шығармашылық интеллигенциясының өкілдері мене халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

Марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасының мүшелері ұлттық бәйге номинанттарын жариялады, шорт-параққа 44 номинант енді:

Жылдың үздік фотосуреті

  • Владислав Воднев Sputnik Қазақстан порталы
  • Мақсат Шағырбаев newsroom.kz порталы
  • Өмірбек Сансызбаев Massaget.kz порталы
  • Алихан Сариев Tengrinews.kz порталы

Жылдың үздік репортажы

  • Дина Литпин Adyrna порталы
  • Зарина Нокрабекова "Казахстанская правда" республикалық газеті
  • Ануар Абдрахманов BaigeNews.kz порталы
  • Ксения Воронина Sputnik Қазақстан порталы

Жылдың үздік аналитикалық материалы

  • Айбар Олжаев Nege.kz порталы
  • Жолдыбай Базаров "Егемен Қазақстан" газеті
  • Дина Имамбаева "Ақиқат" журналы
  • Азамат Галеев "Литер" газеті

Жылдың үздік журналистік зерттеуі

  • Ермекбай Заңғыров "Ана тілі" газеті
  • Рысбек Қыдырбек "Aiqyn" газеті
  • Дархан Нұрұмбетова BaigeNews.kz порталы
  • Юрий Масанов, Александр Воротилов "Курсив" газеті

Жылдың үздік сұхбаты

  • Жасмин Ризабекова STEPPE порталы
  • Тамара Вааль Vlast.kz порталы
  • Әлия Тілеужанқызы "Túrkistan" халықаралық газеті
  • Юлия Тен BaigeNews.kz порталы

Жылдың үздік танымдық материалы

  • Талғатжан Мұхаметбекұлы "ҚазАқпарат" халықаралық агенттігі
  • Өмірбек Сансызбаев Massaget.kz порталы
  • Алтынбек Құмырзақұлы "Қазақстан тарихы" интернет-жобасы
  • Мөлдір Мұқит STEPPE порталы

Радиостанциядағы үздік жоба:

  • "Қайырлы таң, Қазақ елі" "Қазақ" радиосы
  • "Новое утро" "NS" радиосы
  • "Жамбыл жолы" "Шалқар" радиосы
  • "Хроника Победы" "Алау" радиосы

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

  • іnbusiness.kz
  • informburo.kz
  • inform.kz
  • lsm.kz

Жылдың үздік газеті

  • "Курсив"
  • "TÚRKISTAN"
  • "Оңтүстік Қазақстан"
  • "Деловой Казахстан"

Жылдың үздік журналы

  • "Forbes Kazakhstan"
  • "Таң-Шолпан"
  • "Айгөлек"
  • "Ақиқат"

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал

  • Рыиза Молдашева "Семей таңы" газеті
  • Лэйла Тастанова "Время" газеті
  • Альберт Ахметов zakon.kz
  • Айгүл Бисембинова "Вечерняя Астана" газеті

"URKER-2021" Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 24 маусымда бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесі қарсаңында белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі "Қазмедиа" орталығында өтеді. Көрермендер марапаттау рәсімін urker-awards.kz ресми сайтынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Жеңімпаздарға "URKER" естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлығы  табысталады.

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін қазақстандық ұлттық "URKER" сыйлығы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған.

0
Кілт сөздер:
журналистика, журналист, сыйлық