Лавров Батыстың ислам елдерін араздастыруға әрекеттенуін сынға алды видео

113
Ресей сыртқы саяси ведомствосының басшысы Сергей Лавров Мәскеуде Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесті

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ирандық әріптесімен кездесуде кейбір Батыс мемлекеттері геосаяси артықшылықтарға қол жеткізу үшін ислам елдері арасында жасанды қақтығыс туғызуға тырысып жатқанын мәлімдеді.

Ресей министрі сондай-ақ Таяу Шығыс аймағының тұрақтылығын сақтау үшін араласпау қағидаты маңызды екенін және ислам әлемі көптеген дағдарысты реттеу жолында күш біріктіруі тиіс екенін атап өтті.  

113

Қазақстанның экожүйесін қалай қалпына келтіруге және қорғауға болады брифинг

30
(Жаңартылды 18:17 22.06.2021)
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында " "Қазақстанның экожүйелерін сақтауға қоғамның қосатын үлесі" тақырыбында онлайн брифинг өтті

Қазақстан экожүйелерді қалпына келтіру және қорғау бойынша дүниежүзілік "жасыл" күн тәртібіне қосылды.

Спикерлер экожүйелерді қорғауға қоғамның белсенді қатысуы қажеттілігі, қандай жобалар жүзеге асырылып жатқандығы және тағы не істеуге болатындығы жайлы, "Stop Musor" республикалық акциясының басталуы және басқа мәселелер туралы айтты. 

Брифингке Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының сарапшысы Айман Омарбекова қатысты. 

30

Лавров Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай өлең оқыды видео

27
(Жаңартылды 15:34 22.06.2021)
Ресей сыртқы істер министрлігінің YouTube арнасында сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай Константин Симоновтың "Жылдың ең ұзақ күні" өлеңін оқыған видеосы жарияланды

"ТМД-ға қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің бастамасы бойынша Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Викторович Лавров Ұлы Отан соғысы басталуының 80 жылдығына орай Константин Михайлович Симоновтың "Жылдың ең ұзақ күні" өлеңін оқыды", - делінген видеоның сипаттамасында.

Айта кетейік, 1941 жылы 22 маусымда неміс әскері Кеңес қарулы күштеріне тұтқиылдан шабуыл жасап, Ұлы Отан соғысы басталды.

27
Абылай Балапанов

Мемлекет басшысы алматылық студентті марапаттады

0
Өзгенің өмірі үшін өз басын қатерге тіккен студент Абылай Балапанов құрмет грамотасымен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы субұрқақта тоққа түскен адамдарды құтқарған студент Абылай Балапановты құрмет грамотасымен марапаттады.

"Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.

Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев кішкентай қазақстандықты құтқарған түрік дәрігерін марапаттады

Естеріңізге салсақ, Алматыда 19 маусымда субұрқақтардың бірінде екі қыз бен бір ересек адамды тоқ соқты. Оларды құтқарғандардың бірі – алматылық 19 жастағы Абылай Балапанов. Ол Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті. 

"Орындықта кітап оқып отырған едім. Бір кезде "помогите" деген дауыс шықты, көмекке шақырды. Артыма қарасам, сол маңға он шақты адам жиналып қалыпты. "Не болды?" деп жүгіріп бардым. Барсам, субұрқақтың ішінде адам бетімен жатыр. Екі кішкентай қыз бен бір әйел кісі етбетімен суға жабысып қалған екен", - дейді Абылай.

Айтуынша, ол бірінші қыздың анасын судан шығарған. Өзін тоқ соққанына қарамастан екінші рет жасөспірімді шығаруға ұмтылған.

"Анасын қалай құтқарғаным есімде. Суға түстім, бірден аяқтан жамбасқа дейін тоқ ұрды. Бірақ қатты ұрған жоқ. Содан анасының қолынан ұстап, шығарып алдым. Қызын құтқаруға барған кезде тоқ біріншіге қарағанда қатты ұрды. Тоқ ұрды да, суға құлап түстім. Денемді толық тоқ ұрып жатты. Субұрқақ тоқтаған кезде жиегіне барып отырдым. Сол кезде қасыма 40-50 жастағы үлкен аға келді де, "тоқ ұра ма?" деп сұрады. "Иә" дедім. Сол кісі ақырындап суға түсті де қызды аяғынан тартып шығарып алды", - деді Абылай оқиғаның қалай болғаны жайлы.

Абылай тоқ соққан әйелдің қызын құтқарған ер адам туралы ештеңе білмейтінін айтты.

"Екінші қыз есін біліп, жылап тұрды. Ол қыздың қолын тоқ соққан", - деді Абылай.

Субұрқақтағы келеңсіз жағдай

Алматыда сенбіде әйел мен екі қызды субұрқақ ішінде тоқ соқты. Субұрқақ жанында балаларымен бірге отырған Үкілай Бестай есімді алматылық оқиға орнынан кадрларды жариялады. Оның айтуынша, екі қызды электр тогы ұрған. Оларды шығарамын деп барған қыздардың біреуінің анасы да темірге жабысып қалған.

"Мен сияқты суға түсуге көп адамның жүрегі дауаламады. Сол кезде осы Абылай деген жігіт өзін тоқ соғып жатса да, кезек-кезек оларды судан шығарды", - дейді видео авторы.

Оның сөзінше, аман қалған қыздардың бірі Талдықорғаннан келген, анасының құрбысы лагерьден алып 4 баланы қыдыртып жүрген екен.

Кейіннен Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қыздардың жағдайы жақсы екенін, ал әйелдің жансақтау бөлімінде жатқанын, жағдайының ауыр екенін мәлімдеді.

0