"Прогресс МС-15" ғарыш кемесі Байқоңырдан ұшырылады - тікелей трансляция

148
(Жаңартылды 20:29 23.07.2020)
Байқоңырдағы 31-ші алаңнан немесе "Шығыс" кешенінен "Прогресс МС-15" жүк кемесі ұшырылатыны хабарланып отыр

Роскосмос мамандарының есептеуіне сәйкес, кеме Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20.26-да шығады.

"Прогресс МС-15" пен Халықаралық ғарыш стансасына 3 сағат 21 минутта жақындайды.

Екеуі автоматты режимде қосылады деп болжанған болатын. Алайда Роскосмос ғарышкерлер процесті өздері басқара алатынын жеткізді.

"Прогресс МС-15" Халықаралық ғарыш стансасына шамамен 2,6 тонна жүк жеткізуі тиіс. Олардың арасында су, оттегі бар баллон, жанар-жағармай және құрғақ жүк бар.

148

АҚШ Ауғанстандағы әскери базаларын жауып жатыр - видео

33
АҚШ "Талибан" қозғалысымен келісім жасалғаннан бері Ауғанстанда кемінде 10 әскери базасын жапты. Бұл туралы The Washington Post басылымы америкалық және ауғандық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып хабарлады

Газеттің мәліметі бойынша жабылған базалар Ауғанстанның тұрақсыз провинцияларында орналасқан. АҚШ пен "Талибан" 2020 жылдың ақпанында бейбіт келісімге қол қойды. Келісім шарттарының бірі бойынша америкалықтар 14 ай ішінде елден әскерін шығаруы тиіс. Бұған дейін президент Дональд Трамп АҚШ Ауғанстанда америкалық әскерилердің санын қысқартатынын хабарлады. Ресми тұлғалардың мәлімдеуінше, қаңтар айының ортасына дейін олардың саны 5000-нан 2500 адамға дейін қысқаруы мүмкін.

33

ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы - трансляция

16
(Жаңартылды 15:32 02.12.2020)
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қауіпсіздік кеңесінің сессиясы видеоконференция форматында өтіп жатыр

Отырысқа Ресей президенті Владимир Путин төрағалық етуде. 

Саммит барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасып, ұйымның биылғы жұмысындағы басым бағыттардың жүзеге асырылуын қорытындылайды. Алдағы кезеңге арналған жоспарын айқындайды. 

Отырыста Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның жұмысы жөніндегі өзекті мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын жеткізіп, оны әрі қарай дамыту үшін бірқатар ұсыныс айтады деп жоспарланып отыр.

Жиын қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ның тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар құжат қабылданады.

Айта кетейік, 2019 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы Бішкек қаласында өтті.

16
Орталық сайлау комиссиясының ғимараты

ОСК мәжіліс сайлауына "Nur Otan"партиясы кандидаттарының тізімін тіркеді

0
"Nur Otan" партиясының тізімінде 126 адам бар. ОСК кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауына "Nur Otan"партиясы кандидаттарының тізімін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

"Nur Otan" партиясы парламент сайлауына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына 2020 жылдың 26 қарашада ұсынды.

Оқи отырыңыз: "Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады 

"Nur Otan" партиясының тізімінде 126 адам бар. Оның 40-ы әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар, олар тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,7 процентін құрайды. Уәкілетті органдар ұсынған мәліметтер негізінде Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен "ҚР сайлау туралы заңы" талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді", - деп атап өтті ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов отырыс барысында.

Тексеріс нәтижесінде партиялық тізімге енгізілген барлық адам заң талаптарына сай келетіні белгілі болды.  

Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері "2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында "Nur Otan" партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы" қаулы қабылдады.

0
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс
Тақырып бойынша
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев
"Nur Otan" сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындады – Назарбаев
Әлі талай құшақтасатын боламыз – Назарбаев
Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды
Сайлауға бойкот жариялау ұсынылды – ЖСДП мүшелері қандай шешім қабылдады