Ресейлік ФСБ террористі ұстау операциясының видеосын жариялады

489
Арнайы қызметтер Мәскеудегі терактінің алдын алғаны хабарланып отыр. Күдікті оқ жаудырып, оқиға орнында қайтыс болды. ФСБ видео жариялады

Ақпаратқа сәйкес, Орталық Азия елдерінің бірінде туған күдікті адам көп шоғырланған жерде теракт жасауды жоспарлаған.

Террористі ұстау операциясы Ресей астанасының Химки ауданындағы қараусыз қалған гараждардың бірінде жүзеге асырылды. Ол арнайы қызмет мамандарына автоматтан оқ жаудырды. Өзі оқиға орнында көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Зеленский террористің ойға қонымсыз талабын орындауға мәжбүр болды - видео

489
Тақырып бойынша
Сақалды дипломат Қорғаста полицияға террорист емес екенін дәлелдеуге мәжбүр болды
Қазақстанда Наурыз мейрамы кезінде теракт жасамақ болған адам ұсталды – ҰҚК
Грекиядан қазақстандық террорист экстрадицияланды
Нұр-Сұлтанда теракт жасамақ болған ер адам ұсталды
Ауғанстанда бірнеше теракт жасалды - жауапкершілікті "Талибан" өз мойнына алды

АҚШ-ты ДДҰ-ға қайта қосты. Байден тағы қандай шешім қабылдады видео

37
Джо Байден АҚШ президенті қызметіне ресми түрде кірісті. Аз ғана уақыт ішінде ол 17 жарлыққа қол қойып үлгерді. Олардың дені бұрынғы президент Дональд Трамп қабылдаған заңдардың күшін жойды. Толығырақ – видеода

Байден бірден білек сыбана жұмысқа кірісіп, Трамптың бірнеше шешімінің күшін жойды.

Атап айтқанда, Американың жаңа лидері АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Климат жөніндегі Париж келісіміне қайта қосты.

Байден экс-президенттің басқа шешімдерінің де күшін жойды.

37
Кілт сөздер:
президент, АҚШ

Иттер коронавирус жұқтырған науқастарды анықтай ала ма видео

44
Италия әуежайында өзекті сынақ жүргізіліп жатыр: иттер коронавирус белгілері бар адамдарды анықтауға үйретілуде

Төртаяқты жануарлар көптеген тестен де жақсы жұмыс істейтін көрінеді: вирустың британдық, бразилиялық немесе оңтүстікафрикалық штаммдарын да анықтай алады.

Иттер иіс арқылы індетке шалдыққандарды қалай анықтайды? Осыған ұқсас сынақтар тағы қай елдерде өтіп жатыр? Ресейде әзірленген иттерді үйрету әдісі неге негізделген?

Осы және өзге де сұрақтардың жауабын видеодан біле аласыз.

44
Кілт сөздер:
видео, коронавирус, ит
Гүл шоғы

Қазақстандық спортшы жол апатынан көз жұмды

2187
Жол апаты 24 қаңтарға қараған түні Бурабай кенті маңында болды, қазақстандық шаңғышы отыз сегіз жаста еді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық шаңғышы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько 38 жасында көз жұмды,  деп хабарлайды Olympic.kz. 

Спортшы 24 қаңтарға қараған түні Бурабай кенті маңында (Ақмола облысы) жол апатынан көз жұмды. 

"Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті барлық спорттық қауымдастық атынан спортшының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Николай Чеботько талантты шаңғышы, олимпиадашы және жарқын жүзді адам ретінде мәңгі жүрегімізде сақталады", -делінген хабарламада.

Николай Чеботько 1982 жылы 29 қазанда Щучьеде туған.

Шаңғы спортынан 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, төрт бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан спортшы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері. 

Тағы оқыңыз: Атырауда танымал спортшыны өлтіріп кетті

Үлкен спорттағы ең ірі жетістігіне Чеботько 2013 жылы қол жеткізді. Ол сол жылы Валь-де-Фьеммеде өткен әлем чемпионатында командалық спринт бойынша үздік үштікке енді.

Сондай-ақ, спортшы Азия ойындарында үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алған. 

Әлем кубогі кезеңдерінде 2001 жылдан бастап сынға түсті. 2012 жылы Квебектегі әлем кубогі кезеңінде Денис Волоткамен бірге тарихи алтын жүлде иеленген. Ол бірнеше рет ел чемпионатында көзге түсіп, өмірінің соңына дейін шаңғы жарыстарында бақ сынады.

2187
Кілт сөздер:
жол апаты, спортшы
Тақырып бойынша
18 жастағы қазақстандық спортшы көз жұмды
Әлемге әйгілі спортшы жол апатынан көз жұмды
Семейде көмір алуға барған атақты спортшы көз жұмды
Жойқын нокаутқа түскен спортшы көз жұмды – видео