Қуаныш пен қобалжу: Алматыда ұзақ үзілістен кейін театрлар қайта ашылды видео

126
(Жаңартылды 17:49 15.10.2020)
Алматыда театрлар қызметін жандандыруға рұқсат берілді. Мәдениет нысандары барлық санитарлық талапты, көрермендер арасындағы арақашықтықты сақтауы қажет

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 75-маусымы басталды. Театрдың жаңа маусымға дайындығын Sputnik Қазақстан тілшілері көріп қайтты.

Театрдың көркемдік жетекшісі Данияр Базарқұловтың айтуынша, әртістер сахнаға шығар алдында бірқатар дайындықтан өтті.

"Еңбек демалысына шыққанның өзінде, 24 күн, бір ай демалған кезде де "форманы" біраз жоғалтып аламыз. Тренингтер жасап, әртістер сахнаға өзін жинақтап барып шығады. Бұл жағдайда да солай болды. Театр ашылар алдында біраз дайындалдық. Күні-түні репетиция болды. Ашылмас бұрын санитарлық талаптармен танысып, ең әуелі сонымен жұмыс істедік", - дейді Базарқұлов.

Театрда көрермендер залында арақашықтық сақталған. Бір қатарда бес адам ғана отырады. Ал келесі қатар бос тұрады. Осылайша, 374 адам сиятын зал қазір 120 адамды қабылдайды.

"Әртістердің көрерменмен қауышуы – үлкен бақыт. Себебі актер көрерменсіз ешкім емес. Актер көрерменнің ықыласы мен қошеметіне бөленген кезде ләззат алады", - дейді Данияр Базарқұлов.

Ал режиссер Елік Нұрсұлтан "Шағала" қойылымының тұсаукесері карантинге байланысты бекітілген уақытынан кешігіп өткелі жатқанын айтты. 

Шағала" қойылымы карантин басталмай тұрып белгіленген дүние болатын. Жоспарлаған уақытымыздан кешіктік. Өйткені карантин болды, еліміз осы жағдайды бастан кешірді. Дайындықты карантиннен кейін жалғастырдық. Спектакльге екі жарым ай уақыт кетті", - дейді режиссер.

Актерлерге бір көрермен отырса да, бәрібір. Кәсіби маман болған соң көрерменнің санына қарамайды, деп толықтырды Нұрсұлтан.

Режиссердің бұл пікірін театр әртісі Аида Жантілеуова қоштай кетті. Айтуынша, 20 адамның алдында өнер көрсету театр әртісі үшін жаңа дүние емес. Ауылдық жерге барған кезде мұндай жағдай жиі болып тұрады.

"Бір жағынан – қобалжу, бір жағынан – қуаныш. Себебі көрерменді сағындық. Жарты жыл бойы сахнада өнер көрсетпеу, көрерменмен қауышпау біз үшін трагедия болмаса да, драма болды", - дейді Жантілеуова.

Ал қазір актерлер театрға 120 көрермен келетініне де қуанышты.

126
Кілт сөздер:
видео, театр, Алматы
Тақырып бойынша
Дулыға Ақмолда: Актер деген мамандықты төменге түсіріп жібердік...
"Алып шыға алмайтынымды сездім": актер Рахман Омармен сұхбат
"Түрімді ұмытып қалды" Назарбаевтың рөлін сомдаған актер көрген қиындықтары туралы айтты
"Қыз Жібекті" үш жыл түсірдік": актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов жайлы не білеміз
"Бірдеңе жеді ме?": Сәбит Әбдіхалықов басқаратын театрдың әртістері шу шығарды

Ресейде коронавирусқа қарсы үшінші вакцинаны сынақтан өткізу басталды

17
Ресейде М.П.Чумаков атындағы орталықта жасалған коронавирусқа қарсы үшінші вакцинаны сынақтан өткізу басталды. Әзірлеушілер желтоқсан айында денсаулық сақтау министрлігі жаңа препаратты тіркеп, ол жыл соңына дейін жаппай өндіріске шығарылады деп үміттенеді

Бұған дейін Новосібірдің "Вектор" ғылыми орталығы жасаған вакцина да мемлекеттік тіркеуден өткен еді. Сонымен қатар, әлемдегі алғашқы "Спутник V" вакцинасы бойынша зерттеулер де аяқталуға жақын қалды. Қазір ресейлік препаратты шетелде сынақтан өткізудің үшінші кезеңі жүріп жатыр, вакцинаның халықаралық нарықтағы жетістігі оның нәтижесіне тікелей байланысты болады.

17
Ұлттық ұлан

Нұр-Сұлтанда сауда үйінде болған жағдайдың видеосы желіде тарап жатыр

2316
(Жаңартылды 16:52 20.10.2020)
Әлеуметтік желіде оқиға куәгерлері түсірген видео пайда болды. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда полиция "Әлем" сауда үйінде жатқан иесіз сөмкені тексерді. Ішінен тыйым салынған және қауіпті зат табылған жоқ, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне қалалық полиция департаменті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек (@astana_sergek_kz)

Әлеуметтік желіде оқиға куәгері түсірген видео пайда болды. Ол ғимаратқа "бомба қойылды" деп мәлімдейді. Автор сауда үйіне келгендердің сыртқа шығарылғанын айтты.

"20 қазан сағат 13.27-де "102" нөміріне Бөгенбай батыр даңғылындағы "Әлем" сауда үйінің бірінші қабатында белгісіз ер адам қара түсті сөмке қалдырып кеткені туралы хабар түсті. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді, оның барысында рюкзактан тыйым салынған немесе қауіпті заттар табылған жоқ", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Қазір сауда үйі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, сөмкенің иесі анықталды.

Айта кетейік, кеше Алматыда "Қаратал" бизнес орталығынан 300-ге жуық адам эвакуацияланды. Ол жерде де орталықтың бірінші қабатында әйел сөмке қалдырып кеткен еді.

2316
Кілт сөздер:
желі, видео, сауда, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Алматыда болған төтенше оқиғаның видеосы тарап кетті - мән-жайы айтылды
Әлеуметтік желіде зираттардың видеосы қызу талқыға түсті
Алматыда бизнес орталықтан 300-ге жуық адам эвакуацияланды
Жас жұбайлар суретке түсіп жатқанда болған жағдайдың видеосы тарады
Алматыда арықтан табылған нәрестені құтқару сәтінің видеосы пайда болды
Құбыр жарылысының маңы, архивтегі сурет

Өскеменде жойқын жарылыстан жұрттың зәресі ұшты

102
(Жаңартылды 09:36 22.10.2020)
Қаладағы шағынаудан мен Күленов атындағы ауыл тұрғындары еден сықырлап, жер қоғазғалғандай әсер еткенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. 21 қазан күні түстен кейін жойқын жарылыстың дыбысы екі рет естіліп, тұрғындардың зәресі ұшты, деп хабарлайды YK-news.kz.

"Сағат 17.20 шамасында шыққан екінші жарылыс дыбысынан Қазақстан көшесінде тұрған көліктердің дабылқаққышы іске қосылып кетті. Ал КШТ шағынауданы мен Күленов атындағы ауыл тұрғындары еден сықырлап, жер қоғазғалғандай әсер еткенін айтып жатыр", – делінген ақпаратта.

Жұртты үрейлендірген Өскемендегі жойқын жарылыстар 25-шағын ауданда жоспарланған жұмыстар болып шықты. Қазіргі кезде инженерлік инфрақұрылымдар мен кварталішілік сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізіліп жатқандықтан, жару жұмыстарын "Kaz Explo Servis" ЖШС ұйымдастырған.

Оқи отырыңыз: "Бір көзді баланы ертіп жүрдім": Семей өңірінің тұрғыны полигонның зардабы жайлы айтты

102
Кілт сөздер:
Өскемен, жарылыс
Тақырып бойынша
"Оттан қорықпайтын адам жоқ": өмірін адам құтқаруға арнаған әулетпен сұқбат
Нұр-Сұлтанда құбыр жарылып, көшені су басты – видео 
Екі баласын бөлмеге қамап қойған: Шымкент тұрғыны үйді жарып жібермек болды
Ресейде әскери қоймадағы жарылыстан екі адам жарақат алды
Алматыда көшенің қақ ортасында ыстық су бұрқырап атқылады - видео