Видео

Ағаштар арасында қысылып қалған шөнжік құтқарылды – видео

Жазылу
Питомниктердің бірінде қызыққұмар жолбарыстың күшігі жабайы алма ағашының жіңішке діңдерінің арасынан өтемін деп кептеліп қалды 

Оның ұяластары қатты уайымдады – басқа шөнжіктер шығарып алуға тырысқанмен, одан түк шықпады.

Видео Russian Animals парақшасында жарияланды, парақшаны ашқандардың айтуынша, контент авторы – жануарларды құтқару қызметі.

Оқи отырыңыз: Пілдің баласын өзен ағызып әкетті – оқиғаның жалғасын ешкім күтпеген еді - видео 

Питомник қызметкерлері шөнжікті құтқару үшін жолбарыстарды ұзақ уақыт тыныштандыруға мәжбүр болды. Алайда мамандар қоршаудың ішіне кіргеннен кейінгі құтқару жұмыстары бірнеше секундқа ғана созылған.

Жаңалықтар
0