Видео

Бүркіт дронға шабуыл жасады –  биіктіктен түсірілген видео

Жазылу
Қырғызстанның жабайы табиғат фотографы Иван Турковский күтпеген жерден ерекше оқиғаға куә болып, таңғажайып видео түсірді

Оның дроны қарлы таулардың ғажайып көрінісін түсіріп жатқанда, бүркіт аяқ астынан квадрокоптерге сағатына 68 шақырым жылдамдықпен жақындап келген.

Дене тұрқы ұшу аппаратымен шамалас жыртқыш құс дронды тырнағымен тартпақ болған, бірақ кенеттен бұл ойынан айнып қалады.

Карантиндегі Алматы: құс қанаты талатын биіктіктен түсірілген қала - видео

Турковский күтпеген "қонақты" көргенде алдымен қорқып кетіп, содан кейін "керемет сезімді" бастан кешіргенін жасырмады.

Фотографтың айтуынша, аң аулап, ұшып жүрген осындай әдемі құсты көрудің өзі бір бақыт.

"Егер шындап шабуылдаса, ол мені құлататын еді, жай қызығушылық танытқан болса керек. Ең бастысы – ол еркін құс. Мен өзімнің "инелігіммен" оның иелігіндегі аумаққа басып кірдім. Тырнағын ғана тигізіп, жібере салғанына рақмет", - деп жазды Турковский әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол әлі күнге дейін толқып жүргенін атап өтті.  

Жаңалықтар
0