Ресейлік журналистер Армения лидері Пашинянға сұрақ қойды

135
(Жаңартылды 16:10 15.11.2020)
Олардың мәліметінше, Ресей Таулы Қарабақтағы қақтығыс жаңадан басталғанда әскери іс-қимылдарды ушықтырмай тоқтатуды ұсынған

Ресейлік тележүргізуші Роман Бабаян өзінің жартылай армян екенін және Бакуде туғанын, сондықтан ол Қарабақтағы қақтығыстың түп-тамыры туралы жақсы білетіндігін және бұл тақырыпты назардан тыс қалдыра алмайтынын айтты. Ол Армения премьер-министрі Никол Пашинянға мынадай сұрақтар қойды:

"РФ соғыстың бірінші күнінен бастап сіздерге жанжалды реттеудің әр түрлі үлгісін ұсынды – ол қазіргі кездегідей емес, өте жақсы үлгілер болды, сіз сонда әр жолы тыңдап, бас тарттыңыз ба? Осы соғыс басталған сәттен-ақ, сіздерге көмек ұсынылғаны және бұл көмек бірден және өте ауқымды түрде көрсетілгені рас па? Ресейдің ондаған әскери-көлік ұшағы Армения аэродромдарына қонғаны рас па? Өзіңіз сұраған қару-жарақ жүйесін алғаныңыз рас па?".  

Ол Армения премьер-министрі бұл сұрақтарға жауап береді деп үміттенетінін мәлімдеді.

"Россия сегодня" және RT ХАА бас редакторы Маргарита Симоньян да Пашинянға өз сұрақтарын жолдады:

"Пашинян мырза, сіз АҚШ-тағы достарыңызбен, тіпті ең жоғары деңгейдегі емес адамдармен шексіз сөйлесіп, ақылдасқаныңыз және  мұның бәрін тоқтату үшін Ресей ұсынған шешімдерді кешіктіріп, қабылдамағаныңыз рас па? Осы келіссөздер, сіздің баяулығыңыз, сенімсіздігіңіз және екі орындыққа отыруға деген талпынысыңыз қазіргі жағдайға әкелгені рас па?" - деп сұрады ол.

135

Алматы зообағындағы сурикаттар жұртшылық көзайымына айналды  - видео

31
(Жаңартылды 12:33 16.06.2021)
Красноярск "Роев Ручей" флора мен фауна паркінен Алматы зообағына әкелінген он сурикат жаңа жерге үйренбей жатып, бақ қызметкерлерін қуантты

Алматы хайуанаттар бағында сурикаттар бұрыннан бар болғанымен, соңғы уақытта саны азайып кеткен еді.

Сырт көрінісі сарышұнаққа ұқсайтын бұл сүтқоректілерге деген қызығушылық келушілер тарапынан өте жоғары. "Арыстан патша" мультфильміндегі Тимонның кейіпкерін еске түсіретін сурикаттар кішкентай қонақтардың сүйікті жануарына айналды.    

"Сурикаттар бірнеше отбасыдан құралған колониямен өмір сүреді. Ол отбасылар әрқашан бір-бірімен жауласады, сондықтан бақтағы бұрыннан бар сурикаттарды басқа жерге орналастырдық да, жаңа келгендерді осы жерге қалдырдық. Аумақ көлемі жиырмаға жуық жануардың жайлы өмір сүруі үшін қолайлы", - деді Алматы зообағындағылар.

Зообақ қызметкерлерін сурикаттар жаңа жерге келгеннен кейін екі апта ішінде қуантты. 

"Қазір олар өздерін жақсы сезінеді, көп уақытын далада өткізеді. Ересектердің әрекетін мұқият бақылап, олардың мінез-құлқын көшіруге тырысады", - дейді зообақ әкімшілігі.

Оқи отырыңыз: Алматы зообағындағы гималай аюлары қылықтарымен жұртты тәнті етуде – видео

Сурикаттар зообақ қонақтарының назарына үйреніп алған, қорықпайды. Сүйікті ісі күнге қыздырынумен әлек болады. Осы уақытта олар күлкілі әрекеттер жасайды. Келушілер де осы мезетті пайдаланып, фотоға түсіріп алады. Сондықтан болар, сурикаттардың күлкілі суреттері желіде тез таралады. 

31
Кілт сөздер:
Алматы, зообақ

Путин Байденмен кездесу алдында NBC телеарнасына сұхбат берді видео

50
Ресей президенті Владимир Путин америкалық NBC телеарнасының тілшісі Кир Симмонстың сұрақтарына жауап беріп, Мәскеу мен Вашингтонның қарым-қатынасын бағалады. Толығырақ видеода

Ресей лидері Владимир Путин америкалық NBC телеарнасына ауқымды сұхбат берді. РФ басшысының журналистермен әңгімесі оның америкалық әріптесі, президент Джо Байденмен кездесуі қарсаңында өтті.

Ресей президентімен сұхбат NBC телеарнасында 14 маусымда көрсетілді.

Онда Путин журналист Кир Симмонстың сұрақтарына жауап бере отырып, Ресейге кибершабуылдар бойынша тағылған айыптарды жоққа шығарып, АҚШ-пен тұтқындарды алмасу мүмкіндігі туралы айтты, Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынасқа баға берді.

С журналистом американского телеканала NBC Киром Симмонсом
Путин NBC телеарнасының тілшісі Кир Симмонстың сұрақтарына жауап берді

Осылайша, Путин кибер шабуылдар мен сайлауға араласу туралы Ресейге тағылған айыптарды "негізсіз" деп атап, "АҚШ бұған ешқандай дәлел келтірмеді" деп баса айтты.

Владимир Путиннің осы және басқа да сұрақтарға берген жауабын толығырақ видеодан көріңіз.

Бұған дейін хабарланғандай, Ресей мен АҚШ лидерлері Владимир Путин мен Джо Байденнің кездесуі Женевада 16 маусымда өтеді.

50
Архивтегі фото

Ғалымдар адам өмірін ұзартатын 3 сусынды атады

0
(Жаңартылды 17:06 16.06.2021)
Көк шай жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді, бұл өмір сүру ұзақтығының артуына себеп болады

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Ғалымдар ройбуш, түймедақ және көк шай ең пайдалы сусындар деген қорытындыға келді.

TVzvezda порталының хабарлауынша, мұндай сусындардың адам ағзасына тигізетін пайдасы мол, оның ішінде өмірді ұзартуға және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға себеп болады.

Ройбуш

Ройбуш антиоксиданттарға бай. Ол жүрек жұмысын жақсартып, қатерлі ісік, қант диабетінің пайда болуынан қорғайды, қабынумен күресіп, сүйектерді нығайтады және қартаю процесін бәсеңдету арқылы адам денсаулығына оң әсер етеді.  

Түймедақ шайы

Бактерияға қарсы тұратын түймедақ шайы адамды тыныштандырып, демалдырады, бұл адам өмірінің ұзаруына әсер етеді.

Техас университетінің зерттеуіне 60 жастан асқан 1677 ер мен әйел қатысты. Олардың арасында өлім-жітім сусынды ішпегендермен салыстырғанда үштен бірге азайған.

Көк шай

Көк шай жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді, бұл өмір сүру ұзақтығының артуына әкеледі. Атап айтқанда, көк шай ішу холестерин деңгейін және қан қысымын төмендететіні анықталды. Сондай-ақ, бұл сусын ағзаның иммундық жүйесіне қолдау жасайды, оның ауруға қарсы тұру қабілетін арттырады.

0
Тақырып бойынша
Қандай азық-түлік қартаюды баяулатады - дәрігер кеңес берді
Ғалымдар қызыл еттің адам өміріне қаупі туралы мәлімдеме жасады
Дәрігер қандай нан денсаулыққа зиян екенін айтты
Қазақстандық дәрігер рактың алғашқы белгілерін атады – неге мән берген жөн