Ит өмірден озған иесін 11 жыл бойы жолда күтіп отыр видео

240
(Жаңартылды 19:19 21.11.2020)
Жергілікті тұрғындар Мишканы "Тобылдық Хатико" деп атайды. Көлік жүргізушілері оған тамақ береді. Ал жолдағы қызметкерлер үйшік жасаған

Мишка өзінің иесін Ресейдің Тобыл-Туртас тасжолының учаскесінде күнде күтіп отырады. Алайда ол ешқашан оралмайды.

Мишка әлі күшік болған кезде қожайынын көлік қағып кетті. Олар екеуі бірге жолды кесіп өтпек болған.

Итті ер адамның туыстары өздеріне алғысы келді. Бірақ Мишка су мен тамақтан бас тартып, жолға қарай кете берген. Ол қожайынын соңғы рет 2009 жылы көрді.

Сол кезден бері ит осы жолда тұрады. 11 жылдан бері күндердің бір күнінде иесі оралатына сенімді.

Жергілікті тұрғындар Мишканы "Тоболдық Хатико" деп атайды. Көлік жүргізушілері оған тамақ береді. Ал жолдағы қызметкерлер үйшік жасаған.

Толығырақ видеода.

240
Тақырып бойынша
Елорда тұрғыны иттің соңынан суға секірген қызды құтқарамын деп ажал құшты
Көшеде мысықты шайнап тастаған иттің иесі табылды – видео
Әбжыланмен айқасқан ит өліп бара жатып баланы құтқарып қалды – видео
Қаңғыбас ит тамақ сұрау үшін ешкім ойламаған қулыққа барды - видео
Қарағанды облысында алты жасар қызды ит талап өлтірді

Ақтаулық Симба Алматыдағы жаңа "үйіне" үйреніп жатыр - видео

26
Жазда Ақтаудан Алматыға жеткізілген теңбілше демеушілер қаражатына хайуанаттар бағындағы кең қаумалға жайғасты. Әкімшілік Симбаға жұп тауып беру жағын ойластырып жатыр

Симбаның жаңа үйі бірнеше ай бойы салынды. Ол қарапайым тор емес, аумағы 750 шаршы метр қысқы павильоны бар қоршалған орын. Құрылыс кезінде Еуропалық және Дүниежүзілік хайуанаттар бағы мен аквариумдарына қатысты барлық талап сақталған.

"Хайуанаттар бағының тарихында алғаш рет қаумалды демеуші толықтай өз ақшасына салды. Бақ атынан Нұрәлі Әлиев пен оның Snow Leopard Foundation қорына алғыс білдіреміз. Олар құрылыс, тамақтандыру, тасымалдау және ветеринарлық тексеруді өз мойнына алды. Жаңа жылдан кейін арыстан бақтың балансында болады, яғни біздің қарамағымызға өтеді", - деді Алматы хайуанаттар бағының директоры Сейілхан Ақылбеков.

Симбаның орынжайын жасауға қанша қаражат жұмсалғаны нақты айтылмай отыр. 

Симбаның Ақтаудан Алматыға сапары

Симба туралы қазақстандықтар маусым айының басында алғаш рет естіді. Ол Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында жүрген. Ерекше жағдайды жұрт видеоға түсіріп, тарата бастады. 

Кейін полицейлер оның иесін тапты, алайда ол кері алғысы келмеген. 

Жануарларды қорғаушылар Симбаға жаңа үй іздеді. Алматы хайуанаттар бағы арыстан күшігін қабылдауға келісті.

26
Кілт сөздер:
видео, арыстан, Алматы, Ақтау
Тақырып бойынша
Жеті қазынаның бірі: тазы тұқымын сақтап қалу үшін не істеу керек – видео
Алматыны автобус-кабриолетпен аралауға болады - видео
Конор Макгрегордан айнымай қалған қазақстандық шоумен болып кетті - видео
Бұлан адамдармен футбол ойнап жүр – қызықты видео
Балықшы теңіз алыбына мініп алды – экстремалды видео

Қазақстандықтар пандемия кезінде Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты - видео

116
Санаулы күндерден кейін 2020 жыл да мәңгіге тарих қойнауына енеді. Тышқан жылы тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге ауыртпалық әкелді

Өтіп бара жатқан жыл адамзаттың есінде коронавирус пандемиясымен есте қалары анық. Осыған орай Sputnik Қазақстан тілшісі қазақстандықтардан 2020 жылдан не үйренгенін және Жаңа жылды қалай қарсы алатынын сұрады.

116
Кілт сөздер:
видео, жаңа жыл
Жамбыл Жабаев

"ХХ ғасыр Гомері" деген бағаға ие болған Жамбыл Жабаев жайлы қызықты деректер

0
Жыр алыбы, ақын, суырыпсалма ақын, қазақ халқының ұлы перзенті Жамбыл Жабаев туралы деректерді Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Арғы аталары дәулетті болғанымен, Жамбылдың әкесі Жапа шаруа кісі болған. Кей тарихи деректе жыр алыбының әкесі туралы шоқпыт шапанды кедей болған деген сипаттама кездеседі.

"Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан", - дейді Жамбыл ақын.

"Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкен кезде бесінмен ала жүрді", дейді ақынның өзі балалық шағы жайлы. Соған қарағанда ақын бала күнінде қоңырқай тірлік кешкен.

Жамбылдың туған нағашысы Жетісу өңіріне танымал әнші болған.

"Жетісудың даңқы асқан биі Бөлтірік Алатаудың баурайындағы ағайынды аралап келген екен. Сонда үлкен сөз өнері ортаға түсіп жатқанда даладан бір бала жүгіріп келген екен. Бірден барып Бөлтіріктің қолын алыпты. Сонда Бөлтірік баланың қолын ұстап тұрып, "атың кім, балам?" депті. "Атым - Жамбыл" деп жауап берген екен. "Атың Жамбыл болса, көкірегің даңғыл болар. Шырғалаңнан сөз келсе, шырқаушының өзі болар екенсің" деген екен", - дейді қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.

Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Сол кезде көпшіліктің аузынан түспей жүрген Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның батасын алады.

Жамбыл "Шағым", "Жылқышы", "Шәбденге", "Сәт сайланарда", "Өстепкеде", "Патша әмірі тарылды", "Зілді бұйрық" сияқты өлеңінде елдің әлеуметтік саяси өмірін көрсеткен.

Жамбыл Жабаев шығармашылығының шарықтау шегі тоқсан жастан асқан шағына тура келеді. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның онкүндігінде шымылдығын Жамбыл ашты. 360 өнерпаз барған бұл мәдениет күндерінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың, әнші Күләш Байсейітованың абыройы асқақтады. Жамбыл сол жылы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталды.

"1936 жылдан бастап Жамбылдың аты орыс тілі арқасында шетелге де тарала бастады. Кеңес үкіметі сол кезде 75 жылдық шығармашылық тойын тойламақ болады. Соның қарсаңында үй салып береді", - дейді Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалдық мұражай директоры Мәулен Қожашев.

Жамбылдың шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған.

Ақынның "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр", "Көрұғлы", "Бақ, дәулет, ақыл" деген дастандары бар.

ХХ ғасыр Гомері

Бірде Жамбылдың ел арасында оның ақындық қабілетіне күмән келтіргісі келетіндер де табылған. Сонда орталық комитет жазушы Леонид Соболевті жағдайдың анық-қанығын білуге Ұзынағашқа жіберген. Жамбылдың жыршылығына таңқалған жазушы үш күн қасында болып, "жиырмасыншы ғасырдың Гомері" деп баға берген.

Жамбыл саналы ғұмырында Құлманбет, Досмағамбет, Сарыбас, Майкөт, Бақтыбай, Бөлтірік, Шашубай ақындармен айтысқан. Соның ішінде Айкүміспен айтысы қыз бен жігіт айтысының жақсы бір көрінісі. Жас күнінде Жамбыл ақын Сара, Айкүміс, Сайқал, Кәмшат қыздармен айтысқан.

Жыр алыбы Жамбыл күйші Дина Нұрпейісовамен де жақын таныс болған. 1936 жылы танысып, таныстық соңы жақсы сыйластыққа ұласқан деген дерек бар.

Ақынның отты жырлары

Ақынның соғыс жылдары отан қорғау тақырыбына арнап жазған өлеңдері үш мың жолды құрайды. Әсіресе, "Ленинградтық өренім", "Москваға", "Майданға хат" сынды өлеңдері бар. Жамбыл ақын өмір мен өлім апралысына түскен Кеңес жауынгерлеріне отты жырлары арқылы жігер беруге тырысты.

Жамбылдың ұлы Алғадай жат елде оққа ұшқан болатын. Ұлының қазасынан кейін "Жамбылдың Алғадайды жоқтауы" деген өлеңі шықты. Кей дерекке сәйкес, Алғадайдан ұрпақ тарап, бүгінде бүтін бір отбасы болып отыр.

Жамбыл өзінің алдындағы аға буын өкілі Сүйінбай ақынды өзіне пір тұтқан. Ал Кенен Әзірбаев Жамбыл Жабаевты тәлімгері деп таныған.

Жамбыл 1945 жылы 22 маусымда Алматы облысының Ұзынағаш елді мекенінде 99 жасында дүниеден өтті.

1946 жылы ақпанда Қазақстан халқы жыр алыбының жүз жылдық мерейтойын тойлады. Сол жылы ақынның таңдамалы шығармаларының академиялық жинағы қазақ және орыс тілінде басылды.

0
Кілт сөздер:
қызықты деректер, Жамбыл Жабаев
Тақырып бойынша
"Өз жаназасын өзі шығарды": Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы деректер
"Көкейімнен кетпейді": ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің тілегі
Қазақтың "қазақ" деп атанып жүргені Сәкен Сейфуллиннің арқасы - танымал ақын
Абайдың үш әйелі: ақын сүйіктілеріне не сыйлаған - фото
Абайдың 175 жылдығы: ұлы ақын жайлы фильмдерді қайдан тамашалауға болады