Видео

Ақтаулық Симба Алматыдағы жаңа "үйіне" үйреніп жатыр - видео

Жазылу
Жазда Ақтаудан Алматыға жеткізілген теңбілше демеушілер қаражатына хайуанаттар бағындағы кең қаумалға жайғасты. Әкімшілік Симбаға жұп тауып беру жағын ойластырып жатыр

Симбаның жаңа үйі бірнеше ай бойы салынды. Ол қарапайым тор емес, аумағы 750 шаршы метр қысқы павильоны бар қоршалған орын. Құрылыс кезінде Еуропалық және Дүниежүзілік хайуанаттар бағы мен аквариумдарына қатысты барлық талап сақталған.

"Хайуанаттар бағының тарихында алғаш рет қаумалды демеуші толықтай өз ақшасына салды. Бақ атынан Нұрәлі Әлиев пен оның Snow Leopard Foundation қорына алғыс білдіреміз. Олар құрылыс, тамақтандыру, тасымалдау және ветеринарлық тексеруді өз мойнына алды. Жаңа жылдан кейін арыстан бақтың балансында болады, яғни біздің қарамағымызға өтеді", - деді Алматы хайуанаттар бағының директоры Сейілхан Ақылбеков.

Симбаның орынжайын жасауға қанша қаражат жұмсалғаны нақты айтылмай отыр. 

Симбаның Ақтаудан Алматыға сапары

Симба туралы қазақстандықтар маусым айының басында алғаш рет естіді. Ол Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында жүрген. Ерекше жағдайды жұрт видеоға түсіріп, тарата бастады. 

Кейін полицейлер оның иесін тапты, алайда ол кері алғысы келмеген. 

Жануарларды қорғаушылар Симбаға жаңа үй іздеді. Алматы хайуанаттар бағы арыстан күшігін қабылдауға келісті.

Жаңалықтар
0