Видео

Қарақат Башанова "Балалар Евровидениесінде" екінші орынға ие болды – видео

Жазылу
Ән авторы белгілі композитор Хамит Шанғалиев. Ол Ержан Максимнің "Арманыңнан қалма" әнін де жазған болатын

Ұлттық қазылар алқасы мен онлайн дауыс беру нәтижесіне сәйкес қазақстандық қатысушы 152 ұпай жинады. Франциялық Валентина 200 ұпаймен жеңімпаз атанды. Үшінші орын испаниялық Солеаға бұйырды (133 ұпай). Қазылар алқасы да Қарақатқа екінші орын берген болатын.

© Photo : скрин трансляции Junior Eurovision"Балалар Евровидениесі-2020" байқауының дауыс беру қорытындысы
Қарақат Башанова Балалар Евровидениесінде екінші орынға ие болды – видео - Sputnik Қазақстан
"Балалар Евровидениесі-2020" байқауының дауыс беру қорытындысы
Junior Eurovision 2020 ресми YouTube-каналында Қарақат Башанованың клипін 200 мың рет тамашалаған. 12 жасар әнші әкесіне арнаған Forever әнін орындады. Әкесі қыз 7 жаста болғанда өмірден озған. 

Қарақаттың клипін тамашалаған адамдар әнді тыңдап, көзіне жас алғанын жазып жатыр. 

"Ол Дисней ханшайымына ұқсайды, Қазақстанға дауыс беремін", - деп жазды өзін Nerd деп атаған қолданушы.

"Керемет дауыс, бұл шедевр", - дейді Diego Robles Martínez.

Ән авторы белгілі композитор Хамит Шанғалиев. Ол Ержан Максимнің "Арманыңнан қалма" әнін де жазған болатын.

Жаңалықтар
0