Видео

Калифорнияда Юта мен Румыниядағы сияқты жаңа монолит табылды – не болып жатыр?

Жазылу
Ютада табылып, содан кейін Румынияда қайта пайда болған үш метрлік төрт қырлы металл баған естеріңізде ме?

Дәл осындай монолит енді Калифорниядағы Пайн тауының шыңынан табылды. Оның сырты бұрынғыларынан өзгеше: бұрыштары тойтармамен дәнекерленген.  

Монолиттер туралы жаңалық әлеуметтік желіні дүрліктірді. Оларды кім, ең бастысы, не үшін орнатқаны әлі белгісіз.

Аспандағы таңғажайып шамдар: ерекше құбылыстың видеосы жарияланды 

Кейбір қолданушылар обелискілерді қарапайым өнер нысандары деп санайды.

Монолиттерді бөгде ғаламшарлықтар орнатқан дейтіндер де бар. Өйткені, олар Стэнли Кубриктің "2001 жыл: Ғарыш одиссеясы" фильміндегі обелискілерге өте ұқсас.

Жаңалықтар
0