Видео

Тау бөктеріндегі алып "смайлик" туристерді таңғалдырып жатыр – видео

Жазылу
Желтоқсан айының басында Американың Орегон штатындағы орманды беткейлердің бірі таңғажайып кейіпке енді

Қысқы суық келгенге дейін ағаш жапырақтары сарғайған кезде беткейлердің бірінде смайлик пайда болады!  

Себебі тоғыз жыл бұрын экологтар Орегондағы Вилламина және Гранд-Ронд шағын қалалары арасындағы таулардағы ормандарды қалпына келтіріп жатқанда ағаштардың бірнеше түрінен инсталляция жасаған.

"Тірі" инсталляция Дуглас сағызқарағайы мен самырсыннан жасалып, жылдар бойы туристерді қуантып келеді – сағызқарағайдың сарғайған қылқандары алып смайликтің бет-жүзін бейнелесе, самырсын оның көзіне айналып, "күлімсіретеді".  

Жаңалықтар
0