Видео

Алматылықтар коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны ектіруге дайын ба – видео

Жазылу
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикада коронавирусқа қарсы жаппай ерікті вакциналау келесі жылдан басталатынын мәлімдеді

Бірінші кезеңде халықтың инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары топтары, оның ішінде дәрігерлер, мұғалімдер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қамтылады.

Sputnik Қазақстан тілшілері Алматы көшесіне шығып, қарапайым азаматтардан "коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны ектіруге дайынсыздар ма?" деп сұрап көрді.   

"Әзірге салдырмаймын. Өйткені вакцина толық дайын емес. Жанама әсерлері бар. Адамдар өліп жатыр. Мысалы, Pfizer шығарған вакцинадан алты адам өлді деп естідім. Сондықтан жұмысты соңына дейін жеткізсін. 100% көрсеткіш болған кезде, салдыруым мүмкін", - деді алматылық Асқар.

Айта кетейік, сауалнамаға қатысқан алматылықтардың көпшілігі осы пікірде. Олар халықты вакциналаудан бұрын барлық клиникалық сынақты аяқтау керек деп санайды.  

"Жоқ! Адамдарды вакциналау үшін кем дегенде екі жыл өтуі керек. Ондай уақыт өте қоймады, бәрі адамдарға тексеріп көргісі келетін сияқты", - дейді алматылық Татьяна.

Тіпті кейбір респонденттер "иммунитеті өте жақсы" екенін алға тартып, коронавирустан қорықпайтынын мәлімдеді.

Журналистер сондай-ақ Алматы тұрғындарынан қайда өндірілген вакцинаны салдырғысы келетінін сұрады.

Айта кету керек, отандық препаратты өздеріне сынап көргісі келетіндер көп емес.

"Қазақстандық вакцинаның қалай шығатынын білмеймін. Егер сәтті шықса, әрине, отандықты таңдар едім", - деді Айдар.

Көбісі шешім қабылдағанға дейін белгілі бір вакцина туралы ақпаратты зерттейтінін баса айтты.

"Мен вакцина салдырғым келмейді. Мүлде алғым келмейді. Жоқ, қорықпаймын. Иммунитетім жақсы. Жаттығудың арқасында денсаулығымды жақсарттым. Спортпен айналысамын", - дейді респонденттер.

Жаңалықтар
0