Балалар бөлімшесі бар Қазақстандағы тұңғыш COVID-аурухана қандай видео

70
(Жаңартылды 09:48 14.12.2020)
Коронавирус жұқтырған пациенттерге арналған модульдік аурухана Алматыда ашылған болатын. Ол Қалқаман ауданында Aport сауда ойын-сауық орталығының маңында орналасқан. Толығырақ видеода

Ауруханада 12 бөлімше бар: мельцер бокстары, палаталар, қабылдау-диагностика және жансақтау бөлімшелері, зертхана, тамақтанатын жер, кір жууға арналған орын.

Бұдан бөлек, медициналық газдар станциясы, жергілікті тазарту құрылғылары, жедел жәрдем көліктеріне дезинфекция жасайтын барьер және медициналық қалдықтарды жоюға арналған блок бар.

Аумақта қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасының филиалы да салынды.

"Қалада балалар ауруханасы 700 мың тұрғынға арналған. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 2 миллионнан асты. Сондықтан осы жерде инфекциялық патологиялары бар балаларға арналған филиал ашылды", - деді Алматы балалар инфекциялық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин.

Аурухана 300 бүлдіршінге арналған.

70
Тақырып бойынша
Алматылықтар коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны ектіруге дайын ба – видео
Ригада COVID-19 сынамасын қол тигізбей алуға арналған аппарат іске қосылды – видео
Литвалық ұшқыш тамақ жеткізу арқылы ақша тауып жүр – видео
Біреудің түрін "өлшеп көруге" арналған дүкен пайда болды – видео
Мұздақтағы отты өзен: Камчаткада жанартау атқылады – видео

Отанға оралу: Ржев маңында қазақстандық жауынгерлердің сүйегі табылды видео

38
Сәуір айының соңында ресейлік "Пионер" іздеу тобы Ржев маңынан майданда мерт болған үш жауынгердің сүйегін тапты. Марқұмдардың өздерімен болған медальондарының арқасында олардың қазақстандық сарбаздар екені анықталды

Олардың есімі – Қамен Жұманов пен Төлебай Жұмабеков және Жағыпар Оразбаев еді. Сүйектер Белково тоғайынан табылды. Ал бұл жерде Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстаннан шыққан жауынгерлерден құралған 114-атқыштар бригадасы шайқасқан.

Еріктілер қайтыс болған жауынгер Қамен Жұмановтың қызы – 83 жастағы Мәдиниет Аяпбекованы да таба алды. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Мәдиниет апа әкесінің сексен жыл бұрын майданға аттанғанын айтқан. Ал 1941 жылы ол небәрі үш жаста болатын.

Бүгінгі таңда Қамен Жұманов пен Төлебай Жұмабековтің сүйегін отанына жеткізіп, жерлеу жоспарланып отыр. Ал үшінші сарбаз – Жағыпар Оразбаев – 22 маусымда Ржевтегі мемориалды зиратқа жерленеді.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар Ұлы Отан соғысының батырларын біле ме – видео

Айта кетейік, "Атамның аманаты" қоғамдық бірлестігі 2019 жылдың мамырында құрылды. Оның басты мақсаты – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабарсыз кеткен қазақ жауынгерлерінің тағдырын анықтау. Ұйым дерегінше, Қазақстаннан 271 000-нан астам жауынгер ұрыс даласында хабарсыз кеткен.

Қазіргі кезде қоғамдық бірлестік Ресей, Беларусь, Украина және басқа да елдердің іздестіру топтарымен өзара байланыс орнатқан. Екі жыл ішінде "Атамның аманаты" ұйымына 4 мыңнан астам жауынгер ұрпағынан өтініш түскен. Оның ішінде 850-ге жуық адамға қатысты деректер анықталды.

38
Кілт сөздер:
қазақстандық жауынгер, Ұлы Отан соғысы

Мәскеудің Қызыл алаңындағы Жеңіс парады толық видео

175
(Жаңартылды 15:16 09.05.2021)
Мәскеуде Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған әскери парад өтті

Осыдан жетпіс алты жыл бұрын Берлинде Германияның қарсылықсыз тізе бүгуі туралы актіге қол қойылды. Ұлы Жеңіс күні мерекесінің тарихы осылай басталды.

Жыл сайын бұл күні адамзат тарихындағы осы сұрапыл соғыстан қаза болғандардың рухына тағзым етіліп, аман-есен жеңіске жеткендерге құрмет көрсетіледі.

Оқи отырыңыз: Жарты миллион қазақстандық Жеңіс жолында қаза тапты – Тоқаев 

Жетпіс жылдан астам уақыт бойы Жеңіс парады Мәскеудегі Қызыл алаңда өтіп келеді. Бұл – тарихқа құрмет және бейбіт өмір сүруге мүмкіндік берген, Жеңісті сыйлаған халықтардың болашақ ұрпағын тәрбиелеу элементі.

2021 жылы парад қалай өтіп жатқанын видеодан көріңіз. 

175
ер адам

Опық жеп қалды: досының кеңесіне құлақ асқан ШҚО тұрғыны сотталып кетті

0
Аңғалдық танытқан ер адам досының оны жаңылдырғанын түсініп, сот отырысында өз кінәсін мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында үш жылға бас бостандығы шектелген ер адамның жазасы үш жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырылды, деп хабарлайды ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамға түрмеден босап шыққан досы есепке тұрмауға және пробация қызметіне тіркеуге бармауға кеңес берген. Оның бұл сөзіне құлақ асқан тұрғын басқа ауылға кетіп, 7 ай бойы пробация бақылауынан жасырынып жүрген.

"2020 жылы азық-түлік ұрлағаны үшін оның 3 жылға бас бостандығы шектелді. Сот оны 10 күн ішінде пробация қызметіне есепке тұруға міндеттеді. Алайда досының "жақсы" кеңесі бойынша сотталған адам бақылаудан жалтаруға шешім қабылдаған. Ол тіпті досының жақында түрмеден шыққанын білмеген ", - деді пробация қызметінің бастығы әділет майоры Қазкен Бодаев.

Кеңес берген ер адамның өзі пробация қызметінің бақылауынан жалтарғаны үшін сотталып кеткен.

"Ол есепке тұру үшін пробация қызметіне келген жоқ. Біз іздестіру іс-шараларын бастадық, сот қаулысы бойынша жазадан жалтарған сотталғанды "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді", - деп толықтырды Бодаев.

Аңғалдық танытқан ер адам досының осындай кеңес беру арқылы оны жаңылдырғанын түсініп, сот отырысында өз кінәсін мойындады. Енді ол түзеу мекемесіне жіберіліп, жазасын темір тордың арғы жағында өтейтін болады.

Оқи отырыңыз: Өскеменде түн ортасында бұрынғы әйелінің үйіне барған ер адамның өмірі өзгеріп кетті

0
Кілт сөздер:
достық, ШҚО