Видео

Димаштың жаңа бейнебаяны бір күнде 200 мың рет қаралды – видео 

Жазылу
Қазақстандық әншінің бейнебаяны бір күнде 230 мыңнан аса қаралым мен жеті мыңнан астам пікір жинаған

Димаш Құдайбергеннің "Мен сені сағынып жүрмін" ("Я скучаю по тебе") әніне түсірілген бейнебаяны әншінің ресми Youtube арнасында бір күн бұрын жарияланды.

Игорь Крутойдың әніне жазылған музыкалық туынды бірден көрермен ойынан шықты. Клип бір тәулікте 200 мыңнан аса қаралым жинады. 

Айта кетейік, әнші аптаның басында жаңа бейнебаяны шығатынын хабарлап, қысқа видео жариялады. 

Ол жайлы ақпарат тарататын Dimashnews сайтының хабарлауынша, ән Димаш Құдайбергеннің барлық жанкүйеріне деген сағынышын білдіреді. Себебі оның алдында әнші карантин кезінде сахнаны сағынғанын айтқан болатын.

Айта кетейік, әнін композитор Игорь Крутой, сөзін Игорь Николаев жазған "Мен сені сағынып жүрмін" әнінің тұсаукесері Мәскеуде өткен болатын.

"Құрметті достар! Бұл өте толғанысты сәт, араға тоғыз ай салып мен қайтадан сахнаға шықтым. Көрермендерді қатты сағынып қалдым. Әрине, сахнаны, Игорь Яковлевичті, ол кісінің роялін сағындым", - деді Димаш Құдайберген.

Сондай-ақ, әнші жаңа ән көрермен көңілінен шығатынына сенім білдірді.

 

Жаңалықтар
0