Видео

"Спутник V" вакцинасы коронавирустың жаңа штаммдарына қарсы тұра алады – видео

Жазылу
Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев "Спутник V" вакцинасы коронавирустың барлық штаммы, соның ішінде жуырда Ұлыбритания аумағында анықталған инфекциямен тиімді күресетінін мәлімдеді. Толығырақ видеодан көріңіз

Кирилл Дмитриевтің айтуынша, ресейлік препарат бұған дейін вирустың түрлі мутациясымен бетпе-бет келген, олар оның тиімділігіне еш әсер еткен жоқ.

"Спутник V" вакцинасы алғаш еккен кездің өзінде вирусқа қарсы қорғаныштың жоғары деңгейін, 70-тен 85 процентке дейін, көрсетті. Бұл басқа вакциналармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш. Инфекциялық толқынды төмендете алмай отырған елдерге бұл әжептәуір көмек болар еді. Біз тіпті бір инъекцияның өзі оң әсер беретініне сенімдіміз", - деді ол.

Сонымен қатар, қор басшысы AstraZeneca фармацевтика компаниясымен ынтымақтастық туралы айтты. Қазір компания өз вакцинасын "Спутник V" препаратымен қосып, сынақтан өткізіп жатыр.

Жаңалықтар
0