Видео

Қоян аққаланың сәбізін жеп қойды – қызықты видео

Жазылу
Ұлыбританияның шағын қалашығында қоян аққаланың мұрнын жеп қойды. Оның көзі бірден сәбізге түскен

Бұл жағдайды видеоға түсіріп алған отбасы желіде бөлісті.

Олар бір күн бұрын балаларымен шағын аққала жасаған. Туындыны бұта және сәбізбен безендірді.

Ал таңертен оянып, аққалаға қауіп төніп тұрғанын көрген. Аппақ қоян сәбізге қызығып, аққалаға қарай бет алды.

Алайда бұл жайтқа бола балалардың да, ата-анасының да көңілі түскен жоқ. Олар, керісінше, қызықты сәтті көріп мәз-мейрам болды.

Толығырақ видеодан көре аласыз.

Жаңалықтар
0