Шебер жігіт қатырма қағаздан бірнеше мотоцикл жасады видео

83
(Жаңартылды 09:53 06.01.2021)
Бразилиялық қатырма қағаздан брендтік мотоциклдер көшірмесін жасайды. Ол қолда бар заттардың бәрін қолданады

Он тоғыз жастағы Сан-Паулу тұрғыны Генри Гонсалвес бірнеше жылдан бері байкер болуды армандайды. Алайда әлі мұндай мүмкіндік болмағандықтан, көлікті қағаздан жасауға кірісіпті.

Ол қатырма қағаз, пластик, қолда бардың бәрінен белгілі бренд мотоциклдерінің репликасын әзірлейді.

Гонсалвес 15 жасынан бері осы іске әуестене бастап, миниатюралық модельдер жасады. Өткен жылдан бастап өлшемі нағыз көлікпен бірдей көшірме істейтін болды. Шебер қолынан шыққан алғашқы мотоцикл - Honda CB 600 F Hornet. Генри туындысын 10 ай бойы әзірлеген.

Екінші байк - BMW R 1200 көшірмесі. Оған әлдеқайда аз уақыт жұмсалды.

Генри өз туындыларын желіде жариялап, интернет жұлдызға айналып шыға келді.

83
Кілт сөздер:
мотоцикл, видео
Тақырып бойынша
- 40 градус аяз: Павлодарда кіреберіс есігі қатып қалды – видео
Қытайда жүрек жұтқандарға арналған жаңа көпір пайда болды – видео
Қоян аққаланың сәбізін жеп қойды – қызықты видео
Тышқан жылы бүкіл Қазақстанды дүрліктірген оқиғалар - видео
Жорик атты төбет қалайша бұралқы жануарлардың символына айналды – видео

Бір аяғынан айырылған жігіттер паркурден команда құрғысы келеді видео

24
Палестинаның Газа қаласында тұратын Мұхаммед Алива мен Ахмед Әбу Дакин тіпті кесілген аяқ та спорттан бас тартуға себеп бола алмайды деп санайды

2018 жылы атыстардың бірінде аяғынан айырылған Мұхаммед жарақат алғанға дейін футбол ойнап, марафондарда жүгірген.  Енді ол бір аяғымен болса да, халықаралық спорттық шараларда ел намысын қорғау арманын жүзеге асыруға бел буып отыр.  

Бір аяғы кесілген Ахмед те паркурмен (кедергіден өту) айналысады. Өз шеберлігін көрсету үшін жастар протезін шешіп, қоршаулар мен қабырғалардан ептілікпен секіріп жүр.

Спортшылар сонымен қатар баскетбол, футбол ойнайды және өз командасын құруды армандайды.    

24
(173:04 / 2876.49Mb / )

Лавровтың 2020 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты - толық видео

59
(Жаңартылды 09:32 19.01.2021)
Сергей Лавровтың ауқымды баспасөз мәслихаты тұңғыш рет онлайн форматта өткізіліп отыр. Толығырақ Sputnik Қазақстан эфирінде

Ресейдің сыртқы істер министрі журналистердің сауалдарына жауап берді. Жиын негізінен көрші елдің 2020 жылдағы дипломатиясының қорытындысына арналды.

Ауқымды баспасөз мәслихаты тұңғыш рет онлайн форматта өткізіліп отыр.

Әдетте мұндай баспасөз мәслихатына ондаған елден жүздеген бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысады.

59
Кілт сөздер:
Ресей, тікелей эфир, баспасөз
Тақырып бойынша
Лавров Путиннің мәлімдемесін оқып берді – видео
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуында ән шырқады – видео
Лавров Навальный оқиғасына қатысты Еуроодақ санкциясы жөнінде пікір білдірді
Қазақстан мен Ресей жаңа газ құбырын салады – видео
Лавров Батыстың айыптауларына қатысты пікір білдірді
Жедел жәрдем көлігі

Петропавлда жолаушыны екі бірдей көлік қағып кетті: оқиғаның мән-жайы

0
Қазіргі кезде осы фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Петропавл қаласында жолаушыны екі бірдей көлік қағып кетті. Ер адам жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 18 қаңтарда болған. Toyota RAV4 маркалы көлікті жүргізіп келе жатқан 53 жастағы әйел Мағжан Жұмабаев көшесінде 32 жастағы ер адамды қаққан. Соққының қатты болғаны сонша, жолаушы қарсы бағытта келе жатқан көліктің астына түскен.

"Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Ол жолды рұқсат етілмеген жерде кесіп өтпек болған", – дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Жол апаты кезінде терезеден ұшып кеткен баланы куәгер құтқарып қалды – видео

Айта кетейік, бұл бапта кінәлі адам белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан және бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

0
Кілт сөздер:
Петропавл, жол апаты
Тақырып бойынша
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Алматыда адам өмірін қиған жол апаты: оқиға орнынан тапанша мен пышақ табылды
Ақтауда болған жол апаты камераға түсіп қалды
Алматыда он сағатта 70-тен аса жол апаты болды
Бес адам көз жұмды: Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды