Алматыдан жүз шақырым жердегі Қапшағай су қоймасы – танымал демалыс орны. Жазда мұнда жағажай мен суды ұнататындар, ал қыста балық аулау ісін жетік білетіндер жиналады.
Қазақстандағы ең ірі су қоймаларының бірі – Қапшағай су қоймасы қолдан жасалды. Ол Іле өзенінің ағысын реттеу үшін қажет болды. 1965-1980 жылдары Қапшағай шатқалында бөгет және Қапшағай су электр станциясы салынды. Суды толтыру 1970 жылы басталды.
Ресейдің Находка қаласында өрт сөндіруші болып қызмет ететін азаматтың қауіпті жаттығуы көпшіліктің таңданысын тудырды.
Бейнежазбада ресейлік төтенше жағдайлар қызметкері күш пен дәлдікті бір нүктеде түйістіре алу қабілетін көрсетеді. Яғни, тепе-теңдікті сақтау арқылы балтаның жүзіне бар салмағын шебер түсіреді.
Сонымен қатар ол арқасына оттегі бар баллонды да қойып алады.
Оқи отырыңыз: "Спутник V" вакцинасының 2 миллион дозасы Венгрияға жеткізіледі
Осылайша, ер адам балтаның жүзінде тұрып, жерден қолмен көтерілу жаттығуын орындайды.
Sputnik Қазақстан тілшілері полигонда болып, цифрландыру елорданы қардан тазарту жұмысын жақсартуға қалай көмектескенін біліп қайтты.
Енді коммуналдық қызметтер қар тазалаудан жалтара алмайды. Бақылау камераларын орнату қар шығару көлемін және әр жүк көлігі жұмысының тиімділігін бақылауға көмектеседі.
Қар полигоны 2020 жылдың 12 қарашасында ашылды. Үш айдың ішінде мұнда 641 мың тонна қар түсірілді. Бұл былтырғы қысқа қарағанда 87 мыңға аз.
Қазір елорданың сол жағалауындағы қарды тазартумен 30-дан астам мердігер айналысып жатыр. Аудан бойынша қар тазалауға 400-ден астам адам жұмылдырылды. 12 сағаттық ауысым кезінде полигонға 1300 КамАЗ қар әкелінеді.
Полигондағы он камера әр көліктің мемлекеттік нөмірін және әкелінген қардың көлемін түсіреді. Жүйе онлайн-режимде жұмыс істейді және ақпаратты бүкіл маусым бойы сақтайды. Мұндай тәсіл коммуналдық қызметтерді тәртіпке келтіріп, адам факторын жояды. Әрбір қызмет көрсетуші қарды тазартып, ақысын уақытында алуға мүдделі.
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Петропавлда қоқыс алаңдары мен автомобиль тұрақтарына және автобус аялдамаларына бейнебақылау камералары орнатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әкімдіктің мәліметінше, қала бойынша барлығы 120 камера орнатылған.
"Бұл камералар бұзақылық әрекеттердің алдын алу үшін орнатылды. Яғни, қоқысты арнайы белгіленбеген орындарға тастайтындарды анықтауға көмектеседі. Бақылау камералары IKOMEK-109 қызметімен байланыстырылған және жазбалар апта бойы базада сақталады", – делінген хабарламада.
Айталық, жуырда ғана аялдамадағы шыны әйнекті сындырған бұзақылар жаңа камералардың көмегімен табылған.
Сол сияқты вандализм фактісі туралы әрекеттер де осы құрылғылардың көмегімен анықталған. Алкогольдік ішімдік ішкен азаматтар үш автобус павильонының витражын шағып тастаған. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметі бойынша, олардың әрқайсысының құны 440 мың теңгеден асып түседі.
Оқи отырыңыз: Астанада бақылау камерасы мен куәгерлердің арқасында тонаушылар қолға түсті
Қазіргі кезде күдікті ретінде колледждің екі студенті мен олардың кәмелет жасқа толмаған досы ұсталды.