Боксшы әжей: қария 74 жасында жұдырықтасып жүр - видео

462
(Жаңартылды 19:11 13.01.2021)
Түркияның Анталия қаласының тұрғынына дәрігерлер ерекше терапия белгіледі. Ол диета, екпе және дәрінің орнына спортпен шұғылдануы тиіс

Түркиялық әжей 74 жасында спортпен әуестене бастады.

Нэнси Ван Дер Стратен бірде-бір жаттығуды қалдырмайды. Жас спортшылар оның боксқа деген қызығушылығына таңғалуда.

Ол үшін бұл хобби ғана емес, қария, осылайша, Паркинсон ауруын жеңбек.

Әжейдің жаттығуын видеодан көре аласыз.

462
Тақырып бойынша
72 жаста: қыста жалаңаштанып жүгіретін алматылық ақсақал кеңес берді – видео
Көлік тізгінінде 61 жыл – жамбылдық полиция жүргізуші әжей туралы видео түсірді
Әжей жол үстінде көлік жүргізушісін ұрып тастады – видео
85 жастағы қария қаруланған қарақшылардың сазайын берді – видео
Тірідей жанып кетер еді: 72 жастағы қария мүгедек әйелін өлімнен құтқарды

Өрт сөндірушінің әрекеті желі қолданушыларының таңданысын тудырды видео

7
(Жаңартылды 09:54 27.01.2021)
Кәдуілгі балтаны пайдаланып түрлі жаттығулар жасаған өрт сөндірушінің әдеттен тыс жаттығуы әлеуметтік желіде кеңінен тарады

Ресейдің Находка қаласында өрт сөндіруші болып қызмет ететін азаматтың қауіпті жаттығуы көпшіліктің таңданысын тудырды.

Бейнежазбада ресейлік төтенше жағдайлар қызметкері күш пен дәлдікті бір нүктеде түйістіре алу қабілетін көрсетеді. Яғни, тепе-теңдікті сақтау арқылы балтаның жүзіне бар салмағын шебер түсіреді.

Сонымен қатар ол арқасына оттегі бар баллонды да қойып алады.

Оқи отырыңыз: "Спутник V" вакцинасының 2 миллион дозасы Венгрияға жеткізіледі

Осылайша, ер адам балтаның жүзінде тұрып, жерден қолмен көтерілу жаттығуын орындайды.

7

Сөзге емес, камераға сенеміз бейне бақылау жасалатын Нұр-Сұлтандағы қар полигоны

31
Цифрландыру Нұр-Сұлтандағы қар полигонына жетті. Өткен жылы қыста елорда көшелерін қар басып қалғаннан кейін, қар полигонына бақылау камералары орнатылды

Sputnik Қазақстан тілшілері полигонда болып, цифрландыру елорданы қардан тазарту жұмысын жақсартуға қалай көмектескенін біліп қайтты.

Енді коммуналдық қызметтер қар тазалаудан жалтара алмайды. Бақылау камераларын орнату қар шығару көлемін және әр жүк көлігі жұмысының тиімділігін бақылауға көмектеседі.

Қар полигоны 2020 жылдың 12 қарашасында ашылды. Үш айдың ішінде мұнда 641 мың тонна қар түсірілді. Бұл былтырғы қысқа қарағанда 87 мыңға аз.

Қазір елорданың сол жағалауындағы қарды тазартумен 30-дан астам мердігер айналысып жатыр. Аудан бойынша қар тазалауға 400-ден астам адам жұмылдырылды. 12 сағаттық ауысым кезінде полигонға 1300 КамАЗ қар әкелінеді.

Полигондағы он камера әр көліктің мемлекеттік нөмірін және әкелінген қардың көлемін түсіреді.  Жүйе онлайн-режимде жұмыс істейді және ақпаратты бүкіл маусым бойы сақтайды. Мұндай тәсіл коммуналдық қызметтерді тәртіпке келтіріп, адам факторын жояды. Әрбір қызмет көрсетуші қарды тазартып, ақысын уақытында алуға мүдделі.

31