Видео

Ерте тұрады, әлеуметтік желіде отырмайды – Асқар Мамин туралы қызықты деректер

Жазылу
Асқар Мамин 2019 жылдың ақпанында премьер-министр болып тағайындалды. Ол келгесін министрлер кабинетінің отырысы бір сағат ерте – таңғы тоғызда басталатын болды

Барлық министр баяндаманы қазақ тілінде жасады.

Коронавирус пандемиясы кезінде президент министрлердің еңбек демалысына шықпайтынын айтты.

Маминнің тұсында үкімет "жасарды". Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 37 жаста, ол – ең жас министр.

Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

Көктемнен бері үкімет отырысы журналистердің қатысуынсыз онлайн өтіп жатыр. Министрлер өз кабинетінде отырып, бейнебайланыс арқылы есеп береді.

Мамин отырысты байсалды, жинақы әрі артық эмоциясыз өткізеді.

Оның әлеуметтік желілерде парақшасы жоқ.

Мамин елорданың байырғы тұрғыны, 1965 жылы Целиноградта туған. Қазіргі ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовпен бір сыныпта оқыған. Бала күнінде хоккейге қызыққан. Толығырақ видеодан көріңіз.

Жаңалықтар
0