Видео

Латвиядағы журналистер қиындыққа тап болды - Березовская

Жазылу
Журналистің айтуынша, Ресейде тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты қолданылған шара адам құқығын бұзады

RT өз жобасының үшінші бөлімінде Алла Березовскаядан сұқбат алып, Латвияда "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігімен әріптестік орнатқаны үшін орыс тілді жеті журналистке қарсы қылмыстық іс қозғалуын талқылады. 

Березовскаяның айтуынша, ресейлік ресми БАҚ-қа қарсы нағыз қудалау жарияланды. 

"Өз орнымда отырып, әдеттегідей жұмысымды істеп отырғанмын. Есік қоңырауы басылды. Есікті ашатын кезімде домофон камерасы арқылы полиция қызметкерін көрді. Өзінің аты-жөнін атаған тәртіп сақшысы есікті ашуымды өтінді. Олар артқы есіктен де кірді. Үйге кірген офицер маған сот шешімін көрсетіп, осыған байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Ол сол себепті менің пәтерімде тінту жүргізіп, ақпараттық тасымалдағыш болып табылатын құралдар тәркіленетінін де жеткізді", - деп сол күнгі оқиғаны есіне алды Алла Березовская. 

Ол үйді тінтуге келгендердің арасында болған бетперде таққан азамат журналистің компьютеріндегі барлық мәліметті көшіріп жазып алғанын да айтты. 

"Содан кейін олар екінші қабатқа көтеріліп, жатын бөлмедегі немеремнің сынып қалған планшетін де алып шықты. Оның ішінде ойыннан басқа ештеңе жоқ болатын. Олар қараңғы екеніне қарамастан, даланы, үй аумағын да тексеріп шықты", - дейді ол. 

Березовская санкияны бұзу бойынша айып тағылады деп ойламағанын айтты. Ол үшін бұл күтпеген жағдай болған.

"Мен Латвиядағы орыс тілінде білім беру, азаматтық алу, нацизмді ақтау, қылмыстық қудаалауға тап болған құқық қорғаушылар мен журналистер жайлы көп жазамын. Мені осыларға қатысты айыптайтын шығар деп ойладым. Бірақ, бізді санкция бұзды деп айытпауы мені таңғалдырды. Жалпы, ресейлік БАҚ-қа қарсы нағыз қудалау болып жатыр. Ресейлік ресми БАҚ-та жұмыс істейтіни журналистерге адам құқығы, сөз бостандығы мен демократия талаптары қолданылмайтынын дәлелдегілері келетін сияқты", - дейді БАҚ өкілі. 

Ол Baltnews.lv порталына түрлі тақырыпта материалдар жариялап тұрған. 

"Осыдан сегіз жыл бұрын әріптесім әрі жақын досым Андрей Яковлев Baltnews.lv атты сайт құрды. Ол менен осы порталға ақпараттар жазып, журналистік бағана жүргізуімді сұрады. Мен келістім, әрине. Қайта тіркеуден кейін Baltnews.lv Ресей меншігіне айналса да, менімен әріптестік бұзылған жоқ. Келісімшартт бойынша жұмыс істедім. Көбіне, өз ақпаратымды өзім ұсынатынмын. Айына бір-екі материалым жарияланатын. Бізді санкцияларды бұзды деп айыптап отыр. Мен бұл тұжырыммен келіспеймін", - дейді журналист. 

Ол Латвиядағы азаматтарды, соның ішінде, депутаттар мен шенеуніктердің Ресей жайлы негативті пікір білдіруіне қатысты бірде-бір қылмыстық қудалау болмағанын еске салды. 

"Латвиядағы Сейм депутаты Эдвин Шноре орыстар жайлы "оларды бит-сірке секілді сығып тастап, көзін жою керек" десе, латыш жазушы Дидзис Седлениекс "генетикалық ауытқу" деп кемсітті. Сол сияқты, Латвия радоисының дикторы "неге біз немістерден құтылы алдық та, орыстардан құтыла алмай жатырмыз?" деп таңданыс білдірді. Осы сияқты көптеген арандатушылық фактілер бойынша сауал тастағанымызда, бізге "қылмыс құрамы жоқ, бұл сөз бостандығы"деп жауап беретін", - деп түйіндеді Березовская. 

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 3 желтоқсанында құзырлы орган өкілдері Sputnik және Baltnews.lv тілшілерінің үйінде тінту жүргізіп, жауап алды. Арнайы қызметтің ақпаратынша, журналистер Еуроодақтың санкциялық режимін бұзды деп айыпталуда.

Жаңалықтар
0