Видео

Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген таңғажайып видео

Жазылу
Солтүстік полярлық шұғыла Жер атмосферасынан тыс кеңістікте қалай көрінетінін ғарышкер жариялаған видеодан тамашалауға болады

Қазақстан тумасы, ресейлік ғарышкер Сергей Кудь-Сверчков таңғажайып құбылысты Халықаралық ғарыш станциясынан видеоға түсіріп алған.

"Түнде де мұхитты, бұлттар мен түнгі қалаларды, сонымен қатар Құс жолын анық көре аласыздар", - деп жазды бортинженер Instagram-парақшасында.

Сергей Кудь-Сверчков 1983 жылы Қызылорда облысы Ленинск қаласында (қазіргі Байқоңыр) туған.

Халықаралық ғарыш станциясында Кудь-Сверчковпен бірге ресейлік ғарышкер Сергей Рыжиков, НАСА астронавтары Кэтлин Рубинс, Майкл Хопкинс, Виктор Гловер, Шеннон Уокер және жапондық астронавт Соичи Ногучи бар.

Жаңалықтар
0