Сексен жылда болмаған: испаниялықтар арбаға ит жеге бастады видео

64
(Жаңартылды 09:53 18.01.2021)
Әдетте жылы ауа райы болатын Испанияда соңғы 80 жылда қалың қар жауды. Жиырма жылда болмаған суық ауа райы келді

Испания астанасының маңында тұратын адамдар қалың қар салдарынан үйден шыға алмай қалды. Олар ерекше көріністі терезеден тамашалады.

Ер адам арбаға ит жегіп, көшеге шықты. Видео авторы мұндай көрініске таңғалғанын жеткізді. Ол қазіргі уақытта бұл таптырмас көлік деп отыр.

Видео Мадридтен 40 шақырым жердегі Сан-Лоренсо-де-Эль-Эскориаль қалашығында түсірілген. Әдетте мұнда қар түспейді, қыста да өсімдіктер өсіп тұрады.

64
Тақырып бойынша
Боксшы әжей: қария 74 жасында жұдырықтасып жүр - видео
Алматыда зейнеткер полиция қызметкерлеріне шабуылдады – видео
Тарихта алғаш рет: Трампқа екінші рет импичмент жарияланды – видео
Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген таңғажайып видео
Ту-160 зымыран-тасығышы әуеде қалай "қуаттанады" – видео

ЕАЭО аясында өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту басымдықтары талқыланды

17
(Жаңартылды 16:57 16.04.2021)
ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені министрі Артак Камалянның қатысуымен халықаралық Sputnik ақпарат агенттігінде бейнеконференция өтті

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігінде ЕАЭО елдерінің өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 жылға арналған басым бағыттары бойынша Мәскеу–Нұр-Сұлтан–Бішкек–​​Ереван–Минск бейнекөпірі ұйымдастырылды.

БАҚ өкілдерінің сұрағына Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені министрі Артак Камалян жауап берді.

Оқи отырыңыз: Неліктен жақын шетелдерде жер сілкінісі жиіледі – бейнекөпір

Бейнекөпір Sputnik.kz сайты мен Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

17
Кілт сөздер:
экономика, ЕАЭО

Қазақстандағы ең "жасыл кеңсе" байқауы: нені білу керек видео

18
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "Жасыл кеңсе" ІІІ республикалық конкурсының басталғаны туралы онлайн конференция өтті

Компаниялардың экологиялық саясатын қалыптастыруға және кеңсе ресурстарын сақтауға арналған "Жасыл кеңсе" республикалық байқауы ресми түрде он аталым бойынша 15 сәуірде басталды.

Оған мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау, сауда және сауда құрылымдары, индустрия, халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ және басқа да мекемелердің өкілдері қатыса алады. Жеңімпаздар осы жылдың қыркүйек айында белгілі болады.

Жобаның мақсаты экологиялық өмір салтын, елде озық "жасыл" және төмен көміртекті технологиялардың таралуын насихаттау болып саналады.

Қатысушылар:

  • Диана Дигол, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы кеңсесі басшысының орынбасары;
  • Асхат Сүлейменов, "Жасыл экономиканы" және G-Global дамыту коалициясының атқарушы директоры;
  • Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі.

Баспасөз конференциясының трансляциясы 15 сәуірде, сағат 11: 00-де Sputnik.kz сайтында және біздің YouTube каналымызда тікелей эфирде өтті.  

18
Әскери оқу-жаттығу

Жағдай шиеленісіп барады: Ресей мен Украина қатынасы қалай өрбиді

0
Британдық және америкалық радиоэлектронды барлау ұшақтары мен кемеге қарсы ұшақтар Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Соңғы күні Солтүстікатлантикалық альянс шығыс Еуропада күрт белсенділік танытып жатыр. Бұл Киевтің Донбаспен шекараға қосымша бөлімшелер мен техника жеткізуіне қатысты жауапты әрекет екені ешкімге жасырын емес, деп жазады РИА Новости.

Донбастағы жағдайдың кезекті рет өршуіне байланысты НАТО елдерінің авиациясы бұл аймақта жиі төбе көрсетіп жүр. Түйісу орнында RQ-4 Global Hawk барлаушы дрондары тұрақты күзетте тұр. Олар ДХР мен ЛХР әскерінің қорғанысқа даярлығын назардан тыс қалдырмауда. Ұшқышсыз ұшу аппараттары түсірген суреттер сол мезетте киевтік әскери қолбасшылардың үстеліне жететініне еш күмән жоқ.

Украина қарулы күштері де әуе барлауын күшейтті. Сарбаздар Түркиядан сатып алған Bayraktar TB2 соққы жасаушы дрондарын байқаған. УҚК-де мұндай алты дрон бар. Қосымша ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізу туралы келісімшарт жақында Украина президенті Владимир Зеленскийдің Түркияға сапары кезінде жасалғаны мәлім болды.

Сонымен қатар, батыс авиациясы Қырым жағалауына күн сайын мониторинг жүргізіп отыр. Британдық және америкалық Boeing RC135W және Lockheed P-3COrion радиоэлектронды барлау ұшағы мен P-8APoseidon кемеге қарсы ұшағы Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр. Олардың басты міндеті – Қара теңіз флоты кемелерінің әрекетін қадағалау және түбекте орналасқан әскери топтың әуе шабуылынан қорғаныс жүйелерінің позицияларын анықтау.

НАТО өңірдегі әскери-теңіз қатысуын да күшейтіп жатыр. Сәуірдің соңына дейін АҚШ ӘТК-нің екі зымыран эсминеці Қара теңізге шығуы керек. Пентагонның ресми мәлімдемесі бойынша, кемелерді бағыттау қалыпты сипатқи ие. Алайда Кремль жағдайды назарда ұстап отыр. Себебі бұл эсминецтер елуден астам "Томагавк" қанатты зымыранын тасымалдайды.

"Америка Құрама Штаттарының әскери белсенділігіне, соның ішінде Қара теңізге кеме кіргізуіне келсек, бұл тұрақты болып жатыр. Қазір бұл әсіресе агрессивті қарқында орындалуда", – дейді Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров.

Тағы бір қызық жағдай: АҚШ ӘӘК әскери-көлік авиациясының ұшақтары Киевке қандай жүк жеткізіп жатыр?

Мамандар FlightRadar интернет сервисінің көрсеткішіне назар аударып, АҚШ, Германия мен Балтық маңы елдерінен ұшып шыққан америкалық С-17 мен С-30 Борисполь әуежайына тоқтап, жүк түсіріп, кері қайтып жатқанын анықтады.

Әскери сарапшы Алексей Леонковтың пікірінше, Вашингтон Украинаға радиоэлектронды күрес кешендерін жеткізіп жатыр. Бұл жақын уақытта УҚК шабуыл жасайды дегенді білдіреді. Ресей де қол қусырып отырмайтыны анық.

"Егер жағдай ушығатын болса, онда біз өзіміздің және қай жерде жүрсе де, өз азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығын жасаймыз. Мұндай өршуге Киев пен оның Батыстағы кураторлары толық жауапты болады. Сондай-ақ біз Қырымнан, Қара теңіздегі жағалаудан аулақ болу туралы АҚШ-қа ескертеміз", – деді СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков.

Батыс елдерінің ресейлік шекара маңында белсенділігінің артуына тағы бір себеп – НАТО әскерлерінің мамырдың ортасында өтетін ең ауқымды Defender Europe 2021 оқу-жаттығуына дайындығы.

Өткен жылмен салыстырғанда 2021 жылғы әскери шара кезінде Шығыс емес, Оңтүстік Еуропаға көп көңіл бөлінеді. Маневрлер Черногория, Косово және Албанияда жоспарланған. Болгария мен Румынияда әуедегі шабуылдан қорғаныс жүйелері мен "жер – жер" тобындағы зымырандардың жаттығуы өтеді. Ал Венгрия тыл қызметін атқарады. Маневрлерге украин әскери қызметшілері де қатысады.

Еуропадағы АҚШ Құрлық әскерінің ресми сайтында жарияланған баспасөз релизіне сәйкес, оқу-жаттығулар "АҚШ, НАТО бойынша одақтастар мен серіктестері арасындағы стратегиялық және жедел дайындық пен өзара әрекеттесуді күшейтуге бағытталған". Бұл маневрлер үшінші мемлекеттер үшін ешқандай қауіп төндірмейтіні жазылған. Алайда Defender Europe 2021 антиресейлік бағытта өрбитіні айдан анық.

Сондықтан Ресей мен Белоруссия қыркүйекте "Батыс-2021" маневрлерін өткізеді. Белоруссияның қорғаныс министрі Виктор Хренин атап өткендей, "бірлескен оқу-жаттығулар жоғары урбанизацияланған елді мекендерде шабуылдау бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарының жаңа әдістерін сынауға мүмкіндік береді" деп санайды.

0
Кілт сөздер:
Украина, Ресей