Күдіктілер тізімін оқуға 3 сағат кетті: Италияда мафия соты өтіп жатыр видео

57
(Жаңартылды 14:57 20.01.2021)
Сотта ең ірі мафия топтарының бірі саналатын "Ндрангетаға" қатысты іс қаралып жатыр. Қарақшылар "отбасында" 350-ден астам адам болған

Процесс басталғаны сол еді судья күдіктілер тізімін оқудан жалығып үлгерді. Топ құрамындағы әр адамның аты-жөнін оқып шығуға 3 сағатқа жуық уақыт кетті. 

Мафияға қандай айып тағылып отыр? "Ндрангета" сицилиялық "Коза нострадан" несімен асып түсті?

Жалпы мафия тобы мен әрекеті қалай ұйымдастырылған?

Толығырақ видеодан көре аласыз.

57
Кілт сөздер:
Италия, видео
Тақырып бойынша
Сексен жылда болмаған: испаниялықтар арбаға ит жеге бастады – видео
Бір аяғынан айырылған жігіттер паркурден команда құрғысы келеді – видео
Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: сот залында шу шықты – видео
Мұзды суда "Қара жорға" билеген петропавлдық жұртты тәнті етті – видео
Пандемия кезінде бармен-роботтар жұмыс істей бастады – қызықты видео

"Солтүстік ағын - 2" дайын: Еуропаға газ жылдың соңына дейін тасымалдана бастайды

46
(Жаңартылды 18:45 18.09.2021)
"Солтүстік ағын – 2" құбырларын тартуға 3 жыл қажет болды. 2021 жылдың соңына дейін Еуропаға газ тасымалдау басталады

Газ құбыры құрылысының аяқталуына орай жоба операторы видеоролик жариялады.

46

"Қыстан алып шыға алмаймыз": ауыл тұрғындары малдың көзін құртып жатыр - видео

119
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан екі жыл бұрын ауыл тұрғындарына шағымдана бермей, екі сиыр сатып алып, жан бағу туралы кеңес берген болатын

Кеңеске жүгініп, сиыр сатып алған тұрғындар енді одан құтылудың жолын іздеп отыр. Өйткені биылғы қуаңышылықта оларға берер азық жоқ.

Қуаңшылық салдарынан жем-шөптің бағасы шарықтап кеткен. Көптеген қазақстандық шаруалар қыста малдың қырылуына жол бермеу үшін оларды сатып жатыр.

Sputnik Қазақстан тілшісі екі ауылдың тұрғындарымен кездесіп, мәселенің мәнісін біліп қайтты.

Ақмола облысы Аршалы ауданының Арнасай және Бабатай ауылдарында да жағдай тура жоғарыдағыдай. Мұнда 1 323 адам тұрады. Егер бұрын әр үйде мал бар болса, бүгінде әрбір екінші қора бос тұр. Бабатай ауылының негізі мәселесі жайылымдық жердің жоқтығы. Ауылдың жан жағы егін алқабы, темір жол.

Былтыр ауыл тұрғындары бір жарым тонна шөпті 30 мыңнан сатып алса, биыл оның бағасы 50 мың теңге.

"Малды қыстан алып шыға алмаймыз, сондықтан сатуға мәжбүрміз", - дейді олар.

Арнасай ауылы да жем-шөп тапшылығын сезініп отыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, мал өсіруге мұнда жағдай жасалмаған. Ал шығынға батып өсірген малдың етін алыпсатарлар тиынға алғысы келеді.

Тұрғындар малдан айырылса, күн көріс қиындайтынын да жасырмады. Өткені ауылда басқа табыс көзі жоқ.

Ауылдықтардың мұң-мұқтажымен видеода толық танысыңыз.

 

119
Кілт сөздер:
мал, ауыл, тұрғындар
Тақырып бойынша
Ресейлік әскери роботтар алғаш рет алғы шепке жіберілді - видео
Синтетикалық есірткі қолданатындар қандай күйге түседі – полиция видео көрсетті
Маңғыстауда бір топ ақбөкен шұңқырға құлады - видео
Степногорскідегі алапат өрт: 60 саяжай күлге айналды – видео
Нұр-Сұлтан

Синоптиктер 19 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжады

45
Бірқатар облыста найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейсе, кейбір өңірде үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігі солтүстік антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына әлі де солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді, жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді", - деп хабарлады синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстік-шығыс және шығысында тұман түсіп, жел15-20-ке дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстік және орталығында тұман түседі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік және орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батыс, батыс және орталығында, Қарағанды облысының оңтүстік және орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және орталығында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаумайды. Күндіз ауа температурасы +8..+10 °C, түнде +1..+3 °C. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Алматыда күн бұлтты болады, күндіз ауа температурасы +31..+33 °C, түнде +18..+20 °C.

Шымкентте күн ашық, ауа температурасы күндіз +28..+30 °C, түнде  +13..+15 °C болады.

45