Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге берілген сыйлықтар қайда кетеді

61
Галстук, спорт киімі, шахмат, Капитолийдің мүсіншесі, кәдесыйлар – мемлекеттік қызметкерлердің осы және басқа да сыйлықтары Нұр-Сұлтандағы қоймада сақтаулы тұр  

Тәуелсіз бағалаушылардың қорытындысынан кейін бұл тауарлардың барлығы аукцион арқылы сатылады.

Аукционға кез келген адам қатыса алады. Жауапты мемлекеттік қызметтегі адамдар сыйлық алған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде қайтаруға міндетті. Сыйлықты қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне беру керек.  

"2020 жылы елордада мемлекеттік қызметкерлер мен өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу қойған адамдардан 129 сыйлық түсті. Олардың бағалау құны 2 миллион теңге болды. Қазіргі уақытта 2021 жылдың қаңтарында біз 13 сыйлық қабылдадық. Әзірге бізде бағалау құны жоқ", - деді Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім бастығы Венера Жумукова.

Өткен жылы елордада 119 мың теңгеге бес зат сыйлық сатылды, деп жалғастырды ол.

"2020 жылы ең қымбат сыйлық әтір болды. Бағалау құны – 118 мың теңге. Сыйлықтарды өз еркімен және тегін тапсырады. Парфюмерия, киім, алкогольдік ішімдіктер. Көбіне кәдесыйлар тапсырады. Ресми кездесулер кезінде алынған көптеген сыйлық бар", - деді Жумукова.  

2020 жылы қазақстандық шенеуніктер мемлекетке 245 сыйлық тапсырды. Ең қымбаты iPhone 12 Pro болды. Ол 617 991 теңгеге бағаланды. Қазір сатылып жатыр.    

61

Қазақстандағы зергерлік саланың жағдайы туралы онлайн-конференция өтті

25
(Жаңартылды 11:56 26.02.2021)
Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында зергерлік бұйымдар сатылымының төмендеуімен бетпе-бет келген зергерлік саланың дамуы туралы онлайн-конференция өтті

Кездесуде Қазақстан зергерлер лигасының өкілдері бизнесті қолдау амалдары мен қазақстандықтардың сұранысы қалай өзгергені туралы әңгімеледі.

Конференция қонақтары:

- Қазақстан зергерлер лигасы кеңесінің басшысы Қайсар Жұмағалиев

- Лига өкілі зергер Таймас Мұкашев

25

Екі шақырым жүгірді: полицей боранда көлік колоннасына жол көрсетті видео

40
(Жаңартылды 10:15 26.02.2021)
Қостанайда патрульдік полиция қызметінің инспекторы автокөлік колоннасын қарлы бораннан аман алып шықты

Амантай Байжанов қолайсыз ауа райы кезінде көлік колоннасының алдында екі шақырым бойы жүгіріп, жүргізушілерге жол көрсетті.

Полиция қызметкерінің айтуынша, ол өзінің серіктесімен бірге кезекші бөлімге түскен хабар бойынша оқиға орнына шыққан. Қалаға қайтар жолда боран үдей түсіп, жол көрінбегендіктен көлік кептелісі болған.

"Біз көлікпен айналып өтуге тырысқанымызбен, ондай мүмкіндік болмады. Себебі, кез келген сәтте жолдан шығып кетуің ықтимал. Содан соң көліктен түсіп, жүгіріп жүріп жол көрсетуді жөн көрдім", – деп еске алады Байжанов.

"Жүгірген кезде суықты онша сезінбейсің", – дейді ол күлімсіреп.

Интернетте тараған видеоны көлік колоннасының басында жүрген жүргізуші түсірген. Кадрда жасыл-сары түсті жилет киген инспекторды жел ұшыра жаздаған сәт пен алдыңғы әйнек қармен қалай жабылғаны көрінеді.

40
Кілт сөздер:
қарлы боран, полицейлер
Архивтегі фото

Жұмаға қараған түні белгісіз біреулер мектепке баса-көктеп кірді

0
Нигерияда террористер түнгі уақытта қыздарға арналған мектепке басып кірген. Жергілікті тұрғындар оқушы қыздарды құтқару үшін содырларды іздестіріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Нигерияның солтүстік-батысындағы Замфара штатында қаскүнемдер мектепке баса-көктеп кіріп, 300 оқушыны ұрлап әкетті, деп хабарлады РИА Новости жергілікті PM News газетіне сілтеме жасап.

Оқиға жұмаға қараған түні Джангебе елді мекенінде болған. Ондаған содыр мектеп жанындағы әскери бекетке оқ атып, одан кейін білім ордасына басып кірген. Адам ұрлығы түнгі сағат 02:00 шамасында болған.

5 маусымдағы қырғын: 2016 жылғы Ақтөбедегі терактінің белгісіз тұстары

Жергілікті басылым кейбір әскерилер жарақат алуы ықтимал екенін жазды, дегенмен оқыс оқиғадан көз жұмғандар бар-жоғы әзірге белгісіз. Елді мекен тұрғындары оқушы қыздарды құтқару үшін қаскүнемдерді іздестіріп жатыр.

Айта кетейік, өткен жылы Ниегрияның Кацина штатында осыған ұқсас жағдай болған.

0
Тақырып бойынша
Көп адам өлер еді: ҰҚК Алматыда жоспарланған терактіге қатысты мән-жайды айтты
13 жасында босанды: Сириядан оралған қазақстандық балалардың ауыр тағдыры - видео
Мешіттегі қанды қырғын: желіде оқиға орнында түсірілген видеолар жарияланды
Террористік топтардың қатарында қанша қазақстандық жүргені белгілі болды