Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің ішкі нарықтың жұмысына, кедендік-тарифтік реттеуге және инновациялық жобаларды іске асыруға қатысты өзекті мәселелері талқыланды.
Алматыға Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан премьер-министрлері – Асқар Мамин, Михаил Мишустин, Никол Пашинян, Роман Головченко және Ұлықбек Марипов келді.
Алқа төрағасы Михаил Мясникович бастаған Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің төрағасы, Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминмен кездесті.
Кездесу санитарлық нормалар сақтала отырып, шағын және кеңейтілген құрамда өтті.
ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің келесі отырысы Ресейде 23 сәуірде өтеді.
"Біз балық аулап келе жатқан едік. Бір кезде жол жиегінде тұрған түлкіні көзіміз шалды. Олжамызбен бөлістік. Ол балықтарды қуана-қуана ініне алып кетті", - дейді видеоролик авторлары.
Кадрдан түлкінің ағаштардың арасынан жолға жақын, адамдарға қарай шыққаны көрінеді. Балықшылар аңды үркітіп алмас үшін қарға балық лақтырады.
Қызықты видеоны тамашалаңыз!
Көптеген елде локдаун жариялануда. Италияда демалыстарда коменданттық сағат енгізіледі. Грекияда ауру жұқтырғандар саны күрт өсті.
Адамдарға "қызыл" аймақтағы аудандардан шығуға тыйым салынды. Үйден тек шұғыл жағдайда ғана шығуға рұқсат етіледі.
Эпидемиологиялық ахуал Нидерланды, Франция, Чехия, Швецияда да нашарлады.
Еуропалық вакциналар неге көмектеспейді? "АстраЗенека" Испания мектептері мен өрт сөндіруші қызметтердің жұмысына қалай кедергі келтірді? Ресейлік препаратқа неге сұраныс жоғары?
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбеде тұратын білім саласының ардагерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы құттықтау хатты 74 жастағы орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Валентина Спиридоноваға жолдады.
Валентина Григорьевнаның педагогикалық қызметі 1963 жылдан басталады. Спиридонова 1995 және 2009 жылдар аралығында Кемел Тоқаев атындағы жалпы білім беретін мектепті басқарған.
"Құрметті Валентина Григорьевна! Сізді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Көктемнің сұлулық пен нәзіктік мерекесінде мейірімділігіңіз, түсіністігіңіз бен жемісті еңбегіңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Әр күн сізге және жақындарыңызға қамқорлық пен махаббат сыйласын. Зор денсаулық, жан тыныштығы мен бақыт тілеймін", - деп жазды Тоқаев өз құттықтауында.
Президенттің құттықтау хатын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыстады. Өңір басшысы да блім саласының ардагерін 8 наурызбен құттықтады.
"Мен ауыл мұғалімімін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысбастылығына қарамастан мені және біздің мектепті ұмытпайтыны қатты қуантады. Оған үлкен алғысымды айтамын. Қазақстанымыз әрқашан гүлдене берсін", - деді Валентина Спиридонова.
Ардагер педагог "Алтын барыс", "Ыбырай Алтынсарин", "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төс белгілерімен, сондай-ақ "Шапағат" медалімен марапатталған.
Зейнетке шыққаннан кейін 2009 жылы Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарды. Қор көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетеді. Соңғы бірнеше жылда отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына елуден астам грант ұсынған.