Табысты іс: Жамбыл облысының тұрғыны жылыжайда лимон өсіре бастады видео

138
(Жаңартылды 17:56 08.02.2021)
Жамбыл облысы Мерке ауданының тұрғыны Данияр Әбдіразақ жылыжайда қызанақ, қияр сынды көкөніс пен жеміс-жидек өсіру қызық емес деп шешкен. Ол лимон өсіруді қолға алды

Енді барша өңірді өз өнімімен қамтуды жоспарлап отыр. 

Жамбылдық тәжірибе жинақтау үшін Оңтүстік Кореяға тағылымдамаға барған. Алғаш рет жылыжайда лимон өсіру айтарлықтай қиын емес екеніне көз жеткізді. Содан соң өз өңірінде жылыжай жасау жайлы ой келді. Шығыс пен кірісті есептеп, бұл істен пайда табуға болатынын түсінді.

"Біздің өңірдегі ауа райы Кореяға ұқсас. Бірақ ол жақта ылғалдылық жоғары. Алайда біздің жер құнарлы. Өзім мал өсіргендіктен, арнайы тыңайтқыш сатып алудың қажеті жоқ. Әзірге Ташкенттен әкеліп, 25 түп отырғыздым. Әрқайсының құны төрт жарым мың теңге болды", - деді Данияр Әбдіразақ.

Жергілікті билік тұрғынның кәсібі жайлы біліп, қолдау көрсеткен. Бастамаға екі жарым миллион теңге грант бөлінді.

Лимон өсірудің қыр-сырымен видеодан таныса аласыз.

138
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда "еріншектерге" 14 мың теңгеден айыппұл салынып жатыр – видео
Дүнгендер қазақ тілін оқып жатыр: Қордайдың бүгінгі тыныс-тіршілігі — видео
Газ құны: астаналықтар 1 миллионға жуық ақша жұмсады – видео
"Әділетсіз шешім": Талғарда тағы да шу шықты – видео
Полиция басшылары ұсталды - ІІМ видео жариялады

Музыканы ешқашан естімеген балалар қалай билейді

19
(Жаңартылды 17:17 28.02.2021)
Саңырау және нашар еститін балаларды музыкамен билеуге қалай үйрететінін және олар қандай сезімге бөленетінін видеодан көріңіз

Sputnik Қырғызстан тәрбиеленушілерге би үйрететін саңырау балаларға арналған арнайы мектеп-интернат туралы жазды.

Хореограф Римма Черныхтың айтуынша, мұндай балалар музыканы жүрегімен тыңдайды.

Ол он алты жыл бойы саңырау және нашар еститін балаларға би үйретіп келеді және бұл оңай жұмыс емес екенін мойындайды.

Сонымен бірге мұғалім балалар оның қимылын қайталап қана қоймай, тіпті энергетика мен дірілді сезіне алатынын айтады.

"Мен колонканы еденге қоямын, діріл бүкіл залға тарайды, ал балалар ырғақты сезінеді. Біз тіпті осылай дискотека өткіземіз. Дірілден бөлек, балалар жүрегімен де естиді", - дейді Римма Черных.

Толығырақ видеодан көріңіз.   

19

Дизайнер ең кішкентай иттерге қысқы киім тоқиды видео

30
Модельер Татьяна Гущина "қалта" иттері қыста тоңып қалмауы үшін оларға бас киім, жемпір, тіпті байпақ тоқиды

Сібір тұрғыны Татьяна Гущина ең кішкентай иттерді аязда далаға шығару үшін оларға жылы киімдер тоқып береді. Серуенге осындай сәнді киім киіп шыққан иттерді көргендер тамсанып қарайды. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

30
Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы

Қазақстанда 1 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 1 наурызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

1 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

11.00 –"Мал ұрлығымен күрес" тақырыбында ішкі істер министрлігінің онлайн брифингі. Спикер: Таев Думан Ашкенұлы – Қазақстан ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы.

11.00 – Алғыс айту күніне арналған "Қазақ еліне мың алғыс!" монументінің жанында салтанатты түрде алғыс айту рәсімі. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады. Салтанатты шара аясында ҚХА жастар қанатының өкілдері сөз сөйлейді. Журналистер аккредитациядан өтуі керек: Ботагөз Жақсымбетова 8771 555 44 89, Данагүл Амантай 8747 688 09 62 (Түркістан көшесі – Бұқар жырау көшесінің бұрышы).

11:00 - Алғыс айту күніне арналған "Мың алғыс саған, ұлы далам!" халықаралық дөңгелек үстелі. Іс-шараға отандық және шетелдік ғалымдар, ұлтаралық қатынастар саласындағы зерттеушілер, сарапшылар, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында (Ә. Бөкейхан к-сі, 1А) өтеді. Аккредитация бойынша мына нөмірлерге хабарласу керек: +7 /7172/ 69 30 53, +7 /7172/ 69 30 57.

15.00 – "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы әртістерінің Алғыс айту күніне орай "Мейірімді болайықшы, бауырлар!" атты қайырымдылық концерті өтеді.  

Мерекелік іс-шара ұстаздар мен дәрігерлердің, ардагерлердің шақырылуымен өткізіледі. Концерттің мақсаты – ақ халатты абзал жандар мен ұстаздарға, еңбек ардагерлеріне рухани қолдау көрсету және ерен еңбектері үшін алғыс білдіру.

Концертте "Қазақконцерт" ұйымының өнер ұжымдары мен белгілі әншілері өнер көрсетеді. Көрермен қауым "Астана сазы" қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің, Құрмаш Махан, Гүлнәр Көшенова, Күнсұлу Түрікпен, Айдана Қаржаубаева, Аяулым Қамажан, Нұркен Якиев, Әлихан Дүйсенбай сынды әншілердің өнерін тамашалай алады. Концерт бағдарламасына белгілі халық әндері мен қазіргі танымал музыкалық туындылар енген. ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік даңғылы 10/1).

АЛМАТЫ

12.00 – "COVID-19 пандемиясы кезінде Алматы қаласының тұрғындары мен медицина қызметкерлерінен өтініш қабылдау үшін "Қауырт желі" телефонының жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында баспасөз конференциясы. Баспасөз конференциясының спикерлері: Бақыт Түменова, "Аман-саулық" ҚҚ президенті, Зүлфия Байсақова, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі жанындағы әлеуметтік әл-ауқат мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы. Баспасөз конференциясына жеке қатысу үшін журналистер Қазақстан баспасөз клубына шақырылады (карантиндік шектеу 10 адам. Алдын ала аккредиттеу арқылы ғана кіруге болады). Аккредитация мәселелері бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 87017490200, Әсел Берімжарова (Самал-2 ықшам ауданы, 58 үй, бірінші кіреберіс, 2-қабат. Трансляция: https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0