Таңғы асқа балық жеген үй кәмшаты жұртты күлкіге қарық қылды видео

1248
(Жаңартылды 08:35 09.02.2021)
Үй кәмшатының тамақтанған сәті әлеуметтік желіні шарлап, интернет қолданушылардың көңілін көтерді. Үй жануарының ернін шылпылдатып, мұртын қимылдатқанын көріп, еріксіз езу тартасың

Мына сүйкімді кәмшат таңғы асқа арқан балықтың бір тілімін қанағат тұтады.  

Ол үстел басында арқан балықты ернін шылпылдатып, мұртын қимылдата отырып, екі ұртын толтырып қомағайлана жеп жатыр.

Бұл жануардың дұрыс тамақтануды ұнататыны көрініп тұр.

Күлкілі видеоны көріп, бірге күлейік!  

1248

Дизайнер ең кішкентай иттерге қысқы киім тоқиды видео

20
Модельер Татьяна Гущина "қалта" иттері қыста тоңып қалмауы үшін оларға бас киім, жемпір, тіпті байпақ тоқиды

Сібір тұрғыны Татьяна Гущина ең кішкентай иттерді аязда далаға шығару үшін оларға жылы киімдер тоқып береді. Серуенге осындай сәнді киім киіп шыққан иттерді көргендер тамсанып қарайды. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

20

Қаракөлге қоқиқаздар ұшып келді - таңғажайып видео

1941
Ақтау қаласына қоқиқаздар ұшып келді. Қызыл кітапқа енген құстар Қаракөлге аялдаған

Мамандардың айтуынша, қоқиғаздар Әзербайжаннан, Түрікменстаннан, тіпті, Африкадан да ұшып келеді. Барлығы - күн суығаннан кейін Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығынан кеткен құстар. Ал Қаракөлге келгендер – барлаушылар.

"Құстардың өздерінің ұшып келу жүйесі бар. Алдымен бір топ ұшып келеді де, бәрін көреді, сосын белгі береді. Артынан қалғандары ұшып келеді. Бұл кәдімгідей барлау ғой", - дейді маман Сәкен Ділдахмет.

Наурыздың соңына қарай мыңдаған қоқиқаз қайтадан Қорғалжынға келіп, балапан басып шығарады. Ал күн суығаннан кейін Ақтау арқылы жылы жаққа ұшып кетеді.

1941
Кілт сөздер:
видео
Алматыда автобус Mega сауда орталығына соғылды

Алматыда автобус "Mega" сауда орталығына соғылды: бес адам зардап шекті

160
Автобус екі жолаушы мен екі көлікті соғып, одан кейін "Mega" сауда ойын-сауық орталығының автотұрағына кіріп кеткен

АЛМАТЫ, 28 ақпан — Sputnik. Алматыда сенбі кешке Сейфуллин мен Төреқұлов көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

№123 автобус Hyundai Elantra көлігіне соғылады, ол жол жиегіне ұшып кеткен. Бұған қоса автобус жол-жөнекей электр қалқанын құлатып, бағдаршамның жануын күтіп тұрған екі адамды қағады. Әрі қарай автобус автотұрақ аумағына кіріп кетіп, Mega park қабырғасына барып соғылады. Сондай-ақ ол тұрақтан шығып келе жатқан Volkswagen Polo көлігін соққан.

Автобус врезался в стену ТРЦ Мега
© Sputnik / Стрингер
Автобус жүргізушісі көше қиылысында рөлге ие бола алмай қалған

Апат салдарынан бес адам зардап шекті – автобус жүргізушісі, Volkswagen Polo жүргізушісі мен екі жолаушысы және жаяу жүргіншілер жолында тұрған екі адам. Соңғы екеуі ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.

Автобус врезался в стену ТРЦ Мега
© Sputnik / Стрингер
Автобус екі көлік пен екі адамды соққан, зардап шеккендер қазір жансақтау бөлімінде жатыр

Автобус жүргізушісінің не себепті рөлге ие бола алмай қалғаны әзірге белгісіз. Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Автобус врезался в стену ТРЦ Мега
© Sputnik / Стрингер
Апат салдарынан бес адам зардап шекті, оның ішінде автобус жүргізушісі де бар
160
Кілт сөздер:
жол апаты, Алматы