Видео

"Спутник V", қазақстандық студенттер және шекара: Ресей елшісі сұқбат берді

Жазылу
Шекара мәселесін кім қозғап отыр? Ресей Қазақстанның латын графикасына көшуі жайлы қандай пікірде?

Бұл сауалдарға Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин "Хабар 24" телеарнасына берген сұқбатында жауап берді.

Оның айтуынша, Ресей мен Қазақстанның пандемиямен күрестегі әріптестігі жаңа деңгейге шыққан.  

Бородавкин Қарағанды фармацевтикалық кешені базасында ресейлік "Спутник V" вакцинасын өндіру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ, елші ресейлік депутаттардың Қазақстан туралы даулы мәлімдемесіне қатысты ойы айтты. 

"Меніңше, Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара екі мемлекетті бөлмейді, керісінше жақындастырады. Мен солай қараймын. Ал жер мәселесін қоздыратын адамдар Ресей мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасқа нұқсан келтіргісі келеді деп ойлаймын. Қазіргі шекарадағы Қазақстан мемлекеттілігінің тарихын ғалымдар зерттеуі тис. Оны екі мемлекеттің сыртқы саяси теке-тіресін туғызу үшін қолдануға болмайды", -  деп атап көрсетті Бородавкин.

Толығырақ видеодан көре аласыз.

Жаңалықтар
0