НАТО Ресейде 5G ұялы байланысының жаңа буынын іске қосуға қарсы шықты видео

309
Эстония мен Латвия Ресейдің 5G мұнараларына қарсы соғыс жариялады. Балтық жағалауы елдері ресейлік байланыс операторларының ұялы байланыстың жаңа буынын 4,8 - 4,99 ГГц жиіліктерінде сынақтан өткізіп жатқанына наразы 

Балтық жағалауының екі елі – Латвия мен Эстония Ленинград облысындағы ресейлік 5G мұнараларына қарсы шықты. Олар ресейлік байланыс операторлары ұялы байланыстың жаңа буынын 4,8 - 4,99 ГГц жиіліктерінде сынақтан өткізіп жатқанына наразылық білдіріп отыр.

Осы ауқымда Латвия мен Эстония мүше болған НАТО-ның әскери авиациялық жүйелері жұмыс істеп жатыр. Айтуларынша, ресейлік 5G мұнаралары Солтүстік-Атлантика одағының авиациясына кедергі келтіретін көрінеді.

НАТО-ға кірмейтін, бірақ әскери жүйелері одақ стандарттарына сәйкестендірілген Финляндия елі де Ресейге қойылған талапты қолдады.

Енді Ресейден осы жиіліктерді пайдаланудан бас тартуды талап етіп жатыр.   

309

Дизайнер ең кішкентай иттерге қысқы киім тоқиды видео

6
Модельер Татьяна Гущина "қалта" иттері қыста тоңып қалмауы үшін оларға бас киім, жемпір, тіпті байпақ тоқиды

Сібір тұрғыны Татьяна Гущина ең кішкентай иттерді аязда далаға шығару үшін оларға жылы киімдер тоқып береді. Серуенге осындай сәнді киім киіп шыққан иттерді көргендер тамсанып қарайды. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

6

Қаракөлге қоқиқаздар ұшып келді - таңғажайып видео

1885
Ақтау қаласына қоқиқаздар ұшып келді. Қызыл кітапқа енген құстар Қаракөлге аялдаған

Мамандардың айтуынша, қоқиғаздар Әзербайжаннан, Түрікменстаннан, тіпті, Африкадан да ұшып келеді. Барлығы - күн суығаннан кейін Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығынан кеткен құстар. Ал Қаракөлге келгендер – барлаушылар.

"Құстардың өздерінің ұшып келу жүйесі бар. Алдымен бір топ ұшып келеді де, бәрін көреді, сосын белгі береді. Артынан қалғандары ұшып келеді. Бұл кәдімгідей барлау ғой", - дейді маман Сәкен Ділдахмет.

Наурыздың соңына қарай мыңдаған қоқиқаз қайтадан Қорғалжынға келіп, балапан басып шығарады. Ал күн суығаннан кейін Ақтау арқылы жылы жаққа ұшып кетеді.

1885
Кілт сөздер:
видео
Өмірзақ Шөкеев бес адамның қаза болу себебін анықтау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Түркістандағы төрт бала мен анасының өлімі: қылмыстық іс қозғалды

0
(Жаңартылды 10:09 28.02.2021)
Облыс әкімі полиция мен төтенше жағдайлар департаментіне қайғылы оқиғаға байланысты жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Түркістанда әйел мен оның төрт баласының қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев бес адамның қаза болу себебін анықтау жөніндегі комиссия отырысын өткізген.

"Облыс басшысы полиция департаментіне, төтенше жағдайлар департаментіне жан-жақты тергеу жүргізуді, болған оқиғаға кінәлілерді табу және жазалауды тапсырды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау басқармасының психологтары қайтыс болған жандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсетеді.  5 адамның денесін жерлеу орнына жеткізу үшін көлік берілді, жерлеуді ұйымдастыруға қосымша жәрдем көрсетіледі.

Газовое отопление в доме в Туркестане, где погибли пять человек
© Photo : МЧС Республики Казахстан
Бес адамның мәйіті табылған үйдегі газбен жылыту жабдығы

 

0
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, Түркістан облысы