Оқиға Оңтүстік Африканың Крюгер ұлттық паркінде бір табын бөкен суатқа түскен кезде болды.
Суат өте таяз болып көрінгенімен, онда бір метрлік крокодил жасырынып жатқан болып шықты. Ол жас импаланы лай суға сүйреп әкетті. Бөкен өмір үшін жан аямай күресіп, қосмекендінің азуынан құтылып кетті.
Драмалық оқиғаға куә болған ерлі-зайыпты Анджела мен Крейг Уикс болған жайтты видеоға түсіріп алды. Туристер импала қолтырауынмен айқаста жеңіске жеткен бойда қабыланның жемтігіне айналғанын айтады. Жыртқыш жағалауда жасырынып жатып, мүмкіндікті қалт жібермеген.
Крюгер ұлттық паркі Оңтүстік Африканың солтүстік-шығысында орналасқан. Оның аумағында бір жарым мыңға жуық арыстан, 12 мың піл, 2,5 мың енеке (буйвол), мыңға жуық қабылан және бес мың мүйізтұмсық мекендейді.
Sputnik Қырғызстан тәрбиеленушілерге би үйрететін саңырау балаларға арналған арнайы мектеп-интернат туралы жазды.
Хореограф Римма Черныхтың айтуынша, мұндай балалар музыканы жүрегімен тыңдайды.
Ол он алты жыл бойы саңырау және нашар еститін балаларға би үйретіп келеді және бұл оңай жұмыс емес екенін мойындайды.
Сонымен бірге мұғалім балалар оның қимылын қайталап қана қоймай, тіпті энергетика мен дірілді сезіне алатынын айтады.
"Мен колонканы еденге қоямын, діріл бүкіл залға тарайды, ал балалар ырғақты сезінеді. Біз тіпті осылай дискотека өткіземіз. Дірілден бөлек, балалар жүрегімен де естиді", - дейді Римма Черных.
Толығырақ видеодан көріңіз.
Сібір тұрғыны Татьяна Гущина ең кішкентай иттерді аязда далаға шығару үшін оларға жылы киімдер тоқып береді. Серуенге осындай сәнді киім киіп шыққан иттерді көргендер тамсанып қарайды. Толығырақ видеодан көре аласыздар.
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Белгілі қазақстандық журналист Қазис Тоғызбаев дүниеден озды, деп хабарлады оның әріптесі Назира Дәрімбет.
Дәрімбет өзінің Facebook-тегі парақшасында Тоғызбаевтың жақында коронавирус инфекциясымен ауруханаға түскенін атап өтті. Сәуірде ол 73 жасқа толар еді.
Тоғызбаев тілші болып жұмыс істеген "Азаттық" сайтының хабарлауынша, журналист ауруханадан шыққаннан кейін бес күннен соң қайтыс болған. Оған COVID-19 диагнозы 25 қаңтарда қойылды.
Жұма күні Қазис Тоғызбаевты қайтадан үйінен ауруханаға алып кеткен, ал жексенбіде отбасына Тоғызбаевтың жүрегі мәңгіге тоқтағанын хабарлады.
Запастағы полковник Қазис Тоғызбаев "Азаттық" редакциясында 2008 жылдан бері жұмыс істеді. Әскери қызметті аяқтағаннан кейін ол журналистикамен айналысып, суретке түсіруге қызығушылық танытты. Ол оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде жұмыс істеді.