"Музыкант" мысық өнерімен тәнті етті қызықты видео

231
(Жаңартылды 19:32 14.02.2021)
Барни рояльде ойнап, музыкаға ерекше қызығушылық танытуда. Болашақта керемет туынды шығуы да ғажап емес

Қазірдің өзінде сары мысықтың жанкүйерлері бар. Олар видеоның астында жылы лебізін білдіруде. 

"Мынау мысық менен артық ойнайды", - деп жазды желі қолданушысы.

"Жаңа музыкалық альбомды асыға күтемін", - дейді енді бірі.

Мысықтың өнерін видеодан көре аласыз.

231
Тақырып бойынша
Отырысқа галстуксыз келген депутатты парламенттен қуып жіберді – видео
Зират басына барған шымкенттіктер жаға ұстарлық жағдайға тап болды – видео
Екі бапкер ерекше балаларға тхэквондо үйретіп жүр – видео
Бөкен қолтырауыннан құтылып, қабыланға тұтылды – видео
Владикавказдағы жойқын жарылыс: куәгерлер көзімен – видео

Қазақстандағы зергерлік саланың жағдайы туралы онлайн-конференция өтті

32
(Жаңартылды 11:56 26.02.2021)
Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында зергерлік бұйымдар сатылымының төмендеуімен бетпе-бет келген зергерлік саланың дамуы туралы онлайн-конференция өтті

Кездесуде Қазақстан зергерлер лигасының өкілдері бизнесті қолдау амалдары мен қазақстандықтардың сұранысы қалай өзгергені туралы әңгімеледі.

Конференция қонақтары:

- Қазақстан зергерлер лигасы кеңесінің басшысы Қайсар Жұмағалиев

- Лига өкілі зергер Таймас Мұкашев

32

Екі шақырым жүгірді: полицей боранда көлік колоннасына жол көрсетті видео

46
(Жаңартылды 10:15 26.02.2021)
Қостанайда патрульдік полиция қызметінің инспекторы автокөлік колоннасын қарлы бораннан аман алып шықты

Амантай Байжанов қолайсыз ауа райы кезінде көлік колоннасының алдында екі шақырым бойы жүгіріп, жүргізушілерге жол көрсетті.

Полиция қызметкерінің айтуынша, ол өзінің серіктесімен бірге кезекші бөлімге түскен хабар бойынша оқиға орнына шыққан. Қалаға қайтар жолда боран үдей түсіп, жол көрінбегендіктен көлік кептелісі болған.

"Біз көлікпен айналып өтуге тырысқанымызбен, ондай мүмкіндік болмады. Себебі, кез келген сәтте жолдан шығып кетуің ықтимал. Содан соң көліктен түсіп, жүгіріп жүріп жол көрсетуді жөн көрдім", – деп еске алады Байжанов.

"Жүгірген кезде суықты онша сезінбейсің", – дейді ол күлімсіреп.

Интернетте тараған видеоны көлік колоннасының басында жүрген жүргізуші түсірген. Кадрда жасыл-сары түсті жилет киген инспекторды жел ұшыра жаздаған сәт пен алдыңғы әйнек қармен қалай жабылғаны көрінеді.

46
Кілт сөздер:
қарлы боран, полицейлер
Мұғалім

Солтүстік Қазақстан облысында он мектеп карантинге жабылды 

0
Жыл басынан бері өңірде 600 оқушыдан коронавирус анықталған.  Сондай-ақ 109 педагог ауырған. Оның ішінде 73 мұғалім штаттық режимде жұмыс істеген

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус салдарынан он мектеп карантинге жабылды, деп хабарлады облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әсет Жұматаев брифингте.

Жыл басынан бері өңірде оқушылар арасында коронавирус жұқтырған 600 жағдай тіркелген. Оның ішінде, 341 бала штатты режимде сабақ оқыса, коронавирус жұқтырған 259 оқушы қашықтан оқыған. Ал мұғалімдер арасында 109 педагогтен коронавирус анықталған. Оның ішінде 73 мұғалім штаттық режимде жұмыс істеген, деп нақтылады санитар дәрігер.

"Қазір он мектеп карантинге жабылған: Қызылжар ауданында - Соколовская, Сивковская және Кустовская орта мектептері, Мағжан Жұмабаев ауданында - Қарақоға және Полтава орта мектептері, қазақ тілінде оқытатын Еңбекші мектебі, Пролетарская бастауыш мектебі, Уәлиханов ауданында – Бидайық орта мектебі, Мүсірепов ауданында - Салқынкөл орта мектебі, Тайынша ауданында - Ильичевск орта мектебі", - деді Жұматаев.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов ата-аналардың өтінішіне құлақ асып, келесі аптадан бастап балабақшалардағы кезекші сыныптардағы орындар санын арттыруға уәде етті.

Карантин жеңілдетілді: Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды 

"Балабақшаларда қосымша орындар ашу жөнінде маған ата-аналардан көп өтініш келіп түседі. Пандемияға баланысты балабақша жұмысын шектеуге мәжбүр болдық. Сондықтан кезекші сыныптар тек жартылай жұмыс істеп тұр. Қазір аймақтағы жағдай біршама тұрақтанды. Біз "жасыл" аймаққа өттік. Бұл карантин шектеулерін біршама жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондықтан келесі аптадан бастап кезекші сыныптардағы орындар санын арттырамыз", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Құмар Ақсақалов осындай қиын кезеңде түсіністік танытып, шыдамдылық білдірген ата-аналарға алғыс айтты.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстан облысында карантин ұзартылды
Батыс Қазақстан облысында карантин жеңілдетілді
Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдетіледі
Облыстардың бірінде карантин жеңілдетіледі