АҚШ-тың Техас штатындағы Лейк-Джексон қаласында әйел қызының жатын бөлмесіне терезеден қарап, үйге кірмек болған ер адамды ұстап алды.
Филлис Пенья дүкеннен келе жатқанда 15 жасар қызының терезесіне үңіліп тұрған жігітті көрді, деп жазады ABC13 News басылымы.
Ол бірден полиция шақырған. Ер адам оқиға орнынан ізін суытпақ болды. Алайда әйел оны ұстап алып, жерге құлатты. Полиция келгенше жібермеді. Болған жағдай полицияның видео жазу құралына түсіп қалған.
Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында Ұлттық ғылыми онкология орталығы (ҰҒОО) өкілдерінің қатысуымен онлайн-брифинг өтіп жатыр.
Мамандар скринингтік тексеруден уақытылы өтудің маңызы, ағзадағы қандай өзгерістерге мән беру керек және пандемия онкологиялық аурумен күрес жүргізуге қалай әсер еткені туралы әңгімелеп жатыр.
Спикерлер:
Әңгіме барысында "Біз біргеміз" бүкілресейлік өзара көмек акциясына қатысушылардың бірі Ресей басшысын жаңа оңалту және демалыс орталығының ашылуына қатысуға шақырды.
"Өте жақсы. Тағы бір сарайға ұқсайды екен, сондықтан барамын. Бірақ оны да менің атыма жазып қоймаңыздар", - деп жауап берді Путин.
Бұған дейін оппозиционер Алексей Навальныйдың командасы президент 100 миллиард рубльге сарай тұрғызғаны жайлы фильм жариялады. Онда сарай Геленджикке жақын жерде, Қара теңіз жағалауында орналасқаны айтылған.
Путин фильмде көрсетілген мүліктердің ешқайсысы өзіне және туыстарына тиесілі емес екенін мәлімдеді.
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Түлебаев жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Шымкент қаласының аумағында 2021 жылдың 8 наурызы сағат 00:00-ден бастап 2021 жылдың 29 наурызы сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын", - делінген құжатта.
Айта кетейік, бұған дейін қаланың бас санитары ас беру шараларын өткізуге рұқсат берген. Бірақ ғимаратты 30 проценттен артық толтыруға және 50 адамнан көп жиналуға тыйым салынады. Басқа шараларды, соның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, құдалық, беташар және тойды өткізуге болмайды.
Ашық алаңда және ғимаратта орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарын 50 процентке дейін толтыруға рұқсат беріліп отыр. Алайда жалпы адамдар саны 50-ден аспауы тиіс. Балаларға арналған ойын-сауық орталықтары да жұмыс істейді. Адам санына қарай шектеу бар.
Жанар-жағармай станциялары мен ондағы дүкендер, автоэкспресс, автожуу, көліктер, сағаттар, телефондар, компьютерлер мен аяқкиім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері мен туристік базалар қалыпты режимде жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, спорттық шаралар өткізуге рұқсат беріліп отыр. Бірақ көрермен саны ғимарат сыйымдылығының 20 процентінен аспауы қажет. Ал кеңсе қызметкерлерінің 30 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшірілуі шарт.
Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін республика бойынша коронавируспен 216 467 адам тіркелген. Соңғы бір тәуліктің ішінде ПТР-тест арқылы тағы 857 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде Шымкент қаласында тіркелген 27 науқас бар.