Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сенсорлық гитара жасалды видео

51
(Жаңартылды 08:25 16.02.2021)
Ресейдің Санкт-Петербург қаласының тұрғыны Денис Гончаров музыкант достарымен бірге сенсорлық гитара құрастырды. Генетикалық сырқатына байланысты оған қарапайым гитарада ойнау қиын

Денис өз өмірін музыкасыз елестете алмайтынын айтады. Сондықтан кез келген адамның музыкамен шұғылдану мүмкіндігі болуы керек деп есептейді. 

Ол гитарада ойнағанды ерекше жақсы көреді. Алайда генетикалық сырқаты - Дюшенн миодистрофиясына байланысты бұл қиынға соғады.

Оның бұлшықеті қарапайым гитараның ішегін басып, тартуға бейім емес.

Сондықтан Денис Гончаров музыкант достарымен бірге сенсорлық гитара құрастырды. Оның қандай ерекшелігі бар екенін видеодан көре аласыз.

51
Кілт сөздер:
музыка, видео
Тақырып бойынша
3 ғасырлық тарихы бар: қазақстандық музыкант көне скрипканы көрсетті - видео
"Туып-өскен үйім – домбыра, ән, күй, жыр": Ахмет Жұбанов жайлы не білеміз
"Музыкант" мысық өнерімен тәнті етті – қызықты видео
9 жасар музыкант баланың көршілері полицияға шағымданды – видео
Нұр-Сұлтан тұрғынынан 40 миллион теңгенің тауары тәркіленді – видео

Дизайнер ең кішкентай иттерге қысқы киім тоқиды видео

20
Модельер Татьяна Гущина "қалта" иттері қыста тоңып қалмауы үшін оларға бас киім, жемпір, тіпті байпақ тоқиды

Сібір тұрғыны Татьяна Гущина ең кішкентай иттерді аязда далаға шығару үшін оларға жылы киімдер тоқып береді. Серуенге осындай сәнді киім киіп шыққан иттерді көргендер тамсанып қарайды. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

20

Қаракөлге қоқиқаздар ұшып келді - таңғажайып видео

1944
Ақтау қаласына қоқиқаздар ұшып келді. Қызыл кітапқа енген құстар Қаракөлге аялдаған

Мамандардың айтуынша, қоқиғаздар Әзербайжаннан, Түрікменстаннан, тіпті, Африкадан да ұшып келеді. Барлығы - күн суығаннан кейін Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығынан кеткен құстар. Ал Қаракөлге келгендер – барлаушылар.

"Құстардың өздерінің ұшып келу жүйесі бар. Алдымен бір топ ұшып келеді де, бәрін көреді, сосын белгі береді. Артынан қалғандары ұшып келеді. Бұл кәдімгідей барлау ғой", - дейді маман Сәкен Ділдахмет.

Наурыздың соңына қарай мыңдаған қоқиқаз қайтадан Қорғалжынға келіп, балапан басып шығарады. Ал күн суығаннан кейін Ақтау арқылы жылы жаққа ұшып кетеді.

1944
Кілт сөздер:
видео
ҰҚШҰ оқу-жаттығуы

ҰҚШҰ-ға әскери оқу-жаттығулар не үшін қажет?

0
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы халықаралық терроризм мен НАТО-ның деструктивті әскери белсенділік қаупі артып келе жатқан қазіргі жағдайда өзінің қорғаныс әлеуетін сәтті дамытып, бірлескен жаттығуларды тұрақты өткізіп келеді

ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аясындағы әскери-саяси ахуал әлі де күрделі болып отыр. АҚШ-тың Еуропадағы әскери күшінің кеңеюі, бірқатар батыс мемлекетінің коалициялық және ұлттық әскери әлеуетінің күшеюі, Ауғанстан мен Сириядағы қарулы қақтығыстардың өршуі, халықаралық терроризм мен діни экстремизм ұйым мүшелеріне қауіп төндіруде. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі қауіп-қатерлерге бірлескен әскери дайындық шаралары арқылы жедел жауап беріп отыр. Бұл туралы 25 ақпанда Мәскеуде өткен баспасөз конференциясында ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы генерал-полковник Анатолий Сидоров мәлімдеді.

Американың жаңа әкімшілігі "Стратегиялық шабуылдау қаруын шектеу туралы шартты" ұзартты. Дегенмен, Шығыс Еуропада АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі дамып жатыр. Румыниядағы (Девеселу) зымыранға қарсы қорғаныс базасына қосымша ретінде 2022 жылы Польшада (Редзиково) осы тектес тағы бір нысан пайда болады. Дәл осы позицияда ұшу қашықтығы 2000 километрден асатын "Томагавк" қанатты зымырандарын қолдану басталуы мүмкін.

Польшадағы, Балтық жағалауындағы елдердегі, Болгариядағы және Румыниядағы әскери базаларда Пентагонның қару-жарақтарын, әскери техникасы және материалдарын жүйелі түрде жинақтау жалғасуда. Вашингтон мен Варшава арасындағы қорғаныс саласындағы кеңейтілген ынтымақтастық туралы келісім поляктердің жерінде 20 мыңға дейін америкалық әскерді тұрақты орналастыруға арналған инфрақұрылым нысандарын салуды көздейді.

ҰҚШҰ елдері Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ бағыттарындағы сын-қатерлерге жауап беруге мәжбүр. 2021 жылғы әскери оқу-жаттығулар антитеррористік бағытта ұйымдастырылып, жауынгерлік дағдыларды жетілдіруге және ҰҚШҰ қорғаныс әлеуетін арттыруға бағытталған.

Тәжікстан Республикасының аумағында өтетін "Мызғымас бауырластық-2021" бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығулары маңызды шараға айналмақ. Бұл шара ҰҚШҰ Ұжымдық күштерінің түрлі компоненттерін даярлауды біріктіретін болады.

Орталық Азия аймағындағы оқу-жаттығулар кезінде Ұжымдық күштер тобы алдын ала жоспарға сәйкес ҰҚШҰ аумағына халықаралық террористік ұйымдардың содырлары кіруіне кедергі келтіріп, оқ-дәрі мен қару тасымалдау жолын кеседі. Одан кейін РФ аумағында ҰҚШҰ Бітімгерлер күшімен "Мызғымас бауырластық-2021" бірлескен оқу-жатығулары өтеді.

Сондай-ақ, Мәскеуде Ұйымның дағдарыстық әрекет ету орталығында ҰҚШҰ Бас хатшысының жетекшілік етуімен ұйымға мүше мемлекеттердің министрліктері және ведомсвтолары қатысқан бірлескен іскерлік "ойын" өтеді. ҰҚШҰ әскери дайындығы мен оқужатығулары үшін бұл шаралар тым көп емес пе?

Америкалық топтың Шығыс Еуропа бағытындағы шабуыл күшінің өсуі Беларусь пен Ресей үшін нақты қауіп-қатер болып отыр. Мұнда "Күшейтілген озық қатысу", "Атлантикалық батылдық" және Балтық елдерінің әуе кеңістігін қорғау миссиясында бір уақытта 12 мыңнан астам НАТО әскері жұмылдырылған.

Сонымен қатар, "Солтүстік" (Латвия), "Солтүстік-Шығыс" (Польша), "Оңтүстік-Шығыс" (Румыния) көпұлтты дивизиялар штабы құрылды. Румынияда көпұлтты корпустың штабын орналастыру бойынша келіссөздер жүріп жатыр. 2020 жылдың қарашасында Кентукки штанынан келген АҚШ құрлықтағы әскерінің 5-ші армия корпусы штабының жұмысы Польшада қайта жаңғыртылды. Литва қарулы күштерінің "Пабраде" полигонында Беларусь Республикасының мемлекеттік шекарасына жақын маңда америкалық танк батальоны орналастырылды.

НАТО барлау мүмкіндіктерін арттырап, ядролық әлеуетті соғыс жағдайында қолдануға дайын ұстап отыр.

НАТО қызметінің негізгі бағыттары Вашингтонның тікелей бақылауымен орындалады. Аййта кету керек, "ресейлік агрессияны ұстап тұруға" дайындық ұйымның барлық дерлік доктриналық құжаттарында бекітілген. Ақ үйдің сыртқы саясатының басты бағыты әскери күш қолдану арқылы әлемдік көшбасшылықты қамтамасыз ету екеніне күмән жоқ.

Орталық Азия аймағында ҰҚШҰ елдеріне негізгі қауіп-қатерлер террористік исламшыл топтар тарапынан болып отыр. Генерал-полковник Анатолий Сидоровтың айтуынша, "Талибан" қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым) қатарындаға содырлар саны  70 мыңға жуықтайды және олардың шамамен 15 мыңы Тәжікстан мен Өзбекстанға іргелес солтүстік аймақтарда әрекет етеді. Тәлібтер Ауғанстан Ислам Республикасының ауқымды бөлігін бақылауда ұстап, елдің қазіргі билігін құлатуға және "Ауғанстан Ислам Эмиратын" қайта құруды көздейді.

Аймақтағы қауіпсіздікке "Ислам мемлекетінің" Ауғанстандағы филиалы – "Вилаят Хорасан" (Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым) да қауіп төндіруде. Оның құрамында 4 мыңға жуық содыр бар. Бұл жасақтар шығыс және солтүстік провинцияларда аса белсенді. Лаңкестер Тәжікстан және Пәкістанмен шекаралас аудандарға бақылау орнатып, ыңғайлы плацдарм құруды және одан әрі Орталық Азия мемлекеттерін басып алуды көздейді.

Ауғанстанда сонымен қатар "Өзбекстан ислам қозғалысы", "Әл-Каида", "Шығыс Түркістанның ислам қозғалысы" террористік топтары бар. Оның құрамындағы содырлар саны барлығы 2 500-ге жуық.

Кавказ аймағындағы ұжымдық қауіпсіздікте Грузияның НАТО-мен әскери ынтымақтастығының артуы, өңірдегі АҚШ-тың әскери қатысуы байқалады. Жақында Брюссельде өткен кездесулер нәтижесінде ел билігі мен Солтүстік Атлантикалық Альянс "НАТО – Грузия шараларының маңызды пакеті" толықтырылды. Тараптар 2021 жылы бірлескен жедел және әскери дайындық іс-шараларын арттыру жөнінде келісті.

0