"Біз бұл балалардың қолынан бәрі келетінін дәлелдегіміз келеді", - дейді татарстандық жаттықтырушылар Тимур Хабибуллин мен Радик Гизатуллин.
Олар балалардан таэквондоға мұндай қызығушылықты күтпепті.
"Бұл балалар үшін спорт ерекше нәрсе" дейді олар. Тимур мен Радик өз шәкірттерінің жетістіктеріне таңғалғанын мойындады.
Қазір Татарстандағы бірнеше мектепте тегін сабақтар өткізіледі, жаттығу алаңдарымен оқу орындарының өздері қамтамасыз етеді.
Толығырақ видеодан көріңіз.
Темір тордың ар жағындағы әйелдер мереке қарсаңында өздері мерекелік кеш ұйымдастырады. Қазір мұнда 460-қа жуық әйел жазасын өтеп жатыр. Sputnik Қазақстан тілшілері әйелдер түрмесіне барып, олардың мерекеге дайындығын көріп, әйелдермен әңгімелесті.
Осыдан біраз уақыт бұрын Наталья өзін абақтыда отырамын деп ойламаған. Себебі 18 жыл бойы құқық қорғау органдарында қызмет етті. Заң мен тәртіпті сақтап жүргеніне сенімді болды. Ал қазір екі жыл тергеу изоляторында, бес ай түрмеде отырғанына қарамастан өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуден үміт үзбей келеді. Ал үйінде екі баласы мен егде жастағы анасы күтіп отыр.
"Мені алты және сегіз жастағы екі кішкентай балам күтіп отыр. Анам 64 жаста. Олар менің отбасым. Мен түрмеге түскелі күйеуіммен ажырастық. Өмірімде осындай жағдай да болды. Көптеген ер адам осылай оңай беріле салады", - дейді Наталья Кандолова.
Ботагөз Бахарова өзінің екінші қызын осы жерде Жауғашты колониясында дүниеге әкелді. Үш жасқа дейін нәресте анасымен бірге балалар қалашығының аумағында болған. Әрине, еркіндіктегідей болмаса да, оның сөзінше, сәбиінің жанында үш жыл тез өтіп кетті.
Бір сәт қабырға сыртындағы өмірге оралу: түрмедегі әйелдер көктемді қалай қарсы алады
"Бала ол бала. Сотталушының немесе кімнің баласы екені маңызды емес. Сондықтан карантин жариялап, балалар қалашығын жаптық. Балалар аналарымен бірге сол жерде тұрады, сол жерде тамақтанады. Тұрмысқа қажет барлық жағдай жасалған. Ол жаққа бір жасақ басшысы мен шектеулі қызметкерлер кіріп-шығады. Яғни, балалар қалашығының басшысы – балалар дәрігері, медбикелер мен бала күтушілер кіреді. Бала күтушілер – тәрбиешінің білімі бар үш әйел", - деп түсіндірді ЛА 155/4 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Гүлжәмилә Байтемірова.
Жауғашты түрмесіндегі әйелдер қандай қылмыс жасағанына қарамастан балаларға ерекше қарайды. Бірі қолында бар тәттісін берсе, бірі қамқорлық көрсетеді.
Ресейдің Переславль-Залесский қаласында әскери қызметші әйелдерге арналған "Макияж под камуфляж" сайысы өтті.
Калашников автоматымен жұлдыз болып көріну үшін қалай бояну керек?
Ұлы Отан соғысының қатысушылары әскери музыканттарға қалай алғыс айтты?
Ал Қазақстанның қорғаныс министрі әйелдерді жылдағы дәстүрге сай құттықтады.
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында үш қызды дүниеге әкелді.
Шала туған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды. Бүгінде нәрестелерді №1 облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері бақылауға алған, деп хабарлады Otyrar.kz.
"Үш қызымның рақатын көрейін енді. Үйімде тағы екі ұлым мен екі қызым асыға күтіп отыр. Мереке қарсаңында босанып отырмын. Осы орайда ақ халатты әйелдер қауымын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дәрігерлерге мың алғыс", – дейді көпбалалы ана.
Жаңа туған сәбилерге Жания, Рабия, Сания есімдері берілді.
Ақ халаттылардың біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтарды анасы бауырына басты. Себебі жеті жарым айлық нәрестелердің өкпесі дұрыс дамымаған, бәрі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Балаға берілетін жәрдемақы - 2021: кімге, қалай және қанша төленеді?
Айта кетейік, жыл басынан бері орталықта 1571 бала дүние есігін ашқан. Олардың 38-і егіз болса, екеуі үшем.