Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізе ме

78
Эстония Еуроодақты Ресейге қарсы санкциялардың тиімді саясатын әзірлеуге шақырды. Эстондық депутаттардың пікірінше, бұл Мәскеудің "өз көршілеріне қатысты агрессиялық сыртқы саясаттан бас тартуға" мәжбүрлеу үшін қажет

Мәскеудегілер эстондықтардың бұл мәлімдемесін сандырақ деп атап, мұндай үндеулердің өзі "агрессиялық саясаттың айқын үлгісі" екенін еске салды.

Еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррельдің Мәскеуге сапарынан кейін Брюссельде антиресейлік жаңа санкциялар жайы талқылана бастады. Бұл жолғы текетірес неге алып келуі мүмкін? Видеодан көріңіз.

78

Қазақстандағы зергерлік саланың жағдайы туралы онлайн-конференция өтті

17
(Жаңартылды 11:56 26.02.2021)
Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында зергерлік бұйымдар сатылымының төмендеуімен бетпе-бет келген зергерлік саланың дамуы туралы онлайн-конференция өтті

Кездесуде Қазақстан зергерлер лигасының өкілдері бизнесті қолдау амалдары мен қазақстандықтардың сұранысы қалай өзгергені туралы әңгімеледі.

Конференция қонақтары:

- Қазақстан зергерлер лигасы кеңесінің басшысы Қайсар Жұмағалиев

- Лига өкілі зергер Таймас Мұкашев

17

Екі шақырым жүгірді: полицей боранда көлік колоннасына жол көрсетті видео

38
(Жаңартылды 10:15 26.02.2021)
Қостанайда патрульдік полиция қызметінің инспекторы автокөлік колоннасын қарлы бораннан аман алып шықты

Амантай Байжанов қолайсыз ауа райы кезінде көлік колоннасының алдында екі шақырым бойы жүгіріп, жүргізушілерге жол көрсетті.

Полиция қызметкерінің айтуынша, ол өзінің серіктесімен бірге кезекші бөлімге түскен хабар бойынша оқиға орнына шыққан. Қалаға қайтар жолда боран үдей түсіп, жол көрінбегендіктен көлік кептелісі болған.

"Біз көлікпен айналып өтуге тырысқанымызбен, ондай мүмкіндік болмады. Себебі, кез келген сәтте жолдан шығып кетуің ықтимал. Содан соң көліктен түсіп, жүгіріп жүріп жол көрсетуді жөн көрдім", – деп еске алады Байжанов.

"Жүгірген кезде суықты онша сезінбейсің", – дейді ол күлімсіреп.

Интернетте тараған видеоны көлік колоннасының басында жүрген жүргізуші түсірген. Кадрда жасыл-сары түсті жилет киген инспекторды жел ұшыра жаздаған сәт пен алдыңғы әйнек қармен қалай жабылғаны көрінеді.

38
Кілт сөздер:
қарлы боран, полицейлер
Жауынгерлер

1 наурызда әскерге шақыру басталады министрлік негізгі өзгерістерді жариялады

0
Әскерге шақыру барысынан хабардар ету процесін автоматтандыру мақсатында биыл пилоттық режимде SMS-хабарламалар тарату жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақыру шараларын өткізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас штабтың ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы Сәкен Жүсіповтің айтуынша, көктемгі әскерге шақыру науқаны 1 шілдеге дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде 18 бен 27 жастағы 13,5 мыңнан астам адам әскерге жіберіледі деген жоспар бар. Пандемияға байланысты сақтық шараларына баса назар аудырылады.

Сонымен қатар, халықпен тікелей қарым-қатынасты азайту әрі көктемгі әскерге шақыру барысынан хабардар ету процесін автоматтандыру мақсатында пилоттық режимде мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті азаматтарға SMS-хабарламалар тарату жоспарланып отыр. Хабарламалар "1414" арқылы жіберіледі.

Департамент бастығының айтуынша, әскерге шақырылғандар ПТР-тесттен өтіп, коронавирусқа қарсы вакцина да салынады.

"Әскерге шақырылатындарға ПТР-тест екі рет жасалады. Біріншісі – әскери жиын пунктінде, ал екіншісі – әскери бөлімдерде жүргізіледі. Ал оларға вакцина егу жеке құраммен бірге қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылатын болады", – деді Жүсіпов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда департамент басшысы әскери міндеттіліктен жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жазаның бар екенін еске салды.

"Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мәселелерін ақша үшін көмек көрсетуге уәде беретін адамдар арқылы шешуге әрекет етпеңіздер. Олар – алаяқтар. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруды онсыз да беруге болатынын біле тұра, халықтың хабарсыз екенін пайдаланып, ақша алуға тырысатындар жоқ емес. Ондай жағдайда сыбайлас жемқорлық жағдайлары бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге немесе сенім телефонына хабарласу қажет", – деп атап көрсетті Жүсіпов.

Қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Бүгінде заң бойынша әскерге шақыруды бірнеше жағдайда кейінге қалдыруға болады. Олар:

  • отбасы жағдайына байланысты;
  • білімді жалғастыруға;
  • денсаулыққа байланысты.

Бұдан бөлек, педагог мамандарға да әскерге шақыруды кейінге қалдыруға мүмкіндік беріліп отыр.

Оқи отырыңыз: "Біз емес, коронавирус кінәлі": Қазақстанда әскерге шақыру қалай жүріп жатыр

Айта кетейік, 8 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару, сондай-ақ, 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.

0
Кілт сөздер:
әскерилер, әскери борыш
Тақырып бойынша
Дабыл бойынша көтерілді: қазақстандық әскерилер тауда құтқару операциясын бастады
Әскерилер коронавирус індетімен күресуге қауқарлы ма?
Тоқаев дезинфекция жасап жүрген жігітті таныды - видео
Президент әскерилер мен полицейлерді марапаттады
Әскерге шақыру басталды: полковник күзгі науқан несімен ерекшеленетінін айтты