Америкалықтар АҚШ-тың бұрынғы президентінен кек алудың жаңа әдісін тапты видео

94
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың көршілері оны "Мар-а-Лаго" резиденциясынан шығарып жібергісі келеді. Тұрғындардың пікірінше, Трамптың бұл жерде тұрақты тұруға құқы жоқ және өзіне жаңа үй табуы керек

Трамп Флоридадағы Палм-Бич қаласында орналасқан жекежайды 1985 жылы сатып алған.    

Кейінірек Трамп "Мар-а-Лагоны" жеке гольф клубына айналдырды, ал президент болғаннан кейін бұл орын АҚШ президентінің жазғы резиденциясы деген бейресми титулға ие болды.

Президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін Трамп зәулім үйге қайта оралды. Неліктен көршілері Трампты шығарып жібергісі келетінін және бұған АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Майк Пенстің қандай қатысы бар екенін видеодан көріңіз.

94

Пашинянның мәлімдемесінен кейін Арменияда не болды - видео

91
Армения оппозициясы елдің премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етуде

Бірнеше күн Еревандағы Бостандық алаңында палаткалар бой көтеріп, наразылық білдірушілер парламент ғимаратының алдында түнеді. Пашинянның "Искандерлер" туралы мәлімдемесінен кейін қазіргі биліктің саясатына деген наразылық шарықтау шегіне жеткен секілді.

91

Қазақстандықтар кімге және не үшін алғыс айтады - видео

67
1 наурыз Қазақстанда Алғыс айту күні тойланады. Бұл мерекеде елдегі түрлі этнос өкілдері бір-біріне және қиын-қыстау шақта құшақ жая қарсы алған қазақ халқына алғыс айтады

Ұлттық күнтізбедегі дата алғаш рет 2016 жылы аталып өткен еді. Sputnik Қазақстан тілшіcі қазақстандықтардан көктемнің алғашқы күнімен қандай мереке тұспа-тұс келетінін сұрап, олардың кімге және не үшін алғыс айтатынын біліп қайтты.

67
ЕуроОдақ туы

Еуропада вакциналау сертификаты енгізіледі

0
Солтүстікатлантикалық Pfizer/BioNTech, Moderna, AstraZeneca үштігіне қатысты бюрократиялық кедергілер болмауы керек. Алайда, Ресей мен Қытай вакцинасына қатысты қиындықтар бар

ЕО дипломатиялық ведомстволары басшыларының селекторлық кеңесінің қорытындысы бойынша сөз сөйлеген фрау канцлерин Ангела Меркель вакциналау сертификатын енгізу қажеттілігі туралы келіскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай сертификаты жоқ азаматтарға ЕО аумағына кіруге тыйым салынады.

Әзірше тек сөз жүзінде келісім бар. Жоба шамамен үш айдан кейін талқылауға ұсынылады, деп хабарлайды РИА Новости.

Негізгі мәселе – вакциналауға қарсы көрсетілімі бар адамдардың жайы не болмақ? Уақытша қарсы көрсетілімдер жайы түсінікті. Мысалы, жақында ғана коронавирусты инфекциямен ауырып шыққан болса. Мұндай жағдайда біршама уақыт өтуін күтіп, содан кейін ғана екпе салғызу керек болады. Алайда, созылмалы ауруы бар адамдар ше?

Іс мұнымен де бітіп тұрған жоқ. Қазір әлемде вакцина көп. Оның саны арта түсетіні анық. Сонда ЕО серификатын алу құқығы нақты қай препараттарға беріледі?

Солтүстікатлантикалық Pfizer/BioNTech, Moderna, AstraZeneca үштігіне қатысты бюрократиялық кедергілер болмауы керек.

Бірақ, ресейлік ("Спутник V" және "ЭпиВакКорона") және қытай (Sinovac Biotech, CanSino Biologics, CNBG — Sinopharm) вакциналарына қатысты біршама қиындық туындайтын секілді. Олар өте жоғары деңгейде тиімді әрііаурудың жалғыз емі болса да, брюссеельдік бақылау органдарымен мақұлданбаған. Сондықтан, осы екі елдің препаратын салғызған азаматтар шекарадан асуы үшін қажетті сертификатқа қол жеткізбеулері ықтимал.

Осы тұста вакцинаның әлемдегі адамдарға тиімділігі емес, оның саяси маңызы жоғары тұрғаны анық. Ал, жаһандық мәселеге саясат араласқан кезде, оның ақыры ешқашан жақсылыққа алып келмеген. Осы сияқты жағдай "Солтүстік ағын – 2" жобасының төңірегінде де белең алып жатыр. Вакцинасы альянс аумағында мойындалмаған елді дәл осы вакцина арқылы қыспаққа алу мүмкін болса, ЕО мұны қалт жібермеуге бел буды.

Жақында ғана Еурокомиссия басшысы Усула фон дер Ляйеннің мәлімдемесі де осыған сәйкес келеді: "Ресейдің кокронавирусқа қарсы вакциналау стратегиясы ақылға қонымсыз. Басқа елдерге вакцинаның миллиондаған дозасын ұсынып отырған Ресей неге өз халқын екпемен толық қамтамасыз ете алмай отыр? Неге өз тұрғындарын вакциналауда тиісті ілгерілеу жоқ? Бұл сұраққа жауап беру керек".

Тиісті ілгерілеу деп нені меңзеп тұрғаны белгісіз. Оның үстіне, ілгерілеу мүлде байқалмайтын Еуропа бұл жайында сөз қозғауы қаншалықты орынды? Әйтпесе, Венгрия "Спутник" вакцинасын сатып алмас еді. Чехия, Австрия, Италия да осы ойда болмас еді.

Сол себепті, елге кіру визасына рұқсатнама ретінде қай вакциналар айқындалатыны туралы дау әлі талай ақиқаттың бетін ашатын секілді.

0