Кеңес одағы кезінде ауылда шамамен 60 отбасы тұрған. Басым бөлігі қазақтар болған. Кейінірек халық келешегі жоқ ауылдан жаппай көше бастайды. Үйлер қирап қалған. 2009 жылы қабырғасы бүтін қалған жалғыз үйді Рахметжан Құсайынов сатып алып, ауылға мал айдап кіргізген.
Бүгінде Құсайыновтың Дүйсетай ауылында фермасы бар. Шаруашлықта вахталық әдіспен бір сауыншы және екі бақташы жұмыс істейді. Олар Москаленск ауданын ет және сүтпен қамтамасыз етіп отыр. Толығырақ видеодан көре аласыздар.
Көптеген елде локдаун жариялануда. Италияда демалыстарда коменданттық сағат енгізіледі. Грекияда ауру жұқтырғандар саны күрт өсті.
Адамдарға "қызыл" аймақтағы аудандардан шығуға тыйым салынды. Үйден тек шұғыл жағдайда ғана шығуға рұқсат етіледі.
Эпидемиологиялық ахуал Нидерланды, Франция, Чехия, Швецияда да нашарлады.
Еуропалық вакциналар неге көмектеспейді? "АстраЗенека" Испания мектептері мен өрт сөндіруші қызметтердің жұмысына қалай кедергі келтірді? Ресейлік препаратқа неге сұраныс жоғары?
Алматылық қыз-келіншектер гүл мен көңіл бөлу ең басты сыйлық деп санайды. Арасында қандай сыйлық алғысы келетінін әлі ойланбағандар да бар.
Алайда ер адамдар алдын ала қандай сыйлық жасайтынын жоспарлап қойған. Бірі отбасылық дастарқан жасап, анасы мен қарындасын қуантамын десе, енді бірі жақындарына гүл сыйламақ. Арасында спортзалға абонемент беретіндер де бар.
Толығырақ видеодан көріңіз.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында көктайғақ, жаңбыр және бұрқасын, сондай-ақ тұман болады.
Атырау облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.
Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ болжануда. Желдің күші секундына 20 метрге дейін барады.
Түркістан облысында қалың тұман түседі.
Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты жел болады.
Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ күтілуде.
Қарағанды облысында – тұман және көктайғақ.
Қызылорда облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.
Маңғыстау облысында да тұман және 15-20 м/с жел болжанып отыр.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады.
Батыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, тұман басады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында – қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ.
Қостанай облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде ауа температурасы -2-4°C, күндіз 0+2°C. Желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.
Алматыда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C көрсетеді.
Шымкентте ауа райы жауын-шашынды. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін барады, ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +7+9°C.