Ресей НАТО-ға қауіп төндіре ме: ресми өкіл жауабы видео

155
Америка Құрама Штаттары жау табуға шыдамсыз болып отыр, дейді Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова

Ол Пентагонның НАТО-ға Ресей қауіп төндіретіні туралы мәлімдемесіне осылай деп жауап берді.

Альянстың бас хатшысы Мәскеуді "ұстамды" болуға шақырды.

Оқи отырыңыз: Америкалықтар АҚШ-тың бұрынғы президентінен кек алудың жаңа әдісін тапты – видео

Алайда, бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіптің қайдан төнетінін бейнежазбадан тамашалаңыз.

155
Кілт сөздер:
қауіп-қатер, Ресей

Әйелдер арасындағы онкологияны анықтау әдістері онлайн-брифинг

21
(Жаңартылды 15:28 05.03.2021)
Ұлттық ғылыми онкология орталығының мамандары обыр ауруының диагностикасы және онкологиялық ауруларға қатысты Қазақстандағы жағдайды талқылап жатыр

Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында Ұлттық ғылыми онкология орталығы (ҰҒОО) өкілдерінің қатысуымен онлайн-брифинг өтіп жатыр.

Мамандар скринингтік тексеруден уақытылы өтудің маңызы, ағзадағы қандай өзгерістерге мән беру керек және пандемия онкологиялық аурумен күрес жүргізуге қалай әсер еткені туралы әңгімелеп жатыр.

Спикерлер:

  • Аждарова Нұргүл Қарымқұлқызы – ҰҒОО обыр ауруларын бақылау орталығының жетекшісі;
  • Құсайынова Индира Берікқызы – ҰҒЗО консультация-диагностикалау орталығының меңгерушісі;
  • Шәкірова Аида Фазылқызы – ҰҒЗО әйел денсаулығы орталығының меңгерушісі.
21

"Оны да менің атыма жазып қоймаңыздар": Путин зәулім сарай жайында қалжыңдады видео

68
Ресей басшысы Владимир Путин "Біз біргеміз" атты акцияға қатысушылармен кездесуде сұраққа жауап бере келе, "тағы бір сарай" жайында қалжыңдады

Әңгіме барысында "Біз біргеміз" бүкілресейлік өзара көмек акциясына қатысушылардың бірі Ресей басшысын жаңа оңалту және демалыс орталығының ашылуына қатысуға шақырды.

"Өте жақсы. Тағы бір сарайға ұқсайды екен, сондықтан барамын. Бірақ оны да менің атыма жазып қоймаңыздар", - деп жауап берді Путин.   

Бұған дейін оппозиционер Алексей Навальныйдың командасы президент 100 миллиард рубльге сарай тұрғызғаны жайлы фильм жариялады. Онда сарай Геленджикке жақын жерде, Қара теңіз жағалауында орналасқаны айтылған.

Путин фильмде көрсетілген мүліктердің ешқайсысы өзіне және туыстарына тиесілі емес екенін мәлімдеді.

68
Вакцина, коронавирус

Ресейде "Спутник Лайт" вакцинасының кезекті сынағы аяқталды

0
Вакцинаның "лайт нұсқасы" негізінен инфекция белең алған эпидемиялық ошақтары бар сыртқы нарыққа арналған. Ал Ресей бұрынғыдай "Спутник V" вакцинасын қолдана береді

РФ Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Ресейде "Спутник Лайт"вакцинасының клиникалық зерттеулерінің екінші кезеңі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости

"Қазір ол мәліметтер сарапшылардың бағалауына жолданды", - деді ол журналистерге. 

Зерттеулердің үшінші кезеңін жүргізуге арналған рұқсат қолда бар. Ол құжатты ақпан айының соңында берген болатын. Бұл зерттеу плацебо қолдану арқылы екі топқа жүргізіледі. Зерттеу жұмыстары 2022 жылдың 28 ақпанына дейін аяқталуы керек. 

"Спутник Лайт" вакцинасы Ресейдің тікелей инвестициялар қоры Гамалея орталығымен бірлесіп әзірлеген "Спутник" препараттар тобына жатады. Бұл вакцина адамның жақсы зерттелген аденовирусты векторлары платформасында әзірленген. 

РТИҚ басшысы Кирилл Дмитриевтің айтуынша, вакцинаның "лайт нұсқасы" негізінен инфекция белең алған эпидемиялық ошақтары бар сыртқы нарыққа арналған. Ал Ресей үшін бұрынғыдай "Спутник V" вакцинасын қолдана береді. 

Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург осы елдерде "Спутник Лайт" вакцинасын қолдану арқылы ауру жұқтыру деңгейін төмендетіп, жергілікті денсаулық сақтау саласына түскен жүктемені азайтуға болады. Вакциналаудан кейінгі иммунитет шамамен 3-4 ай сақталады. Ғалымның айтуынша, екпе тиімділігі 85%-і құрайды. 

Вакциналау бойынша тек бір ғана екпе, яғни, "Спутник V" препатанының бірінші компоненті салынады.

Сондықтан, антиденелердің түзілу уақыты да қысқа болады. Екпе алған адам коронаиврус инфекцциясын жұқтырған жағдайда да ауру ауыр түрде болмайды.

Себебі, вирус қоздырғышы өкпеге қарай өте алмайды. Бұл қорғанысты ұзарту үшін үш айдан кейін вакцинаның екінші компонентін салдыруға болады.

0
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина